200
кӛгерген болады. Аурудың жіті ағымынан ӛлген қҧстардың ас қорыту
органдарына қан қҧйылған болады. Тоқ ішектің ісініп, соқыр ішектің
тармақталатын тҧсының ҥлкейгені, ішектің ішкі қабығының қабынғаны,
тік ішектің кілегейлі қабығында ҧсақ дақ тҥрінде немесе жолақтанып
қан қҧйылғаны айқын кӛрінеді. Сонымен қатар,
лимфойдты
ҧлпаларында некротикалық ошақтар мен жаралар байқалады. Тыныс
мҥшелері зақымданған жағдайда қҧстардың басы ісінген, кӛмейі мен
кеңсірігі қызарып, таңдайы сілекейленген, кеңірдек пен ӛкпе қабынған
болады. Кӛк бауыры ҧлғайған, теңбілденген, бозғылт тартып тҧрады.
Некротикалық гепатит байқалады. Жҥрек бҧлшық
еттеріне қан
қҧйылған, ішіне экссудат жиналады. Бас миы ісінген және
гиперемияланған болады.
Аналық безі гиперемияланған, ісінген немесе
атрофияланған болады.
Дифференциалдық
балауы.
Ньюкасл
ауруын
қҧстардың
тҧмауынан, жҧқпалы ларинготрахеиттен, пастереллезден, шешектен
(дифтериялық формасынан), хламидиоздан (пситтакоз), респираторлы
микоплазмоздан, жҧқпалы бронхиттен, спирохетоздан,
уланулар мен
гиповитаминоздан ажырату қажет.
Зертханалық балауы.
Зерттеуге қажетті материал ретінде
ӛлімге ҧшыраған немесе ӛлтірілген қҧстардың бас миы, жілік майы,
ішектері, кӛк бауыры, ӛкпесі, бауырын, саңғырығы және қан
сарысулары, трахея мен клоака шайындылары алынады. Алынған
патологиялық материалдарды мҧз салынған термостарға салып
зертханаға жӛнелтеді. Вирустарды бӛліп алу ҥшін
ауру ошағы
шыққаннан бастап, патологиялық материалды 3-5 кҥн аралығында алу
қажет. Зерттеуге алынған ішкі ағзаларды стерильді 50%-ды глицериннің
дистилденген судағы ерітіндісіне салуға болады. Трахея мен клоака
шайындыларын +4ºС салқындатылған жағдайда ҧстаған жӛн.
Вирустарды өсіру
. Ньюкасл ауруының вирусы 9-11 кҥндік тауық
эмбриондарының
хорионаллантоис
қабықшасында,
тауық
эмбриондарының фибробласттарынан алынған жасушалар мен басқада
алғашқы және тҧрақты жасуша ӛсінділерінде (ВНК-21, Нер-2) ӛсіруге
болады.
Жҧқтыратын материалдың 0,2 мл-ін кемінде 10 дана болатын 9-11
кҥндік тауық эмбрионының аллантоис қуысына стандартты әдіспен
енгізіп, 72 сағат бойы +37,5ºС температураға
реттелген термостатта
инкубациялайды. 72 сағаттан кейін ӛлген эмбриондарды +4ºС-та
тоңазытқышта ҧстаса, қалғандарын термостатта 120 сағат ҧстағаннан
кейін алады. Ӛлген және тірі тауық эмбриондарының аллантоис
сҧйықтықтарын алып, вирустың гемагглютинациялаушы қасиетін және
олардың патогенділігін ГАР-да анықтайды. Вакциналанған қҧстардың
арасынан вакциндік штамдарды (Н, La Sota, Бор 74, т.б.) да бӛліп алуға
болады. Әдетте патогенді штаммдардың гемагглютинациялаушы қасиеті
тӛмен, 1:16-1:128-ге дейінгі титрді қҧраса, ал вакциндік штамдарының
201
гемагглютинациялаушы белсенділігі жоғары, яғни олардың титрі 1:256-
1:2048-ге дейін жетеді.
Ньюкасл вирусымен жҧқтырылған тауық эмбриондарының
фибробласттарынан алынған жасуша ӛсінділеріндегі цитопатогендік
ӛзгерістер 48-60
сағаттан соң байқалып, олардың телімділігі
гемадсорбция реакциясы арқылы айқындалады. Мҧндай вирустардың
ӛсінділеріндегі вирустардың титрі 1:32-1:128-ден аспайды.
Биосынама
6 айлық балапандарда жҥргізіледі. Патологиялық
материалды немесе вирусты балапандардың клоакасына немесе кӛзіне
тамызу арқылы жҧқтырып, 10 кҥн бойы бақылап отырады. Осы уақыт
аралығында ӛлімге ҧшыраған балапандарды жарып сойғанда олардың
трахеясы мен жемсауында нҥктелі қан қҧйылулар,
некротикалық
ошақтар мен ісіктер пайда болады, соқыр ішегінде, пейеров тҥйіндағы
мен клоакасының кілегейлі қабығында жаралар, аналық безінің
аймақтарында қабынулар байқалады
Ньюкасл ауруы вирусының индикациясында
иммунды
ферменттік
талдау, полимеразалық-тізбекті реакциясы мен гемагглютинация
реакциясы қолданылады.
Вирустардың
серологиялық
идентификациясында
гемагглютинацияны тежеу реакциясы, бейтараптау реакциясы,
комплементті байланыстыру реакциясы, иммунды флуоресценция
реакциясы, жанама гемагглютинация реакциясы пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: