МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ • Мұрынның ортаңғы жəне төменгі бөліктерін тыстайтын кілегейлі
қабығы. Ерекшелігі: кілегейлі қабығында- қабырғасы өте жұқа болып келген веналар орналасады. Қалыпты жағдайда веналарда қан аз болады, осыған
байланысты қуысы бостау болып келсе, ал қабыну процесі (ринит) кезінде
бұл веналардың қуысы қанға толып, мұрынның кілегейлі қабығы ісініп, қуыс
тарылады да, тыныс алу процесі нашарлайды. Мұрын-жұтқыншақ-мұрынның
тыныс
алу
бөлігінің
жалғасы,
құрамында көп қатарлы кірпікшелі эпителиі мен меншікті пластинкасы бар
мүше. Меншікті пластинкасында майда белокты-шырышты бездердің секреторлы бөлігі болса, ал артқы жақ беткейінде лимфоидты тіннің жиынтығы немесе жұтқыншақ миндалинасы орналасады.
Көмекей. Көмекейдің
қабырғасында:
кілегейлі, фиброзды-шеміршекті жəне
адвентициалді қабықтары болады.
Кілегейлі
қабығындағы
эпителиі
көп
қатарлы, кірпікшелі. Көмекейдің дыбыс
шығаратын
байламдары
көп
қабатты,
жалпақ,
əрі
мүйізделмеген
эпителимен
тысталған. Меншікті пластинкасы эластин
талшықтарына өте бай борпылдақ дəнекер
тіні.
Көмекейдің
қаңқасын
түзетін
фиброзды-шеміршек қабығының құрамында
талшықтары мен шеміршек сақинашықтары,
фиброзды тығыз талшықты дəнекер тіні
болса, ал шеміршек бөлігінің құрамында
шеміршектердің гиалинді, эластинді түрлері
болады
Дыбыс шығаратын байламдар кілегейлі
қабықтың
қатпарларынан
түзіледі,
ал
қатпарлары
көмекейдің
қуысына
еніп
жатады. Қатпарлардың негізін борпылдақ
талшықты дəнекер тіні түзеді. Нағыз дыбыс шығаратын байламдарын
көлденең жолақ ет талшықтары мен эластин талшықтары түзсе, ал жалған дыбыс шығаратын байламдарының құрамында ет талшықтары болмайды,
бұлар нағыз дыбыс шығаратын байламдарынан жоғары орналасып,
құрамында көп қабатты эпителимен тысталған борпылдақ дəнекер тіні
болады. Борпылдақ дəнекер тінінің құрамында лимфоидты тіні де болады.
Жас балаларда жалған дыбыс шығаратын байламдарында көптеген қан
тамырлары болады, қабыну процесінде бұл тамырлары қанға толып, тыныс
жолындағы қуысты тарылтады, ісінеді.
Көмекейдің қызметтері:
•Ауаны жүргізе отырып, əрі жылытады,