Байланысты: МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)
9.1.4.2.Гистосәйкестік антигендері. Іс жүзінде гистоүйлестіктің антигендері макроорганизмнің барлық жасушаларынан табылады. Олардың үстем бөлігі басты гистосәйкестік комплекс жүйесіне жатады (МНС) (қысқартылған ағылшын тіліндегі сөйлемнен алынған- Main Hystocompatibility Complex)
Гистосәйкестік антигендер, “меншік-бөтенді” тану кезінде және жүре келе пайда болған иммунитетті іске асыру уақытында шешуші рөл атқарады. Бір түр арасында орган, не тін ауыстырылғанда олардың үйлесімділігін, генетикалық иммундық шек қойылуын т.б. көрністерді анықтайды. Биологиялық әлемнің құбылысы ретінде МНС-ті зерттеуде иммуногенетиканың негізін салған Дж. Доссенің, П.Догертидің, П.Горерудың, Г.Снеллудың, Р.Цинкернагелюдың, Р.В. Петорвтың енбектерінің маңызы бар.
МНС ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдары генетикалық таза тұқымды тышқандардан табылған еді. Тышқандарда ол комплекс Н-2 деп аталды.
Адам МНС-сі туралы Дж.Доссе жұмыстарында кейінірек айтылған еді. Оның лейкоциттермен байланысы бар екені дәлелденіп, HLA (ағылшынша Human Leukocyte Antigen - АЛА адам лейкоцитерінің антигені) деп аталған болатын. АЛА-ның биосинтезін 6- шы хромосоманың қысқа жағында жатқан бірнеше локуста орналасқан гендер бақылайды. АЛА кұрделі құрылысты және полиморфты. Химиялық табиғаты бойынша АЛА жасушаның цитоплазмалық мембранасымен тығыз байланысқан гликопротеид. Олардың кейбір бөлігінің құрылысы иммундыглобулиндерге ұқсағандықатан оларды бір супертұқымдастықтарға жатқызады.
МНС басты екі сыныптан тұрады (4-сызбанұсқа). Шартты түрде МНС-тің І сыныбы (МНС1) жасушалық иммунитетті іске қосуға, ал МНС ІІ- ші сыныбы (МНС ll) гуморалдық иммунитетке жауапты деп есептеледі. Негізгі сыныптар алледік гендер бақылайтын, құрылысы ұқсас көпсанды антигендерден тұрады. Ол жеке даралар жасушасының қабырғасында әрбір МНС генінің екеуден артық емес өнімдері табылады. Ол популяцияның гетерогендігін, және де жеке дербес пен бүкіл популяцияның өмір сүруін сақтайды.
МНСІ-дің молекулалық салмағы әртүрлі, екі бейковалентті байланыспен қосылған полипептидтің тізбегінен тұрады: ауыры - альфа тізбек, жеңілі-бета тізбек. Альфа-тізбектің трансмембранды және цитоплазмалық домендік құрылысты сыртқы участігі бар (α-1, α-2 және α-3 домендер). Бета-тізбек- цитоплазмалық мембрансында α-тізбек эксрессияланғаннан кейін, соның үстіне α-тізбек “жабысып” қалатын бета -2 микроглобулин.
Альфа тізбектің пептидтерді қондырғыш мүмкіншілігі кең. Бұл қасиеттің негізінде α-1, α-2 домендердің ”Бьоркман саңлауы” деп аталатын жиі өзгеріштік, антигеннің молекуласын қондырып бет ашуын құратын көрсеткішіне байланысты. МНС1 сыныбының сондай қалыпта спецификалық антиденемен жеңіл анықталатын нанопептидті “Бьоркман саңылауы” сындырады.
МНС1 антигенін құру жасушаның ішінде үздіксіз жүреді. Оның құрамына қандай да болмасын эндогендік пептидтер, соның ішінде вирустар да кіреді. Комплекс цитоплазмадан ерекше ақуыз протеосомалық пептидтердің көмегімен алғашында эндоплазматикалық ретикулемада жиналады. Комплекске қосылған пептид МНС1-ге құрлыстық төзімділік береді. Ол жоқ кезде төзімділікті шаперон (калнексин) атқарады.
МНС1 биосинтезіне өте шапшаңдық тән, сондықтан процесс 6 сағаттың ішінде аяқталады. Бұл комплекс эритроцитер мен түкті тромбоцитерден басқа да барлық жасушаларда болады. МНС-тің жасушада орналасқан тығыздығы 7000 молекулаға жетіп, жасуша бетінің 1 пайызына дейін жауып тұрады. Олардың молекуласының экспрессиясы цитокиндердің әсерінен үдейеді, мысалы, оған гамма-интерферон жатады.. Қазіргі уақытта адамда 200-ден астам MHCl нұсқасы ажыратылады. Оларды тұқымға тарайтын 6- хромосоманың 3 негізгі сублокусына жатқызады.
МНС I сыныбы бойынша жеке тұлғалардың түрін анықтау спецификалық антилимфоциттік қан сарсуылармен қойылатын серологиялық әдіс - микролимфоцитолиз реакциясымен атқарылады. Сублокустардың гендері тәуелсіз болғандықтан адамдар арасында қайталанбайтын шексіз санды МНС1 қыйыстандырылған түрлері пайда болады. Мүлде үқсас ген қүрамы бар бір ұрықтан дамыған егіздер болмаса, әрбір адам тұлғасы тек қана өзіне тән гистосәйкестік антигеннің жыйнағына ие.
МНС1-тің басты биологиялық рөлі ол биологиялық даралықты анықтап “биологиялық төлқұжат”- иммундық жасушалар үшін “өзімдіктің” белгісі болады. Жасушаға вирус жұққанда, не мутация кезінде МНС1 құрылысын өзгертеді. Егерде МНС1 құрамында өзгерген пептид пайда болса ол Т-киллердің белсенділігін арттыруына белгі болады. Өзгерген МНС1 бөгде жасушалар ретінде жойылып отырады.
МНСll- нің құрылысы мен атқаратын жұмысында бір қатар өзгешілік анықталады. Біріншіден, олардың құрылысы өте күрделі. Комплекске ұқсас домендік құрылысы бар екі бейковаленттік байланыспен жалғанған полипептидтердің тізбегінен тұрады (альфа-тізбек, бета-тізбек). Альфа-тізбекте бір глобулярлық учаске, ал бета тізбекте екі учаске бар. Трансмембрандық болғандықтан екі тізбекте үш учаскеден тұрады: сыртқы-жасушалық. трансмембрандық және цитоплазмалық. Екіншіден, МНСll-нің ” Бьоркман саңлауы” бір қатарлы екі тізбекпен құралған. “Саңлаудың” ішіне көлемді олигопетид сиып кетеді (12-25 аминқышқылдарының қалдығы), сонымен қатар, олигопептид “саңлауда” жасырынғандықтан спецификалық антиденелермен анықталмайды. Үшіншіден, MHCll-нің құрамына жасушаның ішінде түзілген пептидті емес, эндоцитоз арқылы жасушаның сыртындағы ортадан алынған пептид кіргізілген. Төртішінден, MHCll жасушаның шектелген санының дендриттерінде, В-лимфоциттерде, Т-хелперлерде, белсендірілген макрофагтарда, тін базофилодерінде, эпителиалық жасушалардың бетінде болады. Егерде MHCll аталған жасушалардан басқа түрінде табылса ондай жағдайды иммундыпатология деп есептейді.
MHCll эндоплазматикалық ретикулумда түзеліп, құрылған димерлік зат цитоплазмалық мембранаға қосылады. Оған пептид қосылғанға дейін кешенді шаперонмен (калнексинмен) тұрақталынады. Эндоцитоздан кейін MHCll бір сағаттың арасында жасушаның мембранасында анықтала бастайды. Оның қонақтау процесін гаммаинтерферон үдетіп, ал Е2 простагландин төмендетеді. Тышқандардың МНС -на I-антиген деп ат қойылып, ал адамдыкі МНС-тің 11- ші сыныбы (MHCll) деп аталды. Әйгілі мәлімет бойынша адам ағзасының MHCll-не жоғары өзгерушілік тән. Ол көбінесе бета-тізбектің құрылысына байланысты. Комплекстің құрамына үш негізгі локустардың заттары кіреді: МНС- DR, DG және DP. Оның үстіне DR 300 аллелдік түрді жыйнақтайды, DG-400 жуық,, ал DP-500-дің айналасында. MHCll -нің барлығын және де оның түрін серологиялық және жасушалық реакциялар арқылы анықтайды. Кейінгі уақытта көбінесе полимераза тізбектеу реакциясы (ПТР) қолданылып жүр.
MHCll-нің биологиялық рөлі өте зор. Негізінде бұл комплекс жүре пайда болатын иммундық жауапты ықпалдандыруға қатынасады. Антиген молекуласының бөлшегі антиген презенттейтін жасушалар (АПЖ) деп аталатын ерекше тобының цитоплазмалық мембранасына қонақтайды. Олар сапалы мамандалған сынып (MHCll) түзейтін жыйнақы топ. АПЖ-ның ең белсендісі дендрит жасушасы, одан кейін В-лимфоцит пен макрофаг болып саналды. MHCll сыныбы құрамындағы СД антиген молекуласының кешеніндегі пептидпен бірге қабылданып талқыланады. Егер Т-хелпер MHCll қосылған пептидті бөгде деп шешсе, Т-хелперлер керекті иммундытоксиндерді түзіп, спецификалық иммунитеттің механизімін іске қосады. Соның нәтижесінде антигенспецификалық лимфоциттердің өсіп-көбейіп, мамандалуы кемеліне келіп иммундық есте қалу құрылады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа MHClll бар екендігі анықталған. Оны кодтайтын геннің локусы І-ІІ- сынып арасында орналасып, оларды бөледі. Комплементтің кейбір компоненті (С2, С4), жылу күйретушілігінен пайда болған ақуыз, ісік некрозоның факторлары MHClll-ке жатады.