Microsoft Word Тыныс алу толық



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата19.12.2022
өлшемі1,04 Mb.
#58065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Тыныс алу толық

Бронхтардың құрылысы 
Бронхтардың қабырғасы 4 қабықтан тұрады: кілегейлі, кілегей асты
фиброзды-шеміршекті, сыртқысы-адвентиция. 
Ішкі кілегейлі қабығы 3-қабаттан тұрады: көп қатарлы, кірпікшелі 
эпителиі, меншікті жəне ет пластинкалары. Эпителидің құрамында 6 түрлі 
жасушалары болады. Оларға: кірпікшелі, бокал тəрізді, эндокринді, бұл 
жасушаларға 


МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ 
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 
сипаттамалар берілді, ал келесілері: секреторлы, жиекті, кірпікшесіз түрлері. 
 
Секреторлы жасушалары (Клара жасушасы) микробүрлері жоқ, 
цитоплазмасында көптеген түйіршіктері мен белок синтезіне қатысатын 
органеллалары болады. Бұлардың құрамында ферменттері де болады жəне 
сурфактант бұзатын секрет бөледі. 
Кірпікшесіз жасушалардың цитоплазмасында гликоген мен секреторлы 
түйіршіктері бар екені анықталған, бірақ қызметі əлі белгісіз. 
Жиекті жасушалардың микробүрлері мен нейросекреторлы түйіршіктері 
болады. Бұлар қанға кальцитонин, бомбезин, серотонин гормондарын бөліп
хеморецепциялық қызмет атқарады. Нерв ұштарымен тығыз байланысқан. 
Меншікті 
пластинкасының 
құрамында 
БТҚДТ. 
Ет 
пластинкасы 
миоциттерден тұрады. Кілегей асты негізіндегі бездері шырышты-белокты. 
Өкпедегі басты бронхтардың қабырғасы кеңірдектің қабырғасына ұқсас, 
бірақ қабырғасы шеміршекті сақина түрінде болады. Ірі бронхтарда 
шеміршекті қабығы бірнеше пластинкаларға айналады. Бронхтардың 
диаметрі кішірейген сайын шеміршегі азая бастайды. Орташа бронхтарда 
гиалинді шеміршек- эластинді шеміршекке айналады. Ал, кіші бронхтарда 
шеміршек пластинкалары- аралшықтарға одан біртіндеп барып жойылады, 
тіпті болмайды да. Эпителиі де өзгереді. Ірі бронхтарда эпителий кірпікшелі 
көп қатарлы, біртіндеп екі қатарға, сосын барып, терминальді 
бронхиолаларда бір қатарлы куб тəрізді эпителиге айналады. Бокал тəрізді 
жасушалардың саны азаяды. Эпителидің меншікті пластинкасы жұқарып, ет 
пластинкасы қалыңдайды. Осыған байланысты патологиялық жағдайда 
бронхиалды асматиктерде ет пластинкалары ұзақ уақытқа дейін жиырылып, 
тұншығу процестері байқалуы мүмкін, яғни, майда бронхтардың қуысы 
тарылып, тыныс алу процесі қиындайды. 
Майда бронхтарда кілегей асты негізімен бездері болмайды. Егер бездері 
болса, одан бөлінген секрет қуысын бітеп тастауы да мүмкін, адвентициальді 
қабығы жұқарады. 
Ауа жолдарының диаметрі 0,5 мкм-ге айнала келе терминалді 
бронхиолаларға келіп жалғасады. Бұлардың қабырғасы тек қана кілегейлі 
қабықтан тұрады. Эпителий бір қабатты куб тəрізді, кірпікшелі. Мұның 
құрамында, кірпікшелі, жиекті, жиексіз, секреторлы (Клара) жасушалары 
болады. Меншікті пластинкасы БТҚДТ, құрамында миоциттер мен эластин 
талшықтарының шоғыры орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет