Микробқа қарсы химиопрепараттар және антибиотиктер: түсінігі; алыну көзі, тәсілдері, химиялық құрылымы, спектрі, механизмі және әрекет түрі бойынша жіктелуі


Микробқа қарсы химиопрепараттар мен антибиотиктердің макроорганизмнің қалыпты микрофлорасына жанама әсері



бет4/35
Дата02.05.2023
өлшемі103,6 Kb.
#89157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
микробиология рубежка

Микробқа қарсы химиопрепараттар мен антибиотиктердің макроорганизмнің қалыпты микрофлорасына жанама әсері.

Антибиотиктердің жанама әсерлері. Әдетте, рецептсіз немесе тағайындалған дозадан артық мөлшерде организмге қабылданған антибиотиктер жанама әсерлерді тудыруы мүмкін. Олар: 1. Аллергиялық әсер- кез келген антибиотикті қабылдау нәтижесінде болуы мүмкін 2. Пенициллиндер, цефалоспориндер, фторхинолондар тобынан антибиотиктерді қабылдау кезінде жүрек айну, құсу, іште ыңғайсыздық немесе ауырсыну, бос нәжіс, нәжісте қанның пайда болуы (псевдомембранозды колит) сияқты ас қорыту жүйесінің бұзылуы мүмкін, макролидтер және т.б. 3. Бауырға жағымсыз әсер ету немесе гепатотоксикалық әртүрлі әсер етуі мүмкін: қандағы трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы, сарғаю, дене қызуының көтерілуі, жалпы жағдайдың нашарлауы, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну. Макролидтер тобынан антибиотиктер, монобактамдар, тетрациклиндер және т.б. гепатотоксикалық әсер етеді. 4. Бүйректерге жағымсыз әсер (нефротоксикалық әсер): шөлдеудің күшеюі, жиі немесе сирек зәр шығару, зәрде қанның пайда болуы және т.б. 5. Естуге жағымсыз әсер ету (ототоксикалық әсер) аминогликозидтерге тән, оларды қолдану есту қабілетінің жоғалуына немесе толық кереңдікке әкелуі мүмкін. Жүктілік кезінде аминогликозидтерді қабылдау саңырау баланың туылуына әкелуі мүмкін. 6. Қан көрсеткіштерінің өзгеруі, мысалы, лейкоциттер, тромбоциттер, эритроциттер деңгейінің төмендеуі (анемия), мүмкін сульфа препараттары, пенициллиндер және т.б. 7. Ауыз қуысының кандидозы және урогенитальды кандидоз (молочница) кез келген бактерияға қарсы препараттың жанама әсері болып табылады. Бұл әсердің дамуы дененің қалыпты (қорғаныш) микрофлорасының тежелуімен байланысты, нәтижесінде Candida саңырауқұлақтарының бақыланбайтын өсуі басталады. 8. Антибиотиктерді қабылдағанда бас ауруы, ұйқысыздық, саусақтардың қалтырауы, құрысулар сияқты басқа жағымсыз реакциялар сирек кездеседі.



  1. Вакциналар. Вакциналар жөніндегі түсінік, заманауи жіктелуі: тірі, белсенді, анатоксиндер, субклеталық, субвириондық (протективтік антигендерден)., рекомбинанттық, дивергенттік, трансгендік. Түрлі вакциналар типтерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.



Вакциналар – жұқпалы аурлардың алдын алу мақсатында белсенді спецификалық иммунитетті қалыптастыру үшін арналған ауру қоздырғыштарының немесе олардың протективті (қорғаныс) антигендірінің препараттары. Тірі, аттенуацияланған вакциналар - микроағзаларды қолайсыз жағдайларда өсіру арқылы вируленттігін төмендету жолымен алынады. Мысалы: Туберкулезге қарсы (BCG) вакцина, Қызылшаға қарсы вакцина, Салға қарсы вакцина. /артықшылығы/КЕМШІЛІКТЕРІ:
Вакциналық вирус күшінің жоғарылауы мүмкін (вакцинаға байланысты дамыған сал), Басқа вакциналармен бірге енгізуге болмайды, себебі біреуінің әсері болмайды, Термотұрақсыз, Айналымдағы табиғы вирус вакциналық вирустың репликациялануын тежеп, әсерін төмендетеді. Өлтірілген /белсендіғой/ вакциналар – физикалық не химиялық тәсілдермен өлтірілген патогенді вирустар мен бактериялар, яғни жоғары иммуногенді микроағзалардың штаммдарын қыздыру, ультракүлгін сәуле және химиялық заттармен белсенділігін жою арқылы дайындалады: Көк жөтелге қарсы вакцина, Сүзекке қарсы вакцина, Тырысқаққа қарсы вакцина. КЕМШІЛІК:тұрақсыз гуморалдық иммунитет қалыптастырады (сондықтан бірнеше рет қайталанады), Адъюванттармен (вакцинамен бірге иммундық жауапты жоғарылатады) бірге енгізулуі тиіс.АРТЫҚШЫЛЫҚ: Басқа вакцинамен бірге енгізуге болады. Термотұрақты.
Химиялық вакциналар субвириондық и субжасуша – микроағзалардан протективті антигендерді бөліп алынған вакцина (холераға қарсы вакцина). Жасанды вакциналар – әртүрлі спецификалық эпитоптарды жалпы тасымалдаушы-полиэлектрлитпен және адъювантпен байланыстыру арқылы жасалады. Рекомбинантты вакциналар – вакциналарды молекулалақ клондау жолымен алу. Генетикалық вакциналар (ДНК-вакцина) трансген – патогеннің ағзаға енгізгенде ақуыздардың синтезделуін және оларға қарсы иммундық жауаптың түзілуін қамтамасыз ететін нуклеин қышқылы. Дивергентті вакциналар - антигендік қасиеті бойынша патогенді қоздырғыштарға ұқсас, бірақ ауру қоздырмайтын микробтардан дайындалады (шешекке қарсы вакцина сиыр шешегі вирусынан дайындалады).



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет