Т- және В-лимфоциттерді бір препаратта (Е-РТК және 3С3-РТК әдістерімен) анықтау. 3С
3
- кешенін дайындау ҥшін 5 мл 0,1%-ды
зимозанның дистилденген судағы ерітіндісін 30 минут су моншасында
қыздырып (+80ºС), 10 минут бойы 1000 айн/мин. центрифугалайды. Оны
физиологиялық ерітіндімен шайғаннан кейін қайтадан 5 мл
физиологиялық ерітіндімен суспензиялайды. Ампуладағы комплементті
5 мл физиологиялық ерітіндіде араластырып, оған 5 мл зимозан
суспензиясын қосады да 30 минут +37°С термостатта ҧстайды. Екі мәрте
физиологиялық ерітіндісімен шайып, 3 мл физиологиялық ерітіндімен
немесе Игл ортасымен суспензиялайды. Нәтижесінде комплементпен
ӛңделген (3С
3
- кешені) 0,17%-тік зимозан қоспасы пайда болады.
Лимфоциттерді, 3С
3
-кешенін және 0,5%-ды қой эритроциттерінің
қоспасын тең мӛлшерде арнайы тҥтікте араластырып, 20-22ºС
температурада 25 минут бойы ҧстайды. Уақыт ӛткен соң қоспаны 5
минут аралығында 250-300 айн/мин. центрифугалап, 4ºС температурада
15-18 сағат инкубациялайды. Дайын болған препаратты зат шынысында
глутаральдегидпен бекітіп, Романовский бойынша Азур-Эозинмен
бояйды.
Препаратқа иммерсия майын жағып, жарық микроскоп кӛмегімен
кем дегенде 200-ге жуық лимфоциттерді табу қажет. Егерде ҥш және
одан кӛп қой эритроциттері (Е-РОК) Т-лимфоциттерімен байланысса, ал
ҥш және одан кӛп 3С
3
-РОК зимозан бӛлшектері В-лимфоциттерімен
байланысса нәтиже оң деп бағаланады. Е-РОК және 3С
3
-РОК
байланыстарының пайыздық кӛрсеткішін шығарады.
Бақылау сұрақтары: 1 Қой эритроциттерімен розеткалардың тҥзілу
реакциясының маңызы неде? 2 Қандай лимфциттерде комплементтің
ҥшінші компонентіне арналған рецепторлары болады? 3 Қандай
лимфоциттер
антиденелерді
ӛндірушілер
болып
табылады?
4 Жануарлардың организміне иммунитеттің Т- және В-жҥйесі
жетіспеушілігінің функциональдық маңызы. 5 Лимфоциттердің қандай
жҥйесінің жетіспеушілігі иммуноглобулиндердің тӛмендеуіне әкеп