13
сапалық сын есімі мен
еді көмекші етістік арқылы жасалып, сөйлемді тиянақтап
тұр. Автор бұл еңбегінде бірталай есімді сөйлемдерді мысал ретінде
бергенімен, құрмаластарды етістікті, есімді деп бөліп қарастырмайды.
Құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеп, құнды
пікір айтқан ғалымдардың
бірі М. Балақаев 1959 жылы «Сабақтас сөйлемнің кейбір ерекшеліктері туралы»
деген мақаласында сабақтас сөйлемге байланысты құнды ой-пікірлерін білдірді
[11, 39-48 бб.].
Қазақ тілінде де, жалпы түркітануда да синтаксис, оның ішінде жай сөйлем
де, құрмалас сөйлемдер туралы оқулықтар, монографиялар, сондай-ақ,
диссертациялар да қорғалып келеді. Осы тұрғыда синтаксистің сөйлемдер
жүйесіндегі жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдер, олардың айырмашылықтары,
түрлері, жасалу жолдары біршама зерттелді деп айтсақ қателеспейміз.
Құрмалас сөйлемдер туралы П.М. Мелиоранский, А. Архангельский,
А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С.
Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаев,
А. Ысқақов, С. Жиенбаев, Х. Басымов, Х. Арғынов, Т. Қордабаев, Р. Əмір,
Қ. Есенов, Б. Шалабай, Б. Сағындықұлы, О. Төлегенов, Қ. Шəукенұлы
С. Айтжанова жəне т.б. ғалымдардың ұлы еңбектері жарық көрді.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді көп
зерттеген тілші ғалымдар
Т. Қордабаев пен Қ. Есенов болды. Бұл ғалымдардың зерттеулерімен таныса
отырып, мынадай бағыттарды байқадық: Ең бірінші бұл авторлар құрмалас
сөйлемдердің жасалу түрінің, əсіресе, етістікті түріне назар аударады. Сондай-
ақ құрмалас сөйлемдердің теориялық бөлімдерінің өзінде құрмалас
сөйлемдердің баяндауыштары есімнен де жасалады деген шешімге келеді.
Профессор Т. Қордабаевтың теориялық пікірлері мен сөйлемдеріне тоқталсақ.
Профессор Т. Қордабаев: «Құрмалас сөйлем синтаксисіне арналған
əдебиеттердің барлығында дерлік құрмалас сөйлем жай сөйлемдерден құралады
дейтін қағида бар.
Сөйтіп, құрмалас сөйлем компоненті де жай сөйлем деп аталады. Бұлай
айтылатын себебі мағыналық жағынан құрмалас сөйлем компоненттері де жай
сөйлемдер сияқты бұлар да өз ішінен бастауыш, баяндауышқа,
басқа да
мүшелерге жіктеледі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің дербес айтылатын
жай сөйлемдерден елеулі, түбірлі өзгешеліктері бар» [12, 22 б.]. Демек
профессор Қордабаев бұл еңбегінде құрмаласқа енетін жай сөйлемдерді іштей
бастауыш пен баяндауышқа жіктелетінін айтады.
Профессор Т. Қордабаев осы еңбегінде құрмаластың баяндауыштарына
ерекше назар аударады. Профессор Т. Қордабаев: «Жалғаулықсыз салалас
сөйлемнің тек өзіне ғана тəн меншікті баяндауыш формасы жоқ,
қалыпты
тиянақты жай сөйлемдерде баяндауыш қызметінде қолданылатын сөз
таптарының, формалардың қай-қайсылары болса да жалғаулықсыз салалас
сөйлем
компоненттерінің
баяндауыштары
бола
алады.
Мысалы:
Табалдырықтан төрге дейін жайылған кілемдер жайнап жатыр, тіпті
жаман аяқ басуға қалтырайды (Ғ. Мұстафин).
Бұл қырсықтың неден болғаны
маған
Достарыңызбен бөлісу: