Микробиология тарихында Рим профессоры


-бөлім. Грациликутес (Gracilicutes)



бет8/52
Дата15.07.2022
өлшемі2,56 Mb.
#37684
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
1-бөлім. Грациликутес (Gracilicutes)
Грациликутес (латынша graciliusжұқа, нәзік - тері) бөліміне клетка қабыр-ғалары Грам әдісімен боялатын коккалар, таяқшалар немесе жіпшелері бар прокариоттар жатады. Олардың қозғалатын қозғалмайтын және клетка ішін-де спора түзбейтін өкілдері де бар. Екіге бөліну, бүршіктену арқылы көбейе-ді. Бұл бөлімге фототрофты және фототрофты емес, аэробты, анаэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер жатады. Бұл бөлім тиісінше құ-рамында фотосинтездеуші және фотосинтездемеуші организмдер бар Proto-barteria және Scotobacteria екі кластан тұрады. 1-класс. Скотобактерия Scotobacteria.
1-топ.Спирохеталар. Оған бір ғана спирохета (Spirochaetales) қатары жата-ды. Оның спирохета (Spirochaetaceae) және Leptospiraceae)деген тұқымдаста-ры бар. Клеткалары иректелген, шиыршықтану арқылы қозғалады. Жекелен-ген ядросы жоқ. Спора түзбейді. Көлденеңінен бөліну арқылы көбейеді, қоз-ғалғыш. Факультативті анаэроб, хемоорганотрофтылар. Ірі спирохеталар (30-дан 500мкм-ге дейін барады. Бір микрометр (мкм) миллиметрдің мыңнан бір бөлігіне тең). Spirochaeta және Cristispira, Ал, майдалары (3-тен 20 км-ге дейін)Treponema, Borrelis пен Leptospiraтуыстарына жатады. Алғашқы екі ту-ыс сапрофиттер де, кейінгі үшеуі паразиттер. Бұлар адам мен жануарлардың жұқпалы ауру қоздырады. Spirochaetales Қатарының өкілдері субстратқа се-зімтал. Бұлардың ішінде еркін тіршілік ететін топтары бар. Тіршілік ортасы тұщы және тұзды көлдер, құрамында HS бар субстрат, тұщы суларда бола-тын теңіз моллюскаларының ішек-қарындарында кездеседі.
2-топ.Грам теріс, аэробты спирал және вибрион тәрізді бактериялар.
Бұлардың бәрі Spirillaceae тұқымдасына біріктірілген. Клетка қабығы қатты, сондықтан ол өз пішінін өзгертпейді. Клетканың бір немесе екі ұына бірдей орналасқан бір және бірнеше жіпшелер арқылы қозғалады. Олардың аэробты және анаэробты өкілдері бар. Хемоорганотрофтылар. Олардың кейбір түрлері құрамында көмірсутегі, аммоний азоты және минерал тұздары бар жасанды қоректік ортада өссе, кейбіреулері бұл үшін белокты-пептонды орталарды та-лап етеді.Spirillum Туысына негізінен сапрофиттер, ағынсыз лас суларда, өсімдіктер қалдықтары мен жануарлар өлекселерінде тіршілік етеді. Кейбір еркін тіршілік ететіндері – теңіз суларында қоныстанады. Олардың ішінде па-разиттері де кездеседі. Кейбір түрлері ауру қоздырғыштар болып есептелене-ді. 1963 жылы табылған прокариот организм – Bdellovibrio bacteriovorus бас-қа бактериялар паразитті екені анықталды. Соңғы жылдардағы зерттеулер оның тек клетка ішілік паразит ғана емес, сонымен бірге құрамы күрделі қо-ректік ортада сапрофит жолмен де тіршілік ете алатынын көрсетті. Аса бір қызық нәрсе: Bdellovibrio жіпшелері көмегімен бактерияларды іздеп тауып оған мықтап бекиді, клетка қабығын тесіп, оның қабығы мен цитоплазмати-калық мембранасының қуысына еніп, сонда көбейе бастайды. Bdellovibrio біреулеп емес қаулап өніп-өсіп клетканы барлық жерден бүлдіреді, сөйтіп, бактерияны қырады. Bdellovibrio ұсақ сопақша немесе шарға ұқсас клетка-лардан тұратын тыныштық қалыпқа көшкен циста түзеді. Бұлар табиғатта кең тараған топырақта, тұщы және теңіз суларында кездеседі. Оларды оба ау-руының қоздырғышына қарсы қолданады. Spirillaceae туысына жататындары – ауа азотын қармай алады.
3-топ. Аэробты. Грам теріс таяқшылар және коккалар. Бұл топтағы бактерия-лар жеті тұқымдастан тұрады. Оның үшеуі топыраққұнарлығын арттырады. Pseudomonodaceae Тұқымдасына Pseudomanas туысы жатады. Спорасыз, тік немесе ептеп иілген таяқша бактериялар. Жіпшелері клетканың екі ұшында немесе бір шетіне орналасқан. Табиғатта кең тараған. Облигатты аэробтар, хемооргантрофттар, органикалық қосылыстарды пайдаланады. Олардың кей-бір өкілдері энергияны молекулалық сутегінен немесе көмір тотығынан ала-ды, яғни факультативті хемолиттрофтылар. Ауада, топырақта, тұщы және те-ңіз суларында және су асты балшығында кездеседі. Ішінде микроскоптық са-ңырауқұлақтар, дрожылар бар. Грам және Грам теріс бактериялардың тірші-лігін жоятын антибиотиктер бөлініп алынған. Түрінің бірқатары микробиоло-гиялық өнеркәсіпте түрлі органикалық қосылыстарды, қышқылдарды пиро-жүзім, глюкон, кетаглютар, аминқышқылдарын, глютамин, аспаргин, валин-ферменттерді,аспарагиназа, пероксидаза алуда пайдаланылады.
Ал Azotobakteriaceae тұқымдасы өкілдерінің клеткалары ірі, қозғалғыш спора түзбейді. Гетеротрофтар. Атмосфера азотын сіңіре алады. Топырақта кең тараған. Бұл тұқымдастың төрт туысы бар: Azotobakteriaceae, Azomonas Beijerinkia және Derxia. Бұлардың алғашқы екеуі қоңырсалқын жерлер топы-рағында, қалғандары субтрофика және трофика (Азия, Африка, Оңтүстік Америка) топырақтарында кездеседі. Rizobiaceae Тұқымдасының құрамына Pseudomonodaceae тұқымдасына жататын өкілдеріне тән қасиет бар орга-низмдер жатады. Олар түрлі өсімдіктер тамырына еніп, сонда түйнек түзеді. Түйнек бактериясының бұршақ тұқымдас өсімдіктермен осындай қарым-қатынас симбиоздықдеп, ал екі жаққа да аса пайдалы түрін мутуализм деп атайды. Мұнда өсімдік азотпен қамтамасыз етілсе, бактериялар көміртектес затттар мен минерал тұздар қабылдайды.
Сонымен бірге топырақта молекулалық азоттты сіңіре алатын еркін тіршілік ететін түйнек бактериялары да кездеседі . Бұлардың өздеріне тән қасиетттері болады.
Methylococcaceae тұқымдасына құрамында бір көмірсутегі бар органикалық қосылыстарды көмірсутегі және энергия көзі ретінде қолданылатын Грам те-ріс бактериялар жатады. Хемоорганотрофтар. Туысы Methylococcus және Methylomonas . Клеткалары таяқша мен кокккалардан тұрады, қозғалмайды. Көмірсутегі мен энергияны тек метил спирті мен метанннан ғана алады. Об-лигаттты аэробтар.
Acetobacteriaceae тұқымдасына Acotobacter мен Clunobacterжатады. Бұлар көміртегі мен энергияны этил спиртін сірке қышқылына ыдыратудан алады. Олар көбінесе гүлде жемістерде, көк өністерде, сырада, шарапта және т.б. кездеседі. Neisseriaceae Тұқымдасы төрт туыстан тұрады. Оған негізінен па-разитттер ауру қоздырғыш жатады.
4-топ. Грам теріс, факультативті анаэроб таяқшалар. Онымен тұқымдас Enterobactericeae және Vibrionaceae. Бірінші тұқымдасқа Грам теріс, қозға-латын немесе қозғалмайтын, спорасыз, аэробты немесе факультативті анаэ-робты таяқшалар жатады. Олардың кейбір түрлері капсулалар түзеді. Энер-гияны тыныс алу немесе ашу процестерінен алады. Бұлардың өкілдері таби-ғаттта кең тараған. Олардың ішіде патоген және сапрофит түрлері бар. Көбі-не топырақта, тұщы және теңіз суларында, шіри бастаған өсімдіктер мен жа-нуарлар, құс, балық ішектерінде де болады.
Бұлардың ішінде ең жақсы зерттелгені . Бұл бактерия мен жануарлар іше-гінде кездеседі, су және тағамдардың, өнімдердің ластану дәрежесін осы мик-роорганизмнің болу болмауымен анықтайды.
Адамда аса ауыр ауруларды қоздыратындар Salmonella және Shigella. Атап айтқанда Salmonella typhi – сүзекті, Shigella түрінің біраз өкілдері бактерия-лық дизентерияны қоздырады. Vibrionaceae Тұқымдасына -Vibrio, Aeromonas, Plesimonas және Photobacterium туыстары жатады. Олар тұщы және теңіз суларында, укейде адам немесе балық организмде кездеседі. Олар-дың ішінде ауру қоздырғыштары да болады. Мысалы, азия обасын қоздыра-тын Vibrio cholerae энергияны тыныс мен ашу процесінен қамтиды. Ашу ба-рысында бірнеше қышқылдар мен газдарды (CO,H) түзетіндері де бар. Фа-культативті анаэробтар. Бұлар негізінен тұщы және теңіз суларында тіршілік етеді.
5-топ.Грам теріс, түзу кейде иректелген және спирал тәрізді таяқшалар. Бұл топ тек қана Bacteroidaceae тұқымдасынан тұрады. Оған Bacteroides, Pusobacterium және Leptotrichia туыстары жатады. Олар өздерінің түзетін ақырғы өімдерімен анықталады. Спора түзбейді, қозғалмайды немесе қозға-лады. Облигаттты анаэроб. Мәселен, туысына жататын бактериялар глюказа-ны ашытқанда янтарь, сірке, құмырсқа, сүт және пропион қышқылдарын тү-зеді, май қышқылы болмашы мөлшерде кездеседі.
Ең басты өнім ретінде Pusobacterium ортада май қышқылын, ал Leptotrichia сүт қышқылын түзеді. Бұл бактерия адам мен жануарлар ішектерінде, қарын-дарында, насекомдардың да ас қорыту органдарында кездесіп қалады. Олар-дың кейбір түрлері тері, түрлі ұлпалар және органдарды зақымдайды, патоген топқа жатады.
Сүт қоректілердің ас қорыту органдарында Selenamonas туысына жататын бактериялар да кездеседі. Кетка пішіндері бүйрекке немесе жарты айға ұқсас. Хемооргантрофтар. Көмірсуларын ашытқанда сірке, проион және сүт қыш-қылдармен бірге көмір қышқыл газын да түзеді. Осымен қатар бұл топтың жүйелік жағдайы әлі олық сипаттталған жеті туысының барлығы анықталды. Бұлардың ішінде Desulfovibrio – имек таяқша, спора түзбейді. Грам теріс, сульфатттар мен күкірттің басқада қосылыстарын күкірт сутегіне (HS) дейін тотықсыздандырады. Атмосфера азотын сіңіре алады. Облигаттты анаэроб-тар, топырақта кездеседі.
6-топ.Грам теріс, хемолитотрофты бактериялар. Құрамында екі тұқымдас және 15 туысы бар. Бұл прокариотттар энергияны азот, күкірт, темір, марга-нец, сияқты элементттердің тотықсызданған органикалық емес қосылыста-рын тотықтыру барысында қамтиды. Органикалық емес қосылыстардың хи-миялық табиғатына байланысты бұл топтың өзі екі топшаға бөлінеді. Бірін-шісіне қажеттті энергия аммонийлі азот пен нитраттарды тотықтыру процесі кезінде алатын Nitrobacteriaceae тұқымдасы жатады. Оларды таяқша, кокка, спириллалар кездеседі, кейбіреулері қозғалса, қалғандары қозғалмайды. Об-лигаттты аэробтар. Хемолитоавтоттрофтар. Бірақ бұлардың ішінде паразит түрлері жоқ. Негізінен топырақта, тұщы және теңіз суларында кездеседі.
2. Микроорганизмдер генетикасына сипаттама беріңіз.
Микроорганизмдердің генетикасы
Микробтар әлемінің дамуы табиғаттағы жалпы биологиялық заңдылыққа бағынады.Эволюцияның шешуші факторлары ретінде өзгергіштікті, бейімде- ушілікті, тұқым қуалаушылықты және тіршілікте жеңіп шығуды Ч.Дарвин көрсеткен.
Жалпы бақылауға көнетін химиялы немесе физикалық агенттердің көмегімен жүзеге асырылатын мутацияларды индукциялы мутация деп атайды.
Микроорганизмдер клеткасында гендердің толық жиынтығы болса,осы мик- роорганизмнің генотипіболып есептеледі. Ал жеке организмдерде тұқым қуалаушылықтың морфологиялық белгілері мен физиологиялық процестері ғана белгілі болса,ол фенотипдеп аталады.
Генотипі жөнінен бір – біріне жақын микробтар, фенотипі жағынан бір-бір- інен айырмашылығын модификация деп атайды.
Лаборатория жағдайында таза микроорганизмдер топтарының өзгергіштігі байқалады.Оны бактериялар диссоциациясыдеп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет