Микробиология


Комплементті ҧзақ байланыстыру реакциясы



Pdf көрінісі
бет95/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Комплементті ҧзақ байланыстыру реакциясы
(КҦБР). Бҧл 
реакцияның комплементті байланыстыру реакциясынан айырмашылығы 
оның бірінші фазасының +4°С температурада 16-18 сағат бойы 
жҥргізілуінде. Бҧл жағдайда бактериолиттік жҥйедегі антиген – 
антидене кешені комплементті ҧзақ адсорбциялайды. Осы себептен 
реакция сезімталдылығы арта тҥседі де, антиденелер мен антигендердің 
ӛте аз мӛлшерін анықтауға мҥмкіншілік береді.
 
Бақылау сұрақтары:
 
1 КБР маңызын тҥсіндіріңіз және гемолиттік 
жҥйені қандай мақсатта қолданады? 2 Гемолизинді алу әдісі мен 
титрлеудің принципі. 3 Гемолизиннің жҧмыс титрі дегеніміз не және 
неліктен гемолизинді белгілі титрінде қолдануға болмайды? 4 КБР 
комплементті қандай мақсатта қолданады? 5 Комплементті титрлемеген 
жағдайда не болады? 6 КБР зерттеуге алынған қан сарысуын 
залалсыздандыру қажеттілігі немен тҥсіндіріледі? 


116 
ИММУНДЫ ФЛУОРЕСЦЕНЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ 
 
Иммунды флуоресценция реакциясы (ИФР) зерттеуге алынған 
(жағындылардағы, ҧлпа кесінділеріндегі) материалдағы бактерия немесе 
вирус текті антигендерді флуорохроммен (флуоресцеин-изотиоцианит) 
таңбаланған телімді антиденелердің кӛмегімен анықтауға негізделген. 
Флуорохроммен таңбаланған телімді антиденелер мен антигендер 
байланысқа тҥскен жағдайда люминесценттік микроскоппен байқалатын 
жарқырауық кешендер тҥзіледі.
Люминесценттік 
микроскопия 
ҥшін 
зерттеуге 
алынған 
материалдардан жағындыны зат шынысының бетіне 1,25 мм, ал ҧлпа 
кесіндісін 4-8 мм-ге дейінгі қалыңдықта дайындап, этанол (15 мин), 
метанол (5 мин), ацетон немесе диоксанмен (15-20 мин) 0-2°С 
температурада бекітеді. Бекітілген препаратты рН 7,2-7,4 болатын 0,01М 
фосфатты тҧз ерітіндісімен шайып, ауада кептіреді.
ИФР тікелей қойылымы.
Кӛпіршеге қойылған жағынды бетіне 
жҧмыс сҧйылтымындағы флуорохроммен таңбаланған телімді қан 
сарысуын қосқаннан кейін бетін жауып, бӛлме температурасында 
немесе +37ºС реттелген термостатта 15-20 минут бойы ҧстайды. Уақыт 
ӛткен соң, препаратты 5 рет физиологиялық ерітіндімен және 
дистилденген сумен шайып, ауада кептіріледі. Кептірілген препараттың 
бетіне фосфатты буфер ерітіндісі қосылған глицеринді тамызып
жапқыш 
шынымен 
жауып, иммерсионды 
майдың 
кӛмегімен 
люминесценттік микроскоппен қарайды. Реакция нәтижесі оң болған 
жағдайда жарқырауық денелер тҥрінде кӛрінеді (41-сурет). Жарқырап 
кӛрінген денелердің деңгейлеріне байланысты бір мен тӛрт крест 
бойынша белгіленеді. Бір крестте (+) кҥдікті нәтиже, екі (++) және одан 
жоғарыларында (+++, ++++) оң нәтиже, ал жарқырауық денелер 
байқалмағанда теріс нәтиже (–) деп есептеледі.
ИФР жанама қойылымы.
Бҧл реакцияның тікелей қойылымынан 
айырмашылығы, мҧнда зат шынысының бетіне бекітілген антигеннің 
ҥстіне позитивті қан сарысуы (антигенді анықтауда) немесе зерттеуге 
алынған қан сарысуы (антиденелерді анықтауда) қосылады (42-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет