110
шынысының
бетіне қойып, екі ҧшын парафинмен бекітіп, бӛлме
температурасында (+18ºС) қалдырады. Алғашқы преципитация
сақинасының пайда болуын 2-48 сағаттан соң тіркейді. Преципитация
сақинасының пайда болу уақыты агар бағанасының ҧзындығына және
антиген мен антиденелердің концентрацияларына тәуелді. Пайда болған
сақиналардың санын, олардың қалыңдығы мен тығыздығын лупа
кӛмегімен анықтайды.
Петри шыныларындағы ДПР.
Бҧл әдісте
майсыздандырылған таза
Петри шынысының тҥбіне 1-1,5 мм қалыңдықта балқытылған агарды
қҧйып, қатырады. Сосын оның ҥстіне диаметрі 10-15 мм шҧңқыршықтар
жасауға арналған матрицаны орналастырып, 5-6 мл агар ерітіндісін
қҧяды. Гель қатқаннан кейін матрицаны абайлап алады. Агар геліндегі
пайда болған шеткі шҧңқыршаларға тҥрлі сҧйылтымдағы қан
сарысуларын, ал ортаңғы шҧңқыршаға антигенді қҧйған
соң Петри
шыныларын ылғалды камераға салып, бӛлме температурасында
қалдырады немесе термостатқа қояды.
Пластиналардағы ДПР.
Реакцияда майсыздандырылған, таза,
сызаттары жоқ, беткейі тегіс фотопластиналар немесе зат шынылары
қолданылады. Горизонтальды жағдайда қойылған
пластина немесе зат
шынысының бетіне балқытылған агарды 1 мм қалыңдықта қҧяды. Әрбір
шыны беткейіндегі қатырылған агардың бетіне стандартты трафареттің
кӛмегімен шҧңқыршалар ойғаннан кейін пастер тҥтігімен антигендер
мен телімді қан сарысуларын қҧяды. Агары бар пластиналар ылғалы жоқ
жерде
тҧратындықтан
тез
қҧрғап
қалуын
ескере
отырып,
шҧңқыршаларды антиген және антиденелермен тез арада толтыру қажет.
Телімді преципитаттың пайда болуына зерттеуге алынған антигендер
мен антиденелердің концентрациялары,
ортаңғы және шеткі
шҧңқыршалардың ара қашықтықтары маңызды роль атқарады.
Сондықтан, алдын ала зерттеулер жҥргізу арқылы реагенттердің
концентрациялары мен шҧңқыршалардың ара қашықтықтарын анықтап
алған жӛн. Агар қҧйылған шыны бетіндегі шҧңқыршалардың саны мен
олардың орналасуы жҥргізілетін зерттеу жағдайларына байланысты әр
тҥрлі болуы мҥмкін. Зерттеуде қолданылатын ингредиенттердің
мӛлшері 0,02 мл қҧрайды. Егер преципитациялаушы
қан сарысуының
белсенділігін анықтау керек болса, онда ортаңғы шҧңқыршаға белгілі
антигенді қҧйып, перифериялық шҧңқыршаларға қан сарысуларының
тҥрлі сҧйылтымдарын ҥлестіреді. Телімсіз преципитацияның алдын алу
ҥшін бақылау (белгілі антигендер мен сау мал қан сарысулары)
қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: