16
қҧрылысының кейбір ерекшеліктерін (спорасын) де байқауға болады.
Микробиология практикасында негізгі
және қышқылды бояғыштар
қолданылады. Микроб жасушаларының ядросы негізгі бояғыштармен
боялады. (кейде бейтарапты бояғыштармен де боялады). Қышқылды
бояғыштар препараттың аясын қҧрып, боялмаған формалардың
айырмашылығын айқындата тҥседі.
Негізгі (ядролық)
бояғыштар ретінде Циль фуксині, сафранин,
нейтральды қызыл (қызыл бояғыштар); метилді кҥлгін, генцианвиолет,
кристалды кҥлгін (кҥлгін бояғыштар); метилен кӛгі, азур ІІ (кӛк
бояғыштар): малахитті жасыл (жасыл бояғыш); везувин, хризоидин
(сары-қоңыр бояғыштар), ал қышқыл
бояғыштардың ішінен қышқыл
фуксин, эозин, эритрозин, қызыл конго (қызыл бояғыштар), пикрин
қышқылы (сары бояғыш), нигрозин (қара бояғыш) және т.б.
қолданылады.
Бояғыштардың ерітінділері спиртте немесе суда дайындалады.
Бояғыштардың спирттегі ерітінділері тҧрақты болып келетіндіктен, олар
алдын ала дайындалады. Бҧл ҥшін бояу ҧнтағына 96%-дық этил спиртін
1:10 ара қатынасында қҧяды. Қаныққан бояу ерітінділерді тығыз тығыны
бар ыдыстарда сақтайды. Бояғыштардың судағы ерітінділері тҧрақсыз
және препаратты баяу бояйды. Бояғыштардың әрекетін кҥшейту ҥшін
оларға ерітінділердің тҧрақтылығын ҧзартатын, жасуша қабығын
жҧмсартып, микробтардың жақсы боялуына
себебін тигізетін улағыш
заттарды қосады. Улағыш заттар ретінде спирт, формалин, фенол,
сілтілерді пайдаланады.
Тәжірибеде кӛбінесе келесі бояғыштар мен ерітінділер жиі
қолданылады.
Циль фуксині
10 мл негізгі фуксиннің
қаныққан спиртті ерітіндісі
мен 100 мл 5%-дық фенол ерітіндісін араластыру арқылы дайындалады.
Негізгі фуксиннің қаныққан ерітіндісін дайындау ҥшін 10 г негізгі
фуксин ҧнтағын 100 мл 96%-дық этил спиртін қосып араластырады.
Пфейффер фуксинін дайындау үшін
1 мл Циль фуксиніне 9 мл
дистилденген су қосады. Бҧл бояғыш тек қолданар алдында ғана
дайындалады, ӛйткені ол тҧрақсыз (тез ӛзгеріп немесе бҧзылып кетеді).
Метилен көгі
(Леффлер бойынша). 30 мл метилен кӛгінің 10%-дық
қаныққан ерітіндісіне 1 мл 1%-ды калий гидрототығы мен 100 мл
дистилденген су қосу арқылы дайындайды. Бҧл қоспаны тәулік бойы
ҧстағаннан кейін сҥзгіден ӛткізеді. Бояғыш тҧрақты және
микробтарды
жақсы бояйды.
Фенолды генцианвиолет
. 1 г кристалды генцианвиолетті 10 мл 96%-
дық этил спиртінде ерітіп, оған 100 мл 2%-ды фенолдың судағы
ерітіндісін қосады.
17
Сафранин
. 2 г бояу ҧнтағын 96%-ды этил спирті мен дистилденген
судың 1:1 ара қатынасында дайындалған қоспасында немесе қайнап
жатқан судың 100 мл-інде ерітіліп, сҥзіледі.
Малахитті жасыл.
1 г малахитті жасыл ҧнтағын 100 мл
дистилденген суда ерітіп, сҥзеді.
Қызыл конго.
3 г бояуға 100 мл
дистилденген су қосу арқылы
дайындайды. Бҧл бояғыш препаратты негативті (теріс) тәсілмен бояу
кезінде қолданылады.
Люголь ерітіндісі
препараттарды Грам тәсілімен бояу ҥрдісінде
қолданылады. 2 г калий йодидін 25 мл дистилденген суға ерітеді. Сонан
соң ерітіндіге кристалды йодтың 1 г қосып, оның мӛлшерін 300 мл-ге
дейін дистилденген сумен жеткізіп, ерітіндіні сҥзеді.
Достарыңызбен бөлісу: