21
табуға болады. Люголь ерітіндісімен қосылған гликоген қызыл қоңыр
тҥске боялады. Бҧл элементтер ашытқыларда, пішен бацилласында және
т.б. микробтарда кездеседі. Қоректік ортада кӛмірсулардың мӛлшері кӛп
болған жағдайда гликогеннің жиналуы байқалады.
Гранулезаны бояу.
Гранулеза–полисахарид, крахмал тәріздес зат.
Олардың кӛп мӛлшері жасушаның ҧрық тҥзуі алдында байқалады.
Гликоген тәрізді гранулезада Люголь ерітіндісімен
әрекеттескенде
қаракӛк тҥске боялады. Май қышқылды бактерияларда гранулезалар кӛп
болады. Гранулезаны табу ҥшін картоп ортасында ӛсірілген май
қышқылды микробтардың ӛсінділеріның тамшысына сол мӛлшерде
Люголь ерітіндісін қҧйып, жамылғы шынысымен жауып, микроскоптың
иммерсионды жҥйесімен қарағанда кӛк тҥске боялған ҧршық тәріздес
жасушаларды кӛруге болады. Бҧл жасушалардың бір шетінде боялмаған
ҧрықтар орналасады.
Майды бояу.
Май кӛптеген микроорганизмдердің жасушасында
(картоп бацилласы, ашытқылар) болады.
Микробтардың майын судан
ІІІ-тің спирттегі ерітіндісімен бояйды (0,05г судан ІІІ + 100мл 96% этил
спирті). Ол ҥшін ӛсінді тамшысына бояғыш затты қосып араластырады.
Май тамшылары қызыл тҥске боялады, ал цитоплазма тҥссіз болып
қалады.
Волютин түйіршіктерін бояу.
Волютин микроб жасушасында
гранула тҥрінде кездеседі. Бҧл гранулалар
полифосфаттар мен нуклеин
қышқылдарына жақын заттардан тҧрады. Препаратты Омелянский
тәсілімен бояу арқылы волютин гранулаларын табуға болады.
Жалынның ҥстінде бекітілген жағындыны 30 секунд Циль
фуксинімен бояйды. Препарат шайылған соң 1%-ды кҥкірт
қышқылының ерітіндісімен 20-30 секунд тҥссіздендіріледі. Сумен қайта
шайылған жағындыны метилен кӛгінің әлсіз ерітіндісімен (1:40) 15-20
секунд бояйды.
Микроскопиялық кӛрініс: волютин тҥйіршіктері қызыл, ал
цитоплазма кӛк тҥсті.
Достарыңызбен бөлісу: