Microsoft Word Тыныс алу толық



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата19.12.2022
өлшемі1,04 Mb.
#58065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Васкуляризациясы. Өкпедегі қан айналу жүйесі əр түрлі тамырлар
арқылы жүзеге асады. Венозды қанды өкпе артериясынан, яғни қан 
айналымының кіші шеңберінен алады. Өкпе артерияларының тармақтары 
бронхтардың тармақтарымен қоса жүріп отырады. Ең соңғы бөліктері 


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ 
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 
капилляр торына айналады. Бұлардың диаметрлері 5-7 мкм, қабырғасы бір 
қатарлы 
эндотелиоциттермен 
тысталған. 
Альвеолалар 
құрамындағы 
капиллярлары посткапиллярлық венулаларға жиналып, өкпедегі вена 
тамырлар жүйесін қалыптастырады. 
Өкпенің 
лимфатикалық 
жүйесі 
лимфа 
тамырлары 
мен 
лимфа 
тамырлардың төменгі жəне жоғарғы торларын құрайды. Жоғарғы тор 
висцеральді плевраға байланысады. Төменгі тор өкпе бөліктерінің ішінде 
бөлік 
аралық 
перделерде 
орналасып, 
қан 
тамырлары 
мен 
өкпе 
бронхыларының айналасын қоршайды. Бронхыларда лимфа тамырлары екі 
түрлі өрім құрайды. Олардың біріншісі-кілегейлі қабықта, ал екіншісі кілегей 
асты негізінде орналасады. 
Иннервациясы. 
Өкпе 
иннервациясы 
симпатикалық 
жəне 
парасимпатикалық, сондай-ақ, жұлын-ми нервтері арқылы жүзеге асады. 
Симпатикалық нервтер- бронхтардың кеңеюі мен қан тамырларының 
тарылуын тудыратын импульстерді, ал парасимпатикалық нервтер, бұған 
керісінше əсер етеді. Өкпе плеврасында екі нерв өрімі бар. Олардың біреуі 
мезотелидің астында болса, ал екіншісі плевраның терең қабаттарындағы 
күрделі нерв орамдары болып саналады. 
Жасқа байланысты ерекшеліктері. Постнатальдік кезеңде (нəресте 
туылғаннан кейін) жаңа туған баланың кіндігін байлағаннан кейін 
өкпесіндегі газ алмасу немесе тыныс алу жүйесі елеулі өзгерістерге 
ұшырайды. Балалық шақта өкпенің тыныс алу беті біртіндеп (спорт, дене 
еңбегіне байланысты) белсенді түрде ұлғаяды. Осыған байланысты 
жасөспірімдердің өкпесіндегі альвеолаларының жалпы саны ересектерге 
қарағанда шамамен 10 есе көбейіп кетеді. Ал 50-60 жастан кейін өкпенің 
дəнекер тінді стромасына тұздардың шөгуі орын алады. Мұның барлығы 
өкпе қозғалысының шектелуіне жəне газ алмасу қызметінің əлсіреуіне əкеліп 
соғады. 
Регенерациясы. Тыныс алу мүшелерінің физиологиялык регенерациясы 
тек қана кілегейлі қабағында байқалады. Өкпе бөліктерін сылып алып 
тастағаннан кейін,қайтадан қалпына келуі іс жүзінде болмайды. Тəжірбиеде 
пульминоэктомиядан соң қалған өкпеге компенсаторлык гипертрофия жүзеге 
асып, альвеолалардың көлемі 3-4 есе ұлғаяды да, альвеола перделері 
арасындағы бөліктері көбейеді. Бір мезгілде қөректендіру жəне тыныс алуды 
қамтамасыз ететін кіші айналымдағы қан тамырлары мен лимфа тамырлары 
кеңейеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет