14
иттің даусы естіліп тұрады. Оған жауап беретін
мен
, сенің жұмысың
болмасын (Ғ. Сыланов)» [12, 46-47 бб.]. Жоғарыда автор құрмалас
сөйлемдердің баяндауыштары есімдерден жасалады деп жалпылай айтса, бұл
жерде тек жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдердегі баяндауыштар да «қалыпты
жай сөйлемдердегі баяндауыш қызметінде
қолданылатын сөз таптарының,
формалардың қай-қайсылары болса» деген пікірінде «Сөз таптары» көпше
түрде қолданудың үлкен мəні бар. Осы уақытқа дейінгі əдебиеттерде құрмалас
сөйлемдердің баяндауыштарының тек етістікті түрі ғана беріліп келсе, мұнда
автор жалғаулықсыз салаластағы көптеген сөз таптарын да қарастырып, оны
мысалдар көрсеткен. Мысалы,
аян
зат есімі,
дұрыс
сапалық сын есімі,
екі-үш
шақырымдай
қосарлы сан есімі мен нумеративті сөздердің түйдектелуі
арқылы күрделі есімді баяндауыштардың берілуі жəне
мен
жіктеу есімдігі
арқылы берілген. Автордың мезгілдес салалас сөйлем түріне
берген
мысалынан: «
Қуанышы ботасының
айналасында,
қайғысы
інгеннің
маңайында
. Мұндағы завод аты –
Спасс
, кен аты –
Воскресен,
Нілдегі кен
аты –
Успен
(Ғ. Мүсірепов)» [12, 60 б.] - деген есімді сөйлемдерді кездестірдік.
Баяндауыштары
айналасында жатыс жалғаулы зат есімнен,
інгеннің маңайында
ілік жалғаулы жалпы есім мен жатыс жалғаулы көмекші есімнен,
Спасс,
Воскресен, Успен нөлдік тұлғадағы жалқы есімдерінен жасалған. Автор
себептес салалас сөйлемнің жалғаулықсыз түрінде: «
Шалабай ұзақ жүре
алмас, үкімет құрығы
ұзын
(Ғ. Мұстафин) [12, 64 б.].
Осы сөйлемнің екінші
сыңарының баяндауышы
ұзын сапалық сын есімі арқылы ойды тиянақтап тұр.
Қазіргі қазақ тіл білімінде сөйлемнің мынандай түрлері бар.
1 Сөйлемдер құрылысы жағынан жай сөйлем, құрмалас сөйлем болып
бөлінеді.
2 Сөйлемдер айтылу мақсаттарына қарай, төртке бөлінеді: хабарлы
сөйлем, сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, бұйрықты сөйлем.
3 Сөйлемдегі ойдың болған, болмағанына
байланысты сөйлемдер
болымды, болымсыз болып бөлінеді.
4 Бастауыштың бар, жоғына қарай сөйлемдер жақты, жақсыз болып
бөлінеді.
5 Бір сөйлемдердің грамматикалық бастауының ерекше айтылмауына
байланысты сөйлемдер белгісіз жақты, жалпылама жақты болып бөлінеді.
6 Ойға қатысты сөйлем мүшелеріне қарай сөйлемдер толымды, толымсыз
болып бөлінеді.
7 Сөйлемдер тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерінің
қатысына қарай жалаң,
жайылма болып бөлінеді.
8 Атаулы сөйлем.
Осы сөйлем түрлері қазақ тілінде бір уақытта қалыптаспағаны да белгілі.
Сөйлемнің айтылуына байланысты лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдермен бірге
соңғы кезде бұйрықты сөйлем де енді. Бұйрықты сөйлем, негізінде, ауызекі
тілге тəн. Көркем əдебиетте ондай сөйлем диалогта жиі ұшырайды. Оның өзіне
тəн жасалу жолдары баяндауыш формасы арқылы дəлелденді. Осы тұрғыда ол
сөйлем түрін лепті сөйлемнен бөліп, өз алдына жеке қарастырыла бастады.
15
Бұйрықты сөйлем қазақ тілі грамматикасында жаңа бір сөйлем түрі болып
кірді.
Профессор М. Балақаевтың еңбегінде
жоғарыда аталған сөйлемнің
түрлерімен бірге есімді, етістікті сөйлем түрлерін баяндауыштың жасалуына
қарай топтауды жөн көрген. Сөйтіп, қазақ тіл біліміне енді есімді сөйлем де
енді деп айтуға болады. Осы уақытқа дейін есімді, етістікті сөйлем түрлері деп
қазақ ғалымдарының бірі бұл түрлерін бөліп қарастырмағаны мəлім. Дегенмен
сөйлемнің де осы түрлері орыс тіл білімінде бұрыннан айтылып жүргенімен,
түркологияда соның ішінде қазақ тіл білімінде профессор М. Балақаев
еңбегінен басталады. «Баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай
етістікті
(Үйдің іші жылынды), (Күн жылы. Аспан ашық. Айнала жым-жырт)
болып бөлінеді»
- деп ғалым баяндауыштарын жылы, ашық, жым-жырт сын
есімді есімді сөйлем арқылы көрсеткен. М. Балақаев «Қазіргі қазақ тілі»
еңбегінде «Есім баяндауыштар» деген тараушасында есім баяндауыштарға
жалпы түсінік беріп: «Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім,
есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді, бұл
үшін олардың қасында көмекші етістіктің тұруы шарт емес. Сонымен қатар
есімді сөйлемдердің қазақ тілінің өзіне тəн ерекшеліктері де бар» - деп орыс
тілімен салыстыра отырып: «Бұл – қазақ тілінің артықшылығы емес,
өзгешелігі» - дейді [1, 131 б.].
Проф. М. Балақаев сөйлемдерді:
-Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер;
-болымды, болымсыз сөйлемдер;
-жақты, жақсыз сөйлемдер;
-белгісіз жақты жəне жалпылама сөйлемдер;
-толымды жəне толымсыз сөйлемдер;
-атаулы сөйлем, – деп бөледі. Автордың 1954 жылы жəне 1992 жылы қайта
басылып шыққан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында есімді сөйлем мəселесіне
тоқталғанын көреміз. «Сапалық есімдер
мен есімдіктерден болған
баяндауыштар» тараушасында: «Сапалық есімдер мен есімдіктердің бəрі де
баяндауыш қызметінде жұмсала береді. Бірақ олардың баяндауыш болу
дəрежесі де, баяндауыштық қызметі де бірдей емес» - деп мына мысалдар
арқылы көрсетеді:
Ай
Достарыңызбен бөлісу: