Микробиология және вирусология : пәні, міндеттері, зерттеу объектілері. Микробиологияның дамуының тарихи кезеңдері



бет1/2
Дата02.12.2023
өлшемі23,72 Kb.
#131677
  1   2

Микробиология және вирусология : пәні, міндеттері, зерттеу объектілері. Микробиологияның дамуының тарихи кезеңдері
Өмірдің тіршілік нышандары көзге көрінетін және көрінбейтін пішін түрде біздің санамызға беріледі. Өмір заңдылықтарын оқытатын және өте ұсақ тірі организмдердің дамуын тек микроскоп арқылы көре алатын микробтарды зерттейтін ғылым микробиология деп аталады (грекше micros – кішкентай, bios – өмір, logos – оқу).
Зерттеу объектісіне байланысты микробиология былай бөлінеді :
Бактериология – бактериялар туралы ілім; вирусология – вирустар туралы ілім; микология – саңырауқұлақтар туралы ілім; протозоология – қарапайымдылар туралы ілім.
Микробиологияның негізгі даму кезеңдері. Микробиология тарихы оптикалық құралдардың пайда болуымен байланысты.
Оптикалық құралдарды ойлап шығару тарихында Антонио Ван Левенгук (1632–1723) зерттеулері ерекше орынға ие. Ол Дельфте қаласында (Голландия) тұрған. Ол оптикамен әуестенген және линзаларды өңдеумен айналысты, соған орай 250-300-ге дейін үлкейтетін мықты лупа түріндегі бірінші микроскопты жасады. Әртүрлі объектілерді, соның ішінде су тамшысын, тіс қабатын, сілекейді, шіріген өнімдерді және түйіршік, шыбық, спирилл тәрізді өте ұсақ тірі мақұлықтарды қарастырды, олардың көбісі қозғалыста болған. Левенгук өз бақылаулары мен зерттеулерін 1695 жылы жарық көрген «Антонио Ван Левенгук ашқан табиғат құпиялары» атты кітабында баяндады. Оның ғылыми жаңалықтары микробиологияда морфологиялық немесе сипаттама дәуірлеріне бастау алды. Бұл дәуір 17 ғ. соңы мен 19 ғ. ортасына дейін созылды. Оны физиологиялық дәуір алмастырды.
Микробтардың физиологиясын зерттеуде микробиологияның ғылым ретінде негізін қалаған, данышпан француз ғалымы Луи Пастердің (1822–1895) еңбектері бастау алған. Ашу және шіру құбылыстары химиялық емес, биологиялық құбылыстар екенін дәлелдеген, оның негізінде микроорганизмдердің тіршілік ету әрекеті жатыр деген. Шарап және сыра ауруларының себебін ашып, микробтармен күресу тәсілі – пастерлеуді ойлап шығарды. Пастердің ең үздік жаңалықтарының бірі – құтырудың әлсіз вирус вакцинасынан жасалынған құтыруға қарсы сақтандырғыш екпелері.
Микробиологияның дамуына көрнекті неміс ғалымы Роберт Кох (1843–1910) үлкен үлес қосқан, ол микробтардың зерттеу әдістерінің қатарын жасап шығарып, зерттеу тәжірибесіне қатты нәрлі орталарды енгізді, сонымен қатар көптеген микроорганизмдердің морфологиясын зерттеуге көмектескен анилин бояғыш заттарын өңдеп шығарды, туберкулез қоздырушыларын ашты (1882). 1905 жылы Р. Кох туберкулезді зерттегені үшін Нобель сыйлығына ие болды. Сонымен қоса оған тырысқақ (оба) қоздырушысын (1883) ашу жатады.
Илья Ильич Мечников (1845–1916) орыстың көрнекті ғалымы, медициналық микробиологияның негізін салушыларының бірі болып табылатын еңбегі сіңген ғұлама. Ол иммунитеттің клеткалы теориясы – организмнің жұқпалы ауруларды жұқтырмау қабілетін жасап шығарды.
Сергей Николаевич Виноградский (1856–1953) – топырақ микробиологиясын жасауда белгілі рөлді атқарды, жалпы микробиологияның өте маңызды үш мәселесін қарастырды: хемосинтез, морфология, даму циклі және микроорганизмдердің құбылмалығы.
Дмитрий Иванович Ивановский (1864–1920) – ботаник және микробиолог, бұрын ешкімге мәлім емес өмір пішінін, яғни вирустарды ашты және вирусологияның негізін салушысы атанды.
Ауыл шаруашылығы саласында микробиологияның дамуына С.Н. Виноградский, М.С. Воронин, М. Бейеринк және т.б. зерттеушілер зор үлес қосты. С.Н. Виноградский (1856-1953) – топырақ микробиологиясының негізін қалаушылардың бірі. Ол күкірт бактерияларының күкірт сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра алатындығын дәлелдеді.
Жалпы микробиология микроорганизмдердің өзгергіштілігі мен тұқым қуалаушылығын, дамуы мен тіршілігін, табиғатта зат алмасу процесіндегі рөлін зерттеп, айқындалған заңдылықтарды адам игілігіне қолдануды мақсат тұтады.
Техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология микробтардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін өнімдердің адам үшін ең қажеттілерін көп мөлшерде өндірудің ғылыми деректерге негізделген тиімді технологиясын әзірлейді. Сонымен қатар ол дайын өнімдерді бүлінуден сақтайтын әдістерді жетілдірумен де шұғылданады. Аталмыш сала микробиологиясының дамуы барысында ашыту өнеркәсібі, антибиотиктерді, ферменттерді, витаминдерді, амин қышқылдарын өндіретін өндірістер пайда болды.
Тағам микробиологиясы әр түрлі микроорганизмдердің көмегімен тағам өнімдерін даярлау әдістерін жетілдіру мақсатында зерттеулер жүргізеді және осы өнімдерді сақтау шараларын анықтайды.
Ауыл шаруашылық микробиологиясы өсімдіктердің қоректенуі мен топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің рөлін зерттейді. Сонымен қатар, ғылымның бұл саласы топырақтың шұрайлығын, азықтың нәрлігін арттыру мақсатында микроорганизмдерді қолдану тәсілдерін қарастырады.
Санитарлық микробиология су, ауа және топырақтағы микроорганизмдердің маңызын және олардың көмегімен аурудың таралу жолдарын зерттеп, әртүрлі объектілерді зардапты микроорганизмдерден тазарту әдісі мен жолдарын анықтайды
Медициналық және ветеринарлық микробиология сәйкесінше адам мен жануарларға зардапты микроорганизмдерді зерттеп, жұқпалы аурулардың алдын-алу жолдары мен зертханалық диагностикасын, оларға қарсы күрес шараларының тиімділігін жетілдірумен шұғылданады.
Геологиялық микробиология жер қабатында пайдалы қазбалардың түзілуіндегі микробтардың рөлін анықтап, олардың өнеркәсіпте қолдану мүмкіндіктерін қарастырады.
5) САНИТАРЛЫҚ – КӨРСЕТКІШ МИКРООРГАНИЗМДЕР


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет