Микробиология



Pdf көрінісі
бет99/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

 
 
ТЖ – тест (сыналатын) жолағы; БЖ – бақылау жолағы 

Зерттелетін материал 

Бояу қосылған зерттелетін антигенге телімді антидене конъюгаты және 
сҧйықтықпен қоса сызық бойымен жылжиды 

Тест-жолаққа бекітілген сыналатын антигенге телімді антидене 
_ Тест-жолақтын бақылау аймағына қатаң иммобилизденген 
антиденелерге телімді екіншілік антиденелер. 
45-сурет. Иммунды хроматографиялық талдау қойылымы 
Иммунды хроматография әдісі антиденелердің телімді тҥрдегі (яғни 
таңдаулы) 
антигенмен 
байланысу 
қасиеттерінің 
ерекшелігіне 
негізделген. Яғни бҧл, әр антидене белгілі бір телімді антигенді танып, 
сонымен 
байланысқа 
тҥсетіндігі. 
Осы 
антидененің 
бірегей 
айрықшылығына байланысты барлық иммунологиялық талдаулар, 
соның ішінде ИХТ да негізделген. Сонымен бірге бҧл әдісте 
анықталатын «антиген» ретінде биоматериалдағы анықтайтын індеттік 
агентке қарсы антидене немесе аутоантидене де болуы мҥмкін. Онда 
тестте басқа қолданылатын антиденелер болып табылады. 
ИХТ – да ҥш типті антиденелер қолданылады: 
1.
Зерттелетін антигенге немесе антиденеге қарсы поликлоналды 
жылжымалы антиденелер. Олар коллоидтық алтынмен – бояумен 


122 
конъюгацияланған, мҧны ӛте аз концентрацияда да анықтауға болады. 
Бҧл антиденелер тест-сызықтың физиологиялық ерітініге (несеп, қан) 
батыратын аумағына жақын енгізілген.
2.
Тест-аймағына қатты иммобильденген, зерттелетін антиген 
немесе антиденеге қарсы поликлональды антиденелер. 
3.
Тест-аймағына 
қатты 
иммобильденген, 
моноклональды 
антиденелерге қарсы екіншілік антиденелер. 
Шҧғыл диагностикалаушы тесттер келесі бағытарда қолданылуы 
мҥмкін: 

Эпидемиология – тез арада жҥргізілеін тесттер қауіпті ауруларды 
бақылауда қолданылуы мҥмкін, ең алдымен – індеттік аурулар. 
Денсаулық сақтау саласында тиімді программаларды жасау мақсатында.

Мониторинг – шҧғыл атқарылатын тесттерді жеке тҧлғалардың 
денсаулығының қадағалауда қолдануға болады. 

Диагноз қою - жылдам қойылатын тесттерді науқастарда 
аурудың анықталуын, дәлелденуін немесе жоққа шығаруында қолдануға 
болады.. 
Экспресс-тесттің артықшылықтары: 

Жеңіл және ыңғайлы – нәтижені арнайы қҧрылғы және 
машықтанусыз алуға болады. 

Жылдамдық – диагнозды ӛте тез қоюға мҥмкіндік береді, және 
осыған байланысты қысқа мерзімде анықталған ауруду емдеуге кӛшу 
арқылы оның таралуына жол бермеу. 

Дәлділік – тесттің шынайылығы 99,9% - ға жетіп, әр тестте ішкі 
кіріктірме бақылауы бар.

Ҥнемді – тестті алу ҥшін ӛте тӛмен шығын мен тексеруді ӛткізуге 
кеткен уақытты ҥнемдеу.

Анонимділік – жыныс жолдары арқылы берілетін, және басқа 
жҧқпалы аурудың анықталуында, және де есірткі әсерінен болатын 
деректер ҥшін ӛте маңызды. 

Уақытылы – (және бҧл ең бастысы) яғни нәтижені белгілі бір 
минут ішінде алуға болады. 

Қолайлылық - жылдам қойылатын тесттер арнайы сақтау 
жағдайларын қажет етпейді (бӛлме температурасында сақтау). 
Нақты тест зерттеу материалдарынан (қан сынамалары, плазмалар) 
антигенмен оған сәйкес антиденелердің арасындағы реакцияға және қос 
байланыс әдісімен микро бӛлшектерді сепарциялауға негізделген. 
Талдаудың осы тҥрі тестілеуді жедел ӛткізуді қамтамасыз ететін 
индикаторлық жолақтардың кӛмегімен іске асырылады. Иммунды 
хроматографиялық тестін әсер ету принципі оны физиологиялық 
сҧйықтыққа салған кезде жҧқа қабатты хроматография принципі 
бойынша жолақ бойымен жылжуға негізделген. Бҧл жағдайда 
жылжымалы фаза қызметін физиологиялық сҧйықтық атқарады. 


123 
Сҧйықтықпен бірге бояумен таңбаланған антиденелер де қозғалады. 
Егерде сҧйықтықта зерттелетін антиген болған жағдайда біріншілік және 
екіншілік антиденелер типтерімен байланысуы ӛтеді. Осы кезде ИХТ 
жолақтарының иммобилизденген тест аймақтарында яғни боялған 
антиденелердің айналасында антиденелер жиналып, анық боялған 
жолақтар пайда болады. Ал боялған бос антиденелер жолақ бойымен 
ары қарай жылжып, бақылау аймағында екіншілік антиденелермен 
байланысқа тҥсіп, екінші боялған (бақылау) жолақ пайда болады. 
Зерттелетін субстратта зерттелуші антигеннің болу-болмауына 
қарамастан (талдау дҧрыс жҥргізілген жағдайда) әр қашанда бақылау 
аймағында ӛзара байланысу (боялған жолақ) болуы қажет. Зерттеу 
нәтижесін 5-10 минут аралығында кӛзбен кӛру арқылы анықтауға 
болады. ИХТ – тестілерінде антиденелердің ҥш типі қолданылатын 
болады: 

Ӛте аз концентрациясында да анықтауға мҥмкіндік беретін, 
коллоидты 
алтын 
бояуымен 
конъюгирленген 
(«таңбаланған»), 
зерттелетін антигенге телімді жылжымалы моноклоналды антиденелер.

Жолақтың тест-аймағына қатаң иммобилизденген, зерттелетін 
антигенге телімді поликлоналды антиденелер.

Тест-жолақтын бақылау аймағына қатаң иммобилизденген 
моноклоналды антиденелерге қарсы екіншілік антиденелер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет