18
Жағындыны бояу ҥшін осындай сҥзгіш қағаздың бір тілімін зат
шынысының ҥстіне қойып бетіне дистилденген судың бірнеше
тамшысын тамызады. Бояудың кейінгі кезеңдері жоғарыда жазылғандай
орындалады.
Грам тәсілінің мәні.
Бҧл тәсілді 1884 жылы дат ғалымы Христиан
Иоким Грам ҧсынған болатын. Грам-теріс
және Грам-оң бактериялардың
әр тҥрлі боялуы олардың жасуша қабырғалары қҧрылымының
ӛзгешеліктеріне байланысты. Грам-оң бактериялардың жасуша
қабырғасы грам-теріс микробтарға қарағанда қалың және кӛптеген
пептидогликан
полимерін
иемденген.
Соңдықтан
олар
генцианвиолетпен тығыз байланысып, спиртпен әрекет жасағанда
тҥссізденбейді. Грам-теріс бактериялардың жасуша қабырғасы жҧқа
және оның қҧрамында пептидогликан аз мӛлшерде болады. Осы
себептен олар бояумен әлсіз боялып, спиртпен ӛңсізденеді.
Грам-оң микроб ӛсіндісінен дайындалған
препараттарда грам-теріс
жасушалардың болуы мҥмкін. Бҧлар – ӛлі немесе қабығы зақымдалған
жасушалар.
Грам тәсілімен бояу ҥшін студенттер
Escherichia coli
және
Bac.megatereum
ӛсінділерінің қоспасынан жағынды жасайды. Ішек
таяқшасы грам-теріс, ал капсула бацилласы
грам-оң бактериялардың
ӛкілдері.
Достарыңызбен бөлісу: