Микробиология


Иммундық жауапқа қатынасатын жасушалардың негізгі CD- маркерлері



бет140/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

Иммундық жауапқа қатынасатын жасушалардың негізгі CD- маркерлері

CD- маркер

Жасушаның түрі

Атқаратын ісі

CD1

Т-лимфоцит

Бетта-микроглобулинмен байланысқан МНС1 сыныптың молекуласы
Антигенді ұсынуға қатынасады

CD2

Т-лимфоцит

Цитотоксикалық Т-лимфоциттердің нысана жасушаға, Т-лимфоциттердің эпителияға тағы басқаларға жабысуына жауапты

CD3

Т-лимфоцит

Т-лмифоциттердің рецепторларымен қосылған молекулалар. Рецепторлардан шыққан сигналды таратуға қатынасады.Жетілген Т-лмифоцитерінің көьінің макері.

CD4

Т-лимфоцит

Хелпердің маркері, Т-жасушалық рецепторларға Ко-рецептор

CD5

Т-лимфоцит және В-лимфоцит

В-1 –лимфоциттердің маркері

CD8

Т-лимфоцит

Цитоплазмалық Т-лимфоциттердің маркері. Т-жасушалық рецепторларға Ко-рецептор

CD11d

Лейкоциттер

Интегрин СD18 –бен байланысқан альфа интегриннің альфаD субтүрлігі

CD14

Моноциттер

ЛПС үшін рецепторлар

CD16

Табиғи киллер

Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалыққа қатынасады Fc-рецептор

CD18

Лейкоциттер

Жасушалық процеске қатынасты бета-интегрин

CD19

В-лимфоцит

В-жасушалық иммундырецепторға Ко-рецептор

CD20

В-лимфоцит

Калцилі арналарды калыптастырып В-жасушалардың белсендірілуін реттейді

CD21

Жетілген В-лимфоциттер

В-жасушалық иммундырецепторға Ко-рецептор С3 –комплемент құрамының рецепторы

CD22

В-лимфоцит

Жетілген В-лимфоциттердің маркері. В-жасушаның В-эритроциттерге тағы басқа жасушалардың орнығынуын ынталандырады

CD25

Т-лимфоцит

Активтелген лимфоциттердің маркері. ИЛ-2 –нің рецепторы.

CD28

Т-лимфоцит

Т-лимфоциттерге рецептор

CD30

Активтелген Т-, В-лимфоциттер, табиғи киллерлер,моноциттер

Лигандмен байланысқанан кейін Т- және В-лимфоциттердің өсіп-өнуін үдетеді

CD40

В-лимфоцит

В-лимфоциттердің белсендірілуіне қатынасады

CD56

Табиғи киллер

Цитоктоксикалық пен цитокиндік өнімдерді белсендіреді

CD64

Моноциттер, макрофагтар

IgG, IgG1, IgG2, IgG3, IgG4 –лерге жоғарғы аффиндік рецепторлар

CD94

Табиғи киллер

Табиғи киллердің цитотоксикалығын күшейту/тежеу

CD95

Әр түрлі жасушалар

Жасуша апоптозының маркері

9.1.5.Микробтардың антигендік құрылысы.
Микробтардың құрамында антигендердің бірнеше түрі анықталады. Олардың антигендік құрылысы көбінесе эволюциялық және таксономиялық күйіне байланысты. Бактерялардың, вирустардың, саңырауқұлақтар мен қарапайымдылардың антигендерінің күрделі айырмашылығы бар. Соған қарамастан әр түрлі жүйелерге ортақ антигендері болуы мүмкін. Мысалы, бүкіл тұқымдастыққа, түыстастыққа және түрлікке тән антигендер болады. Түрдің арасында серологиялық топты (серотоп), вариантты(серовар), не болмаса типті (серотип) анықтауға болады. Микробтардың антигендерін инфекциялық, немесе аллергиялық ауруларға диагноз қою, алдын алу, емдеу үшін, вакцина мен қан сарсуды алу және де диагностикалық реакцияларды өткізу үшін қолданады.
9.1.5.1.Бактериялардың антигендері.
Бактерия жасушасының құрылысында талшықтық, денелік (соматикалық), капсулалық тағы басқа антигеннің түрлерін ажыратылады (5-сызбанұсқа)
Талшықтық, немесе Н-антигендер, жылжытқыш аппаратта, яғни олардың талшығында орналасады. Олардың химиялық құрамы флагеллин атты ақуыздан тұрады. Қызыдырған кезде флагеллин өзінің табиғи қасиетін жоғалтып, Н-антиген спецификалығынан айырылады.
Соматикалық, немесе О-антиген жасушаның қабырағсымен байланысты болады. Оның негізін ЛПС (липополисахарид) құрайды. О-антиген температураға төзімді, сондықтан ұзақ уақыт қайнатқанға шыдайды. Бірақ, соматикалық антиген альдегидтер (мысалы, формалин) және спирттердің әсеріне өте сезімтал, аталған заттар оның құрылысын бұзады.
Егерде жануарларға талшығы бар бактерияларды ексе оларда О және Н- антиген мен байланысатын антиденелер қатар пайда болады. Қайнатылған бактерияларды еккен кезде, тек қана соматикалық антигенмен байланысатын антидене синтезделеді. Фенолмен өңделген бактерияның таза дақылына қарсы тек қана талшыққа қарсы антидене түзіледі.
Капсулалық, немесе К –антиген, жасуша қабырғасының бетінде орналасады. Капсула түзетін батерияларда кездеседі. К-антиген көбінесе полисахаридтерден тұрады, тек қана, күйдіргі таяқшаларының капсуласы полипептид тізбегінен құрылады. Қыздыру кезіндегі сезімталдығына сәйкес К-антигеннің үш түрі бар: A, B, L. Қыздыруға ең төзімдісі А-түрі, ол ұзақ уақыт қайнатқанға шыдайды, В-түрі-1 сағат 600 С дейін қыздыруға төзімді, ал L- түрі бұл температурада шапшаң бұзылады. Сондықтан К антигенді жартылай жоғалту үшін бактерияларды ұзақ уақыт қайнату қажет. Жоғарғы дәрежелі вируленттігі бар іш сүзегі ауруының және де энетробактериялардың тағы бір түрлерінің жасуша қабырғасының бетінде капсулалық антигеннің ерекше нұсқа түрі айқындалады. Ол вируленттіктің антигені, немесе Vi- антиген деп аталды. Бұл антигеннің, не оған қарсы пайда болған антиденелердің табылуының диагностикалық зор маңызы бар.
Ақуыздан тұратын токсиндер, ферменттер және айналадағы ортаға синтезделіп шығарылатын кейбір ақуыздардың (мысалы: туберкулин) антигендік қасиеті бар. Олар антиденелермен байланысқанда өзінің әсерлі қасиетін жоғалтады. Сіреспе, күл, ботулизм аурулары қоздырғыштарының токсиндері өте әсерлі, толық бағалы антигендерге жатады, сондықтан оларды өңдеп адамға егілетін анатоксин - токсоид (вакцинаның түрі) дайындауға пайдаланады.
Кейбір қоздырғыштардың құрамында олардың патогендік қасиетін құруына басты себебкер болатын жоғарғы дәрежелі иммуногендік антиген тобы бар. Бұндай антигендер антиденемен байланысқанда қоздырғыштың вируленттік қасиеті толықтай бейтарапталынады, соның нәтижесінен олар сол микробқа қарсы иммунитетті қамтамасыз етеді. Ол антигендер протективті деген атқа ие. Бұндай антигендер ең алғашында күйдіргі жарасынан шыққан іріңнен табылған еді. Ол зат ақуыз токсинінің түпбірлігі болып келеді. Олар қабынушылық және летальдік деп аталатын басқа меншікті вируленттілік суббірліктерді белсендіруіне жауапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет