–
Ол батыр болған;
– Ұлжан ұқты;
– Менің сөйлескім келеді;
– білгіңіз келсе айтайын – дегенде бастауыш та, баяндауыш та жақ
жағынан байланысқан. Бастауыштары IІІ, І жақта болса, соған сай батыр
болған, ұқты, сөйлескім келеді, айтайын баяндауыштары да сол жақта
айтылған. Бұл сияқты жақ, сан жағынан байланысу негізінде етістікке тəн екені
белгілі.
Енді “Абай жолы” роман-эпопеясынан мына сөйлемдерді талдап көрейік:
1. Менің тап бүгінгі күйім де, туысым да осы жер.
2. Əсіресе өзінің ең ыстық көрген өзені – Қарауыл.
3. Көктемде Қодарды асып өлтірген жер осы
4. Бұл көріністегі Оспан Тобықтының бүгінгі ортасында ешкімге
ұқсамаған, алып батырдай
5. Балуандар бəйгесі де сондайлық тоғыз-тоғыздан.
Осы сөйлемдерде:
Менің күйім де, туысым да – жер.
Өзінің ең ыстық көрген өзені – Қарауыл.
Қадырды асыпөлтірген – жер осы.
Оспан Тобықтының бүгінгі ортасында.
Осындағы жер, Қарауыл, осы алыпр батырдай, тоғыз-тоғыздан.
Баяндауыштары өз бастауыштарымен жоғарғы сөйлемдердегідей жақ-
жағынан қиыса байланыспаған. Бұл мысалдардағы сөйлем баяндауыштарының
ешқайсысын да бастауыштарымен байланыстыратын форма жоқ. Сонда ондай
есімді бастауыш пен есімді баяндауыштың байланысы өзара бірге айтылғанда,
яғни контексте ғана байқалады. Осының негізінде мұндағы предикаттық
қатынас бастауыш, баяндауыштың қатарласа қолданылуы арқылы ғана көріне
алады. Бұл предикаттық қатынас көбіне интонация арқылы да жүзеге асады.
Əсіресе, ондай есімді сөйлем: Анау- ғимарат, мынау – мектеп сияқты бұрын
анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі енді есімді сөйлемге айналуда
предикаттық қатынастың қалыптасуына əкеліп соғады. Осы мəселе жөнінде
36
Э.В. Севортян: «Исторически предикативные отношения развивались и даже
еще сейчас развиваются так же из атрибутивных отношений на почве
грамматического их переосмысления, в результате чего атрибутивное
сочетание распадается на подлежащее и сказуемое» [19, 7 б.] – деп
анықтауыштық қатынастардан предикаттық қатынастардың тарихи дамуы мен
қазіргі дамуынан бастауыш пен баяндауыштың бөлінуін көрсетеді. «Бұл –
оқушы (қандай оқушы) (түрі енді есімді сөйлемге айналғанын көрсеткен.
Жоғарыда біз орыс тіл білімі, түркология, қазақ тілі грамматикасы бойынша
есімді сөйлемдер туралы мəліметтер келтірдік. Осы тұжырымдар бойынша
мынадай қорытынды жасауға болады. Біріншіден, есімді сөйлемдер де етістікті
сөйлемдер сияқты мойындалған мəселе. Екіншіден, есімді, етістікті сөйлемдер
де коммуникативті мағынасы бар сөйлем түрлері. Үшіншіден, етістікті
сөйлемде етістік сөз табы, оның ішкі категориялары ғана қатысатын болса, ал
есімді сөйлемдердің аясы, жасалу жолдары əр түрлі.
Есімді сөйлемдердің баяндауыштары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік
сөз таптары, олардың ішкі категориялары арқылы жасалады. Сондай-ақ, «бар»,
«жоқ» сөздері кейде керек сөздері де осы топқа жатады. Ал тұрақты тіркесті
баяндауыштардың етістікке де, есімге де жататыны белгілі. Сонымен есімді
сөйлемге:
- Зат есім: оның нөлдік, көптік, тəуелдік, септік жалғауларда, сол сияқты –
нікі –дікі –тікі қосымшалы түрі жəне кейде зат есімдерге көмекші сөздердің
түйдектелу түрлерін де қарастыруды мақсат еттік.
- Сын есім: сын есімнің сапалық та, қатыстық та, түрлі шырай түлерін де
алдық.
- Сан есім: барлық түрі алдында.
Ал енді есімді құрмалас сөйлемнің етістікті құрмалас сөйлемнен негізінде,
коммуникациялық жағынан еш айырмашылыы жоқ. Екеуі де кемінде екі жай
сөйлемнен құрала отырып, күрделі ойды жүзеге асырудың үлкен құралы. Есімді
құрмалас сөйлем мен етістікті құрмалас сөйлемнің негізгі айырмашылықтары
тек олардың баяндауыштарының жасалуында. Етістікті құрмалас сөйлемдердің
баяндауыштары тек етістік сөз табы жəне оның категориялары арқылы, яғни
шартты рай, есімше, көсемше, жіктік жалғаулы түрлері арқылы жасалып, олар
салалас, сабақтас жəне аралас құрмалас сөйлемдерді жасауға қатысады. Ондай
кезде етістіктер түрлі тұлғаларда тұрып, салаластың екі сыңарына да,
сабақтастың екі сыңарына да қатыса жұмсалады. Сондай-ақ етістіктер құрмалас
сөйлемдердің баяндауыш қызметінде:
1) тиянақты түрде, барлық салалас құрмалас сөйлемдер жəне сабақтас
құрмаластың басыңқы сыңарында ғана кездеседі.
2) тиянақсыз түрде, етістіктер тек сабақтас құрмалас сөйлемдердің
бағыныңқы сыңарында ғана жұмсалады. Алғаш рет түркологияда есімді сөйлем
туралы А.П. Поцелуевский пікір қозғаса, қазақ тіл білімінде профессор
М. Балақаев етістікті, есімді деп бөлді. Осылайша қазақ тілінде есімді
сөйлемдердің бір түрі пайда болып, К.Қ. Оңалбаева, Б. Елікбаев оны арнайы
зерттеу объектісі етіп қарастырды.
37
Б. Елікбаев өз еңбегінде есімді сөйлемдерді үлкен екі топқа бөліп
қарастырып, бұрынғы жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердің негізгі базасы
негізінде қалыптастырады. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдерді қарастыру
барысында:
1. Жай сөйлемді:
а) есімді жай сөйлем
ə) етістікті жай сөйлем
2. Құрмаласты:
а) есімді құрмалас сөйлемдер
ə) етістікті құрмалас сөйлемдер деп бөлу принципі болмағаны белгілі.
Жылдан жылға ғылым дамып, бұрын тек етістікті сөйлемдерге назар
аударылса, енді есімді сөйлемдерге де назар аударыла бастады. Осының
негізінде енді құрмалас сөйлемдерді:
а) есімді құрмалас сөйлемдер,
ə) етістікті құрмалас сөйлемдер деп бөліп, енді есімді құрмалас
сөйлемдердің баяндауыштарының тек есімдерден:
а) зат есім
ə) сын есім
б) сан есім
в) есімді сөз таптарынан болуы ғана сөз болады.
Сонымен, есімді құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары зат есім, сын
есім, сан есім, есімдік сөз таптарынан жасалады екен. Сондай-ақ есімді
құрмалас сөйлемдер:
а) зат есім + көмекші етістік;
ə) сын есім + көмекші етістік;
б) сан есім + көмекші етістік;
в) есімдік + көмекші етістік арқылы да жасалады.
Баяндауыштың мұндай түрлерін құрама баяндауыш деп атайды [17]. Осы
құрама баяндауыштардың негізгі мағыналық сыңарлары зат есім, сын есім, сан
есім, есімдік сөз таптары. Олар үнемі дербес мағынада болып, ал көмекші
етістіктер оларға түйдектелу барысында шақтық мағына үстейтіні мəлім. Кейде
зат есім, сын есім, сан есім, есімдерге модаль сөздер, тіпті шылаулар да
түйдектеліп келуі де есімді сөйлемдерді құрайды. Түркологияда ең алғаш рет
А.П. Поцелуевский «бар», «жоқ» сөзді сөйлемдерді де есімді сөйлемдерге
жатқызса, ал қазақ тіл білімінде профессор М. Балақаев «бар», «жоқ» сөзді
баяндауыштарды не есімді, не етістікті баяндауыштарға қоспайды, оларды өз
алдына бар, жоқ, сөзді баяндауыштар деп атайды [1].
Енді есімді сөйлемдердің жасалу түрлерін көрсетсек:
а) зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз таптары арқылы;
ə) субстантивтенген сөз таптары арқылы;
б) үстеу, модаль сөздер қатысты баяндауыштар;
в) құрама баяндауышты түрі арқылы;
г) бар, жоқ сөздері арқылы.
Құрмалас сөйлемдерді бұрыннан:
38
1. Салалас, сабақтас, аралас түрлеріне бөлеміз.
2. Олардың əрбір сыңары туралы ғана, яғни тиянақты, тиянақсыз сыңары,
негізінен етістікті баяндауышы туралы ғана бұрынғыдай, салалас, сабақтас,
аралас құрмалас сөйлем деп топтай келіп, енді міндетті түрде олардың
баяндауыштарының тек есімдерден болуына да назар аударылды. Егер есімді
жай сөйлемде баяндауыштарының жасалуына көңіл бөлсек, ал есімді құрмалас
сөйлемде осы принципті басшылыққа аламыз. Етістікті құрмалас сөйлемдерде
баяндауыш қызметінде етістіктер есімше, көсемше, шартты рай, т.б. түрінде
келеді. Ал есімді құрмалас сөйлемнің баяндауышы қызметінде олар да өзіндік
морфологиялық өзгерістерге ұшырайды.
1. – Бірі – жас жалынды Тоғжан
Достарыңызбен бөлісу: |