52
осы колхоз жұмысшыларының
оттары. Жерді от, аспанды жұлдыз безеп, əлем
бүгін
өзгеше сəнді. Толған ай
танадай боп, жер мен көктің қабысқан жерінде
тұр. Батыстағы қызыл шапақ бозғыл тартып, шығысқа қарай жылыстап барады.
Ауыл жанындағы өзен, аржағында Жауыртау тұңғиық сыр басқандай, түнере
түскен. Колхоз үйлері
тып-тыныш, көшесінде қыбыр еткен жан жоқ.
Ырысжаннан өзгесі қайтпапты. Мүлгіген тыйыштықта дамыл-дамыл
тоқылдағын қағып Мəмет отыр. Жанат жай басып, колхоз кешін байыпты
көзінен өткізіп келеді. Бағанағы ауыр ой серпілген. Тұнық əуені сіміре жұтып,
енді ойын əдемі сезімдерге билетіп келеді...
Мектепке жетті. Оқытушылар бөлмесінде, оқытушылар күтіп отырған.
Əңгімелері есік сыртынан естілді. Мұндағы əңгіме де жоспар орындау
жайында. Бірақ,
шаруашылық жоспары емес, одан əлдеқайда қиын,
адамшылық
жоспары. Жас ұрпақтың кішкене көкейіне үлкен дүниені қондыру
– ғылыммен қоса өзгеше шеберлік, сезгірлік, сарқылмайтын сабыр тілейді екен.
Мұғалімдердің өңінен, сөз, мінезінен осы байқалады. Жанат жалықпастан əр
кластың балаларын бас-басына жеке тексерді. Əр баланың бойына алуан түрлі
қасиет ұрықтары егілген. Бұл ұрықтар жылдар бойы ұқыпты мұғалімнің
мəпелеуімен өседі, ұқыпсыздықтан өшеді. Сондықтан, əр мұғалім өзі баққан
баласының қылықтарын қылға тізе айтып отыр. Тəрбие еңбегі көңіл тоярлықтай
өнім беріпті. Екінші жылға қалатын бала
жоқ. Көпшілігі «жақсы», «Өте
жақсы», азшылығы «орташа» деген бағамен келген. Бірақ, жуас Жантастан
туған Төлеубек сотқар шығып, мұғалімдерді бір тұйыққа тыққандай боп тұр.
- Терезеден секірді, - дейді мұғалімнің біреуі.
- Сыя шашты.
- Ақырғы сабақта болмады.
- Бір баланың көйлегін жыртты.
- «Екісі»
бар еді, «бірді» қосты, деп өзгелері қостайды.
Кішкене Төлеубек ырық бермей бара жатқан соң мұғалімдер əкесін де
шақырған. «Бақылаусыз бала үйдегісін мектепте де істейді» дегенде,
Жантас
кірерге жер таппаған. Содан былай мықтап-ақ ұстап еді, бала бұрынғысынан
бұзыла түсті. Қазір əке де, мұғалім де дағдарған сияқты. Жанат қана үміт үзген
жоқ.
- Біз білмейтін сыр
бар. Табу керек, - дейді.
Осы сырды іздеп Жанат мектептен шыққан соң жолындағы Жантастікіне
соқты. Жантас əлі жатпаған, төмен қарап тұнжырап отыр екен. Əйелі дала
жұмысында. Төлеубек көрінбейді. Жанат:
- Төлеубек
қайда? – деп еді. Жантас:
- Қашып жүр, - деді де күрсінді.
- Неге қашады?
- Ұрдым.
- Неге ұрасыз?
- Ұрмағанда қайтейін! Алақаныма салып өсірдім. Ішпегенін ішті,
кимегенін киді. Кенже болған соң тіпті бетінен қаққам жоқ. Əйтеуір жақсы оқы
шырағым дедім. Жақсы оқығаны
сол, сүйекке таңба салды... - Осы тəрбиеңіздің
53
бірі
дұрыс емес, - деді Жанат. – Ол əлден каракуль киеді. Өскенде не киеді?
Əлден ақша ұстайды? Өскенде не ұстайды? «Алақанға сап асырапсыз», өмір
алақанына сала бере ме? Балаға оның бəрінен де күшті əсер еткен ата-ананың
мінезі ме деймін. Екеуіңіз де өз
жұмысыңыздан өзгені елемейтін, тұйық
адамсыздар. Ең ашынғанда баланы арқаға қағып сүйесіздер.
- Құдайдың берген мінезі ғой, шырағым, - деп Жантас қынжылғанда,
Жанат қоса қынжылды:
- Кім берсе де өзгертіңіз сол мінезді. Алдымен ұруды қою керек. Əкелік
достықтан, жолдастық достық
күшті болсын. Жас адамның жаны сергек, гүл
іздеген көбелектей шарқ ұрады. Сонда серік болған əкенің баласы, əрдайым
өзінікі.
- Мына балам неге өйтпейді? – деді Жантас, ұйықтап қалған үлкен баласын
нұсқап.
- Бір анадан туған бала бір қалыптан шыққан
кірпіш емес. Түрлі-түрлі бола
береді. –Апыр-ау, жұмысты қойып, соны бағамыз ба енді?
-Жұмысты да тастамаңыз. Бала керек болса, уақыт та табыңыз.
-Уақытым жоқ! - деп ызалы Жантас бір қозғалды орнынан. – Ол енді
ұрлыққа, өтірікке айналысты. Кетсін кəпір!
–Сондайы да бар ма?
-Мұғалімдер айтқан соң
быйыл қолға мықтап алып едім, соны шығарды.
Мүлде ауып кетті. Ауған көңілге дүние салмақ па? Бездім, шіріген жұмыртқа
бір. Төлеубектен Жантас қыйын соқты».
Біз өз жұмысымызда М. Əуезовпен қатарлас жазушылар С. Мұқанов,
Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармаларынан тақырыптары жағынан жақын
үзінді алып, баяндауыштарын талдағанымызда, М. Əуезов «Абай жолы» роман-
эпопеясында есімді сөйлемдерді молынан қолданғанына көз жеткіздік. «Абай
жолы», «Ботагөз», «Оянған өлке», «Миллионер» шығармаларынан көлемі
жағынан бірдей мəтіндерде, төрт шығармада да «түннің суреті», «кездесу»
тақырыптары əр жазушының қаламына сай суреттеліп берілген. М. Əуезовтің
стилінің ерекшелігі, шеберлігі туралы ғалым М. Қаратаев: «Абай эпопеясының
тілі бай, орамды... Əсіресе сол байлықты жазушының шығармада қолдану
шеберлігімен, яғни синтаксистік құрылысымен өлшенеді. Осы жағынан
алғанда, Мұхтардың шеберлігі ерекше.
Оның өзіндік, тек Мұхтарлық,
қасиеттері атой беріп тұрады. Мұхтар тексінің кез келген жерінен түсіп
оқысаңыз, кімдікі екенін айтпай танисыз. Ол ерекшелік неде? Ол ең алдымен
Мұхтардың творчестволық амал-тəсілдерінің ерекшелігінде, яғни оның өзіне
тəн стиль ерекшелігінде. Біздің қазір қаламы төселген прозаиктеріміздің бəрінің
де өзіне тəн қалыптасқан стилі бар. Мысалы, кейбіреу жеңіл оқылатын сұлу,
ойнақы сөйлемдерімен,
ажарлы сырлы сөздерімен, афоризмдерімен,
əзілдерімен белгілі болса, кейбіреуі ойға, пікірге құрылған құнарлы, бірақ сырт
жылтырағы кем, оқуға ауырлау, домбал, шұбалаң сөйлемді, қарадүрсін, жалпақ
синтаксисімен, ал кейбіреуі диалогі басым, фразалары келте, тұжырымды,
мақал-мəтелдермен
сыналанған
оқиғалы,
қимылды
сөйлеу
тілінің
54
құрылыстарымен белгілі. Бұл стильдердің əрқайсысының өзіндік орны, өзінше
ұтымды жақтары бар, сондықтан мынау артық, мынау кем деп алалау қиын.
Ал, Мұхтар Əуезовтің стиліне оралсақ, мұндағы интонация əрдайым
оқиғаның ауанына қарай екпінін өзгертіп отырады екен.
Оқиға туралы автор
əңгімелеп кетсе, ол да көсіліп сала береді, оқиға шиеленіссе, ол шиыршық
атады, оқиға жайылып ағысын баяулатса, ол да мамырлайды. Əуезов тілінің
бояуы көп, бірақ
оны жазушы сараң қолданады, үнемдей, қажетіне ғана
жұмсайды. Онда орынсыз лепіру, сезімсіз шарықтау, əдемі, əсем тіл үшін əдейі
тырысушылық жоқ. Жазушының бай тілі тек картина жасау үшін, образ,
характер жасау үшін қызмет етеді» - деп жоғары баға берді.
2-кесте – М. Əуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин
шығармаларындағы есімді сөйлемдер саны
Достарыңызбен бөлісу: