24
САҢЫРАУҚҦЛАҚТАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ.
ЗЕҢ САҢЫРАУҚҦЛАҚТАР
Зең
саңырауқҧлақтар.
Саңырауқҧлақтар
хлорфилсіз
микроорганизмдер. Олар әр тҥрлі субстраттардың бетінде тіршілік етеді.
Саңырауқҧлақтар
жасушаларының
дифференциалды
ядросы
болғандықтан олар эукариоттар тобына жатады. Зең саңырауқҧлақтар
қоректік ортаға талғампаз емес, бірақ олардың кӛп ӛкілдері
ауада
оттегінің болғанын қажет етеді. Олар тӛменгі температураға тӛзімді,
сондықтан тоңазытқыш камераларының ішінде де ӛсіп-ӛне береді.
Саңырауқҧлақтардың тобында сапрофитермен қатар паразиттер де
болады. Саңырауқҧлақтардың екі негізгі тҥрлері бар: тӛменгі және
жоғарғы, бҧл тҥрлері алты кластан тҧрады.
Тӛменгі тҥрдің саңырауқҧлақтарына
хитридиевтер, оомицеттер,
зигомицеттер
кластары
жатады,
ал
жоғарғы
тҥрдің
саңырауқҧлақтарының қҧрамына
аскомицеттер, базидиомецеттер,
дейтеромицеттер, жетілмеген саңырауқұлақтар
кіреді.
Саңырауқҧлақтардың хлорофилі болмағандықтан, олар ӛздерінің
қоректенуіне керекті кӛміртегін тек қана дайын органикалық
қоспалардан ала алады, демек олар – гетеротрофтар.
Ашытқылар мен
қарапайым саңырауқҧлақтардың жіңішке бҧтақталған гифттерден
тҧратын вегетативті денесі (мицелилері) болады.
Мицелилерінің кейбіреулері қоректік ортаның ішінде дамып
жетіледі (субстратты мицелилер), ал енді біреулері бетінде ғана ӛсіп ӛне
алады (ҥлпілдек мицелилер). Тӛменгі тҥрдің саңырауқҧлақтарында
мицелий бір жасушалы, ал жоғарғы тҥрдің ӛкілдерінде ол кӛп жасушалы
болып келеді. Септалардың (қалқалардың) саңылаулары жасушалардың
ӛзара қарым-қатынасын қамтамасыз етіп,
цитоплазма және ядролармен
толықтырылған гифтерден тҧратын тҧйық жҥйені қҧрайды. Кейде
саңырауқҧлақтардың мицелилері тҥбір тәріздес ӛсінділерді –
ризоидтарды қҧрайды. Ризоидтардың кӛмегімен олар субстратқа бекіп,
қажетті қоректік заттарды алады.
Склероциялар – дӛңгелек немесе сопақ формалы гифтердің
шиеленісуі. Олардың кӛлемі ҥлкен,
тығыз болып, ортаның қолайсыз
жағдайларына тӛзімді келеді. Склероцияларда қоректік заттардың қоры
мол болады. Кейбір жоғарғы саңырауқҧлақтарда олар мицелилердің
бҥршіктену сатысы болып табылады.
Кӛптеген саңырауқҧлақтардың мицелийлерінде қалың қабықты
ӛсінділері бар. Сол ӛсінділерінің ішінде қоректік заттар жиналған. Бҧл
хламидоспоралар. Олар бір
немесе бірнеше жасушалы болып, тҥрдің
сақталуына мҥмкіндік туғызады. Хламидоспоралар ортаның қолайсыз
жағдайларына тӛзімді келеді.
Мукордың (11
А
сурет) мицелилерінен ҧрық беретін денелер –
спорангия
сақтаушылары
(спорангиеносцы),
ал
монилилердің
мицелилерінен конидия сақтаушылары (конидиеносцы) таралады.
25
Спорангиялар жарылған кезде олардан эндоспоралар босап шығады.
Олар қолайлы жағдайға тап болған жағдайда жаңа зең саңырауқҧлақтар
пайда болады. Конидия сақтаушылардың ішінде конидиялар немесе
экзоспоралар орналасады.
Олардың формалары шар тәріздес,
шоқпар тәріздес, сопақша, т.б.
болып келеді.Конидия сақтаушылардың әр тармағында бір немесе
бірнеше конидиялар тҥзіледі. Конидия сақтаушылар тармақталмаған
және тармақталған болып екі топқа бӛлінеді. Аспергиллаларда (11
Б
сурет) мҧндай жасушалар тікенек тәрізді болып,
стеригмалар деп
аталады. Олар конидия сақтаушылардың ҧлғайған жерінде орналасады.
Пеницилланың (11
В
сурет) тармақталған бҧтақтарының ҧшында
фиалидалар деп аталатын шӛлмек немесе ҧршық тәріздес жасушалары
бар.
а) мукор
(зигомицеттер класы):
1-эндоспоралары;
2-спорангийлері (ҧрық денесі);
3-спорангияларды сақтаушы;
4-мицелилері.
б) аспергилла
(дейтеромицеттер класы):
1-конидиялары (экзоспоралары); ,
2-стеригмалары;
3-конидияларды сақтаушы;
4-мицелилері.
в) пенициллалар
(дейтеромицеттер класы):
1-конидиялары;
2-фиалидалары;
3-метула;
4-сабақтары;
5-конидияларды сақтаушы;
6-мицелилері.
Достарыңызбен бөлісу: