МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ пішіні созылынқы келген,ядросы орналасқан бөлігінің қалыңдылығы 5-6
мкм, ал ядросы жоқ жері жұқа,шамамен 0,2мкм, альвеоланың 95%
құрайтын жасушалары. Альвеола қуысына бағытталған полюсінде
көптеген микробүрлері болады. Микробүрлері газ алмасу қызметіне
айтарлықтай маңызды қызмет атқарады. Себебі неғұрым бүрлері көп
болса,сол ғұрым газ алмасу деңгейі жоғары (аумағы үлкен).
Альвеолоциттердің жұқарған бөлігі қан капиллярларына өте жақын
орналасып, ауа мен қан арасындағы газ алмасу процесіне қатысады.
Осыған байланысты респираторлы альвеолоциттер аэрогематикалық
сүзгінің құрамына қатысады да, сүзгі қызметін атқарады(О
2
-СО
2
) . Бұл
сүзгінің орташа қалыңдығы шамамен 0,5мкм.
• II-түрі секреторлы альвеолоциттер, бұлар I-альвеолоциттерге
қарағанда ірілеу,пішіні куб тəрізді, цитоплазмасында белок синтезіне
қатысатын
органеллалардан:митохондриялар,
ГК,
ТЭТ,
рибосомалар
мулътивезикулярлы денешіктері болады. Секреторлы альвеолоциттер
ІІбелсенді түрде белок,фосфолипидтерді синтездейтін жасушалар. Бұлар альвеолярлы комплекс сурфактантты синтездейді.
Сурфактант-гликолипидті белоктардан тұратын зат. Сурфактант екі
фазадан тұрады;
Гипофаза – сұйық түрі (гликопротеидті) кезінде альвеолалардың ауа
жағындағы бетін жауып жатады.
Апофаза – мембраналы түрі (фосфолипидтермен белоктар) гидрофобты
кезінде сурфактанттың қызметтері: • Альвеола қуыстарын жабыстырмайды (CO
2
шыққаннан кейін)
• Бактерицидтік қасиетке ие, антиденелер мен лизоцимі бар секрет
бөледі.
• Альвеолярлы макрофагтардың қызметін реттеп, иммунді қорғаныс
қызмет атқарады.
• Өкпені зақымдалудан сақтайды т.б (ісік жасушаларынан, ісінуден)
Сурфактант
үнемі
жаңаланып
отырады.
Өкпеде сурфактант- антисурфактант жүйесі қызмет атқарады. Антисурфактанттық қызмет
атқарып, ескірген сурфактантты ферменттер синтездеп бұзып отыратын
бронхтар мен бронхиолалардың қабырғасындағы клара жасушалары мен
өкпе макрофагтары. II-реттік альвеолоциттер митоз жолымен көбейіп,
өкпенің регенерациясына қатысады.
• III-түрі жиекті жасушалары хеморецепторлық қызмет атқарады.
Жиекті жасушаларының цитоплазмасындағы секреторлы гранулаларында
кальцитонин бомбезин,серотанин т,б болады.