Микробиология және вирусология : пәні, міндеттері, зерттеу объектілері. Микробиологияның дамуының тарихи кезеңдері


Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдер туралы түсінік



бет2/2
Дата02.12.2023
өлшемі23,72 Kb.
#131677
1   2
Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдер туралы түсінік.Инфекциялық аурулар қоздырғыштарының таратушысы адамдар мен жануарлар болып табылады. Олардан қоршаған ортаға микроорганизмдер ауа-тамшысы және нәжісі арқылы көп мөлшерде бөлінеді.
Санитарлық микробиологтардың негізгі қызметі инфекциялық аурулардың алдын алуға, қоршаған орта нысандарының патогенді микроорганизмдермен ластану жағдайларын ескертуге бағытталған. Сондықтан қоршаған ортаның түрлі нысандарына санитарлық-микробиологиялық баға беру жұмыстары тікелей әдіспен емес, тек жанама әдістерді қолдана отыра, олардың адамдар мен жануарлардан бөлінген заттармен ластануын нақты анықтау арқылы жүзеге асырылады.
Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын талаптар.Адамдар мен жануарлардың организмінде болатын қалыпты микрофлоралардың барлықтары бірдей санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына жатқызылмайды. Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге келесі талаптар қойылған:
- адамдар мен жануарлардан бөлінетін заттарда әрдайым кездесіп, қоршаған ортаға көп мөлшерде түсіп отыруы;
- адам мен жануарлардың организмінен басқа табиғи резервуарының болмауы;
- сыртқы ортада тіршілігін сақтау мерзімі патогенді микроорганизмдердің тіршілік ету мерзімімен сәйкес келуі;
- сыртқы ортада көбейе алмауы;
- қоршаған ортада өздерінің биологиялық қасиеттерін сақтай алуы;
- оларды бір-бірінен ажыратып балауға мүмкіндік беретін типтік қасиеттерінің болуы.

Зерттеу нысандары

Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер

Су

Ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококкалар, стафилококкалар

Топырақ

Ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококкалар, клостридиялар, термофилдер

Ауа

Стрептококкалар, стафилококкалар

Тұрмыстық заттар

Ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококкалар, стафилококкалар

Тағам өнімдері

Ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококкалар, стафилококкалар, Proteus тобының бактериялары, мезофилді аэробты және факультативті-анаэробты микроорганизмдердің (МАФАнМ) саны

Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдер қатарына ішекте мекендейтін қалыпты микрофлоралардың ішінен – ішек таяқшасы тобының бактериялары, энтерококтар, сульфитті редукциялаушы анаэробтар (көбінесе Clostridium perfringens), Proteus туысына жататын бактериялар, ішек бактериофагтары, ал жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабықшаларында тіршілік ететіндерден – Streptococcus viridans, Streptococcus haemolyticus және Staphylococcus aureus жатады.
Оқытушы Боздақбаева Р.О.

Қолданылған әдебиеттер:
Жалпы микробиология
С.Б.Ахметова, Г.А.Абдулина, Ж.С.Сайлау, Р.А.Мұхаметжанова, Ә.Қ.Қабдуова, Г.А.Айтжанова.
Микробиология
Ф.К. Черкес, Л.Б.Богоявленская, Н.А. Бельская

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет