Microsoft Word Послед doc


«АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЕСІМДІ



Pdf көрінісі
бет3/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
 
2 «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЕСІМДІ
СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ, ҚЫЗМЕТІ...............................................................  
2.1 Есімді сөйлемдер.............................................................................................
2.1.1 Зат есімді есімді сөйлемдер ........................................................................
2.1.2 Сын есімді есімді сөйлемдер.......................................................................
2.1.3 Сан есімді есімді сөйлемдер .......................................................................
2.1.4 Есімдікті есімді сөйлемдер..........................................................................
2.2 Құрама баяндауышты есімді сөйлемдер.......................................................
2.2.1 Зат есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер ..................................
2.2.2 Сын есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер ................................
2.2.3 Сан есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер .................................
2.2.4 Есімдікті құрама баяндауышты есімді сөйлемдер....................................
2.3 Көмекші есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер............................
2.4 «Бар», «жоқ» сөзді есімді сөйлемдер ............................................................
 
ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................................
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................
 
ҚОСЫМША А .....................................................................................................
 


6
КІРІСПЕ 
Синтаксистің зерттейтін негізгі нысандарының бірі – сөйлем. Қазақ тіл 
білімінің дамуы, қалыптасу тарихында бүкіл синтаксис мамандары: 
А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, Х. Басымов, 
С. Жиенбаев, Ш.Х. Сарыбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Р. Əмір, Қ. Есенов, 
О. Төлегенов, М. Серғалиев, Т. Сайрамбаев, Б. Сағындықұлы, Ж. Садуақасов, 
Ж. Жакупов, Т. Ермекова сол сияқты К. Оңалбаева, Б. Елікбаев т.б. жас 
ғалымдар жай жəне құрмалас сөйлемнің түрлерін, бір-бірінен өзіндік 
айырмашылықтарын, ішкі мағыналық, сыртқы құрылымдық ерекшеліктерін 
жан-жақты зерттеді. Десек те бүгінгі таңда сөйлем түрлерінің тілімізде бар
бірақ ғылымда əлі зерттелмеген түрлері зерттеу нысанына ене бастады. Сондай-
ақ сөйлемнің құрылымдық ерекшелігі, оған сөз таптарының тікелей əсері, оның 
сөйлем мағынасына ықпалы да қолға алынып келеді. Қазіргі лингвистиканың 
даму жағдайында тіл деңгейлері арасындағы байланысты анықтау қазақ тілінің 
грамматикалық жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі болып саналады. 
Грамматикалық бірліктер арасындағы парадигмалық қатынасты қарастыру 
функционалды грамматиканың міндеті болып табылады.
Қазақ тіліндегі есімді сөйлемдер бір жүйеге түсірілмеген, оған 
вербоцентристік көзқарастың ықпалы мол. Өйткені етістік шақ жəне модальділік 
қатынасты білдіреді деген көзқарас басым орын алған. Сол себепті де жалпы тіл 
білімінде (орыс тіл білімінде) есімді сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп немесе 
нөлдік тұлғадағы сөйлемдер деп қана танылды. Ал түркі тіл білімінде А.П. 
Поцелуевский, қазақ тіл білімінде М. Балақаев бірінші рет есімді сөйлемдерді 
жеке бөліп, оның етістікті сөйлемдерден ерекше екенін алғаш көрсетті. Біздің 
жұмысымызда қазақ əдебиетінің классигі, жазушы М. Əуезовтің «Абай» 
эпопеясындағы есімді сөйлемдер, түрлері, олардың берілу жолдары
жұмсалымдық мəселесіне назар аударылды. Соның бірі – автордың есімді 
сөйлемдер түрлерін молынан қолдануы жəне олардың жасалу ерекшеліктерін 
анықтау. Жалпы басқа түркі тілдерінде М. Əуезов сияқты жазушылардың 
еңбектерін тілдік жағынан талдау жан-жақты қолға алынған. Ал қазақ тілінде осы 
сияқты еңбектердің тілдік жағы тіпті сөз болмады десе де болғандай. Сөйлем 
синтаксисі өте күрделі. Осы күрделілік олардың түр-түрімен байланысты. Қазіргі 
кезде қазақ тілінде жай сөйлем, құрмалас сөйлем, жалаң, жайылма, жақты жақсыз, 
хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты, болымды, болымсыз, толымды, толымсыз
белгілі жақты, белгісіз жақты, атаулы деп беріліп келеді. Осылайша сөйлемдерді 
беру қалыптасты да, дегенмен соңғы кезде осы сөйлемнің түрлері қатарына есімді, 
етістікті сөйлемдер дейтін де түрлері орын ала бастады.
Есімді сөйлемдерде ой қысқа, нақты түрде жеткізілетіні белгілі. Есімді 
сөйлемдер стильге тек нақтылық пен қысқалық беріп қоймай, сонымен бірге 
мəтін көркемдігін арттырып, шығарма мəтініне эстетикалық мəн, стилистикалық, 
экспрессивтік реңк беріп, коммуникативтік-прагматикалық қызметте жұмсалады. 
Сондықтан қазақ тіл біліміндегі ертеден келе жатқан есімді сөйлемдердің 
ерекшелігін М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан іздеу, етістікті 
сөйлемдерден өзгешелігі мен коммуникативтік мақсатын анықтау арнайы 


7
зерттеуді қажет етеді. М. Əуезов романдарының көркемдік күшінің ең негізгі 
ерекшеліктерінің бірі оның тіл шеберлігінде. Жазушы тілінің шеберлігі, 
оралымдығы оның авторлық баяндауларынан да, табиғат көріністерінен де, 
кейіпкерлердің сөздік, бейне сипаттарынан да əрдайым айқын көрініп отырады. 
Қазақтың ғасырлар бойы жасалып, молығып келген тіл байлығын жазушы толық 
меңгерген жəне сонысын өзінің романдарында мейлінше мол əрі шебер 
пайдаланған. Тарихи тақырыпқа арналған шығарма болғанымен М. Əуезовтің 
«Абай жолы» роман-эпопеясы қазақтың қазіргі əдеби тілімен жазылған жəне 
сонымен қатар оны белгілі дəрежеде байыта, молықтыра түскен, жаңа биікке 
көтерген. Бұл ретте М. Əуезов романдарының атқарған рөлі ерекше. Қазақтың 
қазіргі əдеби тілінің байлығы мен алуан түрлі қырын М. Əуезовтің Абай туралы 
романдары мейлінше анық көрсетті. Есімді сөйлемдерді тек «Абай жолы» 
эпопеясынан ғана іздеу, оның ерекшеліктерін көрсету мəселесінің де өзіндік 
ерекшеліктері бар.
Оның негізгі себебі мынада деп білеміз.Осы кезге дейін есімді, етістікті 
сөйлемдердің жасалуы, эволюциясы туралы түрліше көзқарастар бар. Сонда ірі 
ғалымдар есімді сөйлемдер бұрын қалыптасты десе, керісінше, етістікті 
сөйлемдер бұрын қалыптасты деген де көзқарастар орын алуда. Əрине ол 
ғылыми талас пікір. 
Біз осы фактіні байқау үшін есімді, етістікті сөйлемдердің ХХ ғасырдағы 
тарихи шығармалардағы берілу дəрежесіне көңіл аудару барысында есімді 
сөйлемдер көп те, ал қазіргі шығармаларда керісінше етістік сөйлемдер көп 
деген шешімге келдік, мұның себебі, біздіңше, бұрынғы жазба əдебиеті мен 
ауыз əдебиетінде елді, жерді, табиғат құбылыстарын, қазақ халқының таным-
сенімін, мінез-құлқын, тұрмыс-салтын таныту жағы ерекше болса, соңғы 
кездегі əдебиеттерде оқиға желісі көбінесе іс-əрекетке, талас-тартысқа 
құрылғандықтан етістікті сөйлемдер басым болатын сияқты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет