Microsoft Word Послед doc



Pdf көрінісі
бет54/67
Дата27.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#76618
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67
Байланысты:
treatise527

Құрмалас сөйлем түрлері
Есімдікті жалғаулықсыз мезгілдес (ыңғайлас) салалас
Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Тоғжанға 
арналған, ең алғашқы «ғашығым» деген жарына арналған жан жырының 
тұңғыш жолы осы еді. 
Есімдікті жалғаулықты мезгілдес (ыңғайлас) салалас
- Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Абайдың 
қазақ аузынан да, кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу, ең бір əсерлі, 
күшті жыры осы еді. 
- Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі мен модаль сөзі арқылы: Мағаш, 
Кəкітайларға да, əке-шешесіне де, Дəрмен арқылы айтқызып тұрған жауабы 
осы сияқты. 
Есімдікті қарсылықты салалас
Сілтеу есімдікті қарсылықты салалас. – Көптік+ жатыс жалғаулы сілтеу 
есімдігі мен көмекші етістігі арқылы: Бірақ өңі сұп-сұр, зор денелі, бурыл 
сақалды Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда емес. 
- Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі мен көмекші етістіктер арқылы: Бірақ 
Абайлар білмепті, Айдос ішінен Бөкеншіге кеткен алғашқы сəлем бұл емес 
екен.
Есімдікті көп компонентті салалас
-Тəуелдік жалғаулы өздік есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Жардың 
ернеуі мен арғы ойы толған қар, найза бойламайтын обыр, опқынның өзі еді. 


94
Бұл сөйлемнің үш компоненттінің де баяндауыштары есімді болып келген, 
бірінші сөйлемнің баяндауышы қар нөлдік тұлғалы жалпы есімнен, екінші 
сөйлемнің баяндауышы обыр нөлдік тұлғалы жалпы есімнен болса, үшінші 
сөйлемнің баяндауышы өзі тəуелдік жалғаулы өздік есімдігі мен еді көмекші 
етістігі арқылы сабақтас сөйлемді тиянақтап тұр. 
Есімдікті сабақтас құрмалас сөйлем
Есімдікті қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. 
-Сілтеу есімдікті қарсылықты сабақтас: Құнанбайдың бетіне батып айта 
алмаса да, сырттан бар жақын, бар туысқан осылай десе ме екен? Батыр бітімді 
Манастың бұл сөзі Салтанат пен Абайға тұрпайылау тисе де, оның бар 
сыпайылап айтқаны осы еді.
Есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас
-Жіктеу есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас.
–Нөлдік тұлғалы жіктеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Қазірде 
Абай байқаса, мына Базаралы ол емес. 
-Өздік есімдікті шартты бағыныңқылы сабақтас.
-Жіктік жалғаулы өздік есімдігі мен нақтылық ғой демеулік шылауы 
арқылы: Тартып алғыштың басы, шынға келсек, Байсал емес, өзіміз ғой. 
Сілтеу есімдігі мен шартты райлы бол етістікті шартты сабақтас.
–Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі: Сүйіндік, Бөжей жағының ойы осы болса, 
Құнанбай да өз есебін алдын ала өзі өлшеген бетпенен ішіне ірікті. Бұл 
сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы осы сілтеу есімдігі мен шартты 
райлы бол көмекші етістігінің тіркесуінен жасалған.
-Нөлдік тұлғадағы күрделі сілтеу есімдіктері мен күшейткіш демеулік 
шылауы арқылы: Тұяқ серпер күнім болса, сол осы-ақ! Бұл сөйлемнің 
бағыныңқы, басыңқы сыңарларының баяндауыштары есімді болып келген, 
бағыныңқы сыңарының баяндауышы тəуелдік жалғаулы жалпы есім күнім мен 
шартты райлы бол+са көмекші етістігі арқылы жасалса, басыңқы сыңарының 
баяндауышы сол осы-ақ күрделі сілтеу есімдіктері мен –ақ күшейткіш демеулік 
шылауы арқылы жасалып сөйлемді тиянақтап тұр. 
-Көптік жалғаулы сілтеу есімдігі мен көмекші етістікті шартты 
сабақтас: Ырғызбайдың жуаны Əзімбай болғанда, Жігітектің сімілтірі солар 
екен. 
Есімдікті мезгілдес (ыңғайлас) сабақтас
Сілтеу есімдікті мезгілдес (ыңғайлас) сабақтас.
-Жатыс жалғаулы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: 
Мұсағұлға келсе, Базаралы да сонда екен. 
Есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас 
Жіктеу есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.
-Жіктік жалғаулы жіктеу есімдігі мен нақтылық демеулік шылауы 
арқылы: Жеміс күтіп, нəр алатыны сенсің ғой.
-Сілтеу есімдікті қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.
-Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы: Бөжей өлген 
күннің ертеңінде Байсал, Байдалы, Түсіп, Сүйіндік боп, ертемен байласқан 


95
байлау осы еді. Бұл сөйлемнің бағыныңқы, басыңқы сыңарларының 
баяндауыштары есімді болып келген, бағыныңқы сыңарының баяндауышы 
Байсал, Байдалы, Түсіп, Сүйіндік бірыңғай жалқы есімдер мен көсемше тұлғалы 
боп етістігінен жасалса, басыңқы сыңарының баяндауышы нөлдік тұлғалы осы 
сілтеу есімдігі мен еді көмекші етістік арқылы жасалып сөйлемді тиянақтап 
тұр. 
Өмір бойында Абайдың ең алғаш рет ұйқысыз түндер өткізіп, қабағы 
қатып, қажыған жолы осы еді. Бұл сөйлемнің басыңқы сыңарының 
баяндауышы нөлдік тұлғадағы сілтеу есімдігі мен көмекші етістік арқылы 
жасалып қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемді тиянақтап тұр.
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Сілтеу есімдікті көп бағыныңқылы сабақтас.
–Нөлдік тұлғалы сілтеу есімдігі мен көмекші етістігі арқылы: Бір шақта, 
қаладағы оқудан қайтып келе жатып, ауылды аңсап, асығып шапқан көк 
жазығы осы еді. Бұл сөйлемнің басыңқы сыңарының баяндауышы осы нөлдік 
тұлғадағы сілтеу есімдігі мен еді көмекші етістігі арқылы жасалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет