106
Омбы қар қорықтың шет-шетінде
қалың болғанмен, дəл шилердің ішіне
кіргенде оншалық
қатты емес, күпсек екен.
-Сын есімдер модаль сөздермен де түйдекті тіркесті есімді сөйлемдер
жасайды: Аузы сөзге олақ болса да, алқыны, екпіні
күшті тəрізденеді.
-М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы сын есімді есімді
сөйлемдер парасаттылықты, армандауды, сұлулықты, өлшемді т.б. мағыналарда
жұмсалады.
- Сын есімдер арқылы жасалған жай сөйлемнің ішінен жақсыз сөйлем
жасалмайды, жай сөйлемнің басқа барлық түрі кездеседі.
-Құрмалас сөйлемдердің салаласынан: мезгілдес (ыңғайлас) салалас,
қарсылықты салалас, талғаулы салалас, түсіндірмелі салалас.
-Сабақтас құрмалас сөйлемнің қарсылықты бағыныңқылы сабақтас,
салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас, мезгілдес (ыңғайлас) бағыныңқылы
сабақтас, себеп бағыныңқылы сабақтас, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас,
шартты бағыныңқылы сабақтас түрлері мол кездеседі.
-Көп бағыныңқылы сабақтас жəне аралас құрмалас сөйлемдер де мол.
-Сын есімді есімді жай сөйлемдерге қарағанда сын есімді есімді құрмалас
сөйлемдер басым.
Достарыңызбен бөлісу: