199
Тӛменгі температурада және мҧздатылған жағдайда вирустың
белсенділігі екі жыл бойы, ал қоршаған ортада кҥз және қыс айларында
140 кҥнге дейін сақталады. +56ºС-де
вирустың патогендік,
гемагглютиндеу мен иммуногендік қасиеттері бҧзылады.
Дезинфекциялаушы заттардың ішінен кҥйдіргіш натрийдің 2-3%-ды
ыстық ерітіндісі, 1-2%-ды формальдегид, 3%-ды
хлорлы әк, 4-5%-ды
ксилонафт ерітінділері вирусты бірнеше минутта ӛлтіреді.
Тауықтардың Ньюкасл ауруын балау эпизоотологиялық деректерге,
клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық ӛзгерістеріне, зертхана
жағдайында вирустарды бӛліп алуға,
оларды индикациялау мен
идентификациялауға, организмде тҥзілген антиденелердің деңгейін
анықтауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: