МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ •Сөйлеу актісіне қатысады,
•Секреторлы, жəне
•Қорғаныс -сүзгілік қызметтер атқарады.
Кеңірдек Кеңірдек түтікше мүше. Қабырғасы төрт қабықтан тұрады: кілегейлі, кілегей асты, фиброзды-шеміршекті жəне адвентиция сыртқы қабығы. Кілегейлі қабығы көп қатарлы кірпікшелі эпителий мен меншікті
пластинкадан
тұрады.
Меншікті
пластинканың құрамындағы миоциттері
біртіндеп ет пластинкасының құрамына
енеді. Кеңірдек эпителиінің құрамында
бірнеше
жасушалар
қатары
болады.
Оларға:
кірпікшелі, бокал тəрізді жасушасы, қыстырма немесе базальді жəне эндокриноциттер жатады. Бокал
тəрізді
жасуша
мен
кірпікшелі
жасушалардың құрылысы мен қызметі
мұрын қуысындағыжасушаларға ұқсас.
Шырышты-кірпікшелі жасушалары
мукоцилиярлы конвейер түзеді. Қалыпты
жағдайда бокал тəрізді мен кірпікшелі
жасушалардың саны бір-біріне тең. Ал,
патологиялық кезде мысалы: шылым
тартатын адамдардың кеңірдегінің қабыну
процестерінде
бокал тəрізді жасушаларының саны көбейеді де, секрет көп бөлініп, қатайып,
бактериоцидтік қызметі нашарлайды да «темекішіліктің трахит» науқасы
байқалады. Бұл науқас бронхтарда да болуы мүмкін («бронхит»). Кеңірдек
эпителиіндегі эндокриноциттердің пішіні-призма тəрізді. Ерекшеліктері:
базальді бөлігінде гормоналді түйіршіктері болады. Мұндай гормоналді
түйіршіктерімен:серотонин, кальцитонин, бомбезин, нейромедиаторлар,
норадреналин мен пептидтер бөлінеді. Бұл гормондардың қызметі - ауа
жолындағы бездердің секрециясын жəне ет тіндерінің жиырылғыштық
қасиетін реттеу. Базалді жасушалары- камбиалді қызмет атқарады. Соңғы
мəліметтер бойынша кеңірдек пен ауа жолдарының эпителиінде Лангерганс
жасушаларының бар екені анықталған.
Эпителидің меншікті пластинкасы БТДТ, құрамында көптеген эластин
талшықтары мен лимфатикалық фолликулдары орналасады.
Кілегей асты негізі де-БТДТ құрамында кеңірдек бездері болады,
бұлардан
бөлінген
секрет
эпителидің
бетін
дымқылдата
отырып,
антиденелерді де бөледі.