Стафилококкалар—Staphylococcus (гр. Staphyle - жүзімшоғыры) – реттсізбағыттардабөлінгенненкейінклеткаларжүзімшоғырытəріздіорна
Д) Шар тәрізі сепочка- Сарцина
Сарцина– Sarcina(лат. Sarcio-біріктіремін) – 3 перпендикулярлы жазықтықта бөлініп болған соң 8, 16, 32, 64 клеткадан пакет тəрізді орналасады.
Билет 7
1. Тірі ағзалар жүйесіндегі бактериялардың орнын табыңыз және оның ерекшеліктерін ашыңыз. Табиғатта тірі организмдер сан алуан.Олардың ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлемінен басқа жай көзге көрінбейтін тірі организмдер – мик-роорганизмдер елеулі орын алады. Сыртқы пішініне және тіршілік жағ- дайларына қарай микроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді. Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан – ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген.Олар сүтті ашытып, одан айран, түрлі жеміс – жидектерден шарап, квас және сол сияқты алу- ан түрлі тағамдарды дайындай алатын болған.Ертеде египеттіктер мал азығын әжептеуір сүрлей білген.Микробтардың пайдалы әрекеттерін қол- данып қана қоймай, адам олардың зиянды,бүлдіруші,зақымдаушы әрекеті- не қарсы күрескен.
Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері және осы ғылымның негізін қалаушы франсуз ғалымы Луи Пастер табиғатта және өнеркәсіп- те кездесетін ашу процестері микроорганизмдердің әсерінен болатынын дәлелдеді. Ашу процесіндегі оттегінің рөлін,онсыз бұл құбылыстың жүр- мейтіні жайында пікір айтып,ашудың химиялық теориясының негізін сал- ды.Пастер 1861жылы ашудың басқа түрі – май қышқылы ашу процесін тапты.Микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің алатын орны ерекше.Ивановский бұдан бұрын ешкім байқамаған темекі теңбілі және рябуха деген ауруларды зерттей отырып,олардың әрқайсысы өз ал- дына жеке ауру екенін және бұл ауруларды қоздырушылардың өзі осы аурулардан бөлек болатынын анықтады.
С.Н.Виноградский топырақ микроорганизмдерін зерттеген орыстың көрнекті ғалымдарының бірі.Ол топырақ микробиологиясын қалаушы.Кү- кірт бактерияларын зерттеу үстінде ол күкірт бактериялары өздерінің тір- шілік барысында күкірт сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра ала- тынын дәлелдеді.Бұл құбылысты Виноградский хемосинтез деп атады.
С.Н.Виноградский ілімін одан әрі дамытқандардың бірі – В.Л.Омелян – ский. Ол клетчатканы ыдырататын микроорганизмдерді зерттеп,бұл құбы- лыстың бір – қатар жақтарын анықтады. Бертін келе микробиология ғылымы көптеген жаңалықтармен,теориялық және практикалық жетістіктермен толықтырылды.Халық шаруашылығы – ның түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым: жалпы микро- биология,техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология,тағамдық микро- биология,ауыл шаруашылық микробиология,геологиялық микробиология, санитариялық микробиология,медициналық микробиология,эпидемиология, мал дәрігерлік микробиология және вирусология сияқты түрлі ғылым са- лаларына бөлінеді.