С.Н.Виноградский топырақ микроорганизмдерін зерттеген орыстың көрнекті ғалымдарының бірі.Ол топырақ микробиологиясын қалаушы.Кү- кірт бактерияларын зерттеу үстінде ол күкірт бактериялары өздерінің тір- шілік барысында күкірт сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра ала- тынын дәлелдеді.Бұл құбылысты Виноградский хемосинтез деп атады.
С.Н.Виноградский ілімін одан әрі дамытқандардың бірі – В.Л.Омелян – ский.Ол клетчатканы ыдырататын микроорганизмдерді зерттеп,бұл құбы- лыстың бір – қатар жақтарын анықтады.
Бертін келе микробиология ғылымы көптеген жаңалықтармен,теориялық және практикалық жетістіктермен толықтырылды.Халық шаруашылығы – ның түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым: жалпы микро- биология,техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология,тағамдық микро- биология,ауыл шаруашылық микробиология,геологиялық микробиология, санитариялық микробиология,медициналық микробиология,эпидемиология, мал дәрігерлік микробиология және вирусология сияқты түрлі ғылым са- лаларына бөлінеді.
Жалпы микробиологиямикроорганизмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығына,дамуы мен тіршілік етуінің негізгі заңдылықтарына жал- пы сипаттама береді,олардың табиғатта зат алмасу процесіндегі рөлін және оны адам игілігіне қолданудың мүмкіндіктерін зерттейді.
Техникалық немесе өнеркәсіптік микробиологиямикробтардың тір- шілігі нәтижесінде түзілетін өнімдердің адам үшін ең қажеттілерін іс жү- зінде өндірудің ғылыми негіздерін жасайды,оларды көптеп өндірудің тех- нологиялық жағынан тиімді жолдарын қарастырады.
Тағам микробиологиясыәр түрлі микроорганизмдердің көмегімен та- ғамдық өнімдерді алудың әдістерін зерттейді және осы өнімдердің мик- робтар әсерінен бұзылуын болдырмаудың шараларын белгілейді.
Ауыл шаруашылық микробиологияөсімдіктердің қоректенуі мен топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің рөлін зерттейді.Топырақтың құнарлылығын арттыру мақсатында пайдалы микробтардан тыңайтқыш – тар жасауды қарастырады.
Геологиялық микробиология немесе геоморфология жер қабатында- ғы микроорганизмдерді зерттейді.Тірі микроорганизмдердің бірнеше кило метр тереңдікте,жердің мұнай тараған қабаттарында кездесетіні анықтал- ды.Олар 1000 атмосфералық қысымға шыдай алады.