Микробиология



Pdf көрінісі
бет144/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

ЛЕПТОСПИРОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ 
ЛЕПТОСПИРАЛАР (
leptos 
- ҧсақ, 
spira
- спираль)
Spirochetaceae
тҧқымдасына, 
Leptospira
туысына жатады. Лептоспиралар адамдар мен 
малдарға патогенді (
L.іnterrogans)
және патогенді емес (
L.biflexa
) болып 
екі 
топқа 
бӛлінеді. 
Соңғы 
мәліметтер 
бойынша 
патогенді 
лептоспиралардың 26 серологиялық топтары, 224 серологиялық 
варианттары анықталған. Лептоспироздың негізгі қоздырғыштары болып 
келесі серотоптары саналады: 
bataviae, hebdomadis, grippotyphosa, 
icterohaemorrhagiae, canicola, pomona, tarassovi. 
Бҧл ауруға шалдыққан малдарда қысқа мерзімде дене қызуы 
кӛтеріледі, гемоглобинурия (несептің қан гемоглобинімен боялуы), 
анемия, кілегей қабаттары сарғаяды, ішек-қарын жолдарының атониясы 
мен арықтау белгілері байқалады. Аналық сиырлар мен шошқалар іш 
тастайды. Ауру жедел тҥрде ӛтеді. Ауырып жазылған малдар ҧзақ уақыт 
бойы лептоспира тасымалдаушы және қоршаған ортаға таратушы 
болады.
Патологиялық материал. 
Зертханаға тірі малдардың қаны (дене 
қызуы кӛтерілген және іш тастаған малдардың қаны міндетті тҥрде), 
несебі (таңертеңгілік, азық берер алдында), іш тасталған тӛл толығымен 
немесе екі жағы байланған асқазаны (ішіндегі сҧйықтығымен бірге), 
тӛлдің паренхиматозды органдары жіберіледі. Ӛлген ересек малдардың 
тамырлары байланған жҥрегі, паренхиматозды органдарының кесіндісі, 
бҥйрегі толығымен, кӛкірек және қҧрсақ қуысына жиналған сарғыш 
тҥсті сҧйықтығы (транссудат), лигатураланған (байланған) қуық, жҧлын 
сҧйықтығы алынады, ал ҧсақ малдар тҧтас жӛнелтіледі. Сонымен қатар, 
су қоймаларынан алынған су ҥлгілерін, сирегірек азық, қиды да 


164 
зерттеуге жіберуге болады. Лептоспиралардың тіршілік ету мерзіміне 
байланысты зерттеуге алынған ҥлгілер алынған уақытынан бастап, 6 
сағаттың ішінде, мҧздатылған ҥлгілер 10-12 сағат ішінде, ал несеп 3 
сағат аралығында зерттелуі тиіс. Лептоспирозды балау ҥшін 
бактериологиялық, 
серологиялық 
және 
гистологиялық 
әдістері 
қолданылады.
Бактериологиялық зерттеуге несептің 10-15 мың айналымда 30 
минут бойы центрифугаланған тҧнба мен тҧнба ҥсті сҧйықтығы, қанның 
плазмасы, органдардың суспензиялары алынады.
Микроскопиясы. 
Лептоспиралар 
бояуды 
нашар 
қабылдайтындықтан 
«қысылған 
тамшы» әдісімен 
дайындалған 
препаратты қараңғыланған конденсоры бар микроскоппен қарау арқылы 
зерттейді. Кӛз шалымында олар спираль пішінді, тҥзу немесе S-тәрізді, 
жіңішке, ҧштары ілмек тәрізді иілген жіп болып кӛрінеді. Жасуша 
ҧзындығы 5-20 мкм, ені 0,1-0,2 мкм (76-сурет). Спора, капсула тҥзбейді. 
Олардың жіпшелері жоқ, денесінің фибриллаларының жиырылуының
салдарынан қозғала алады. Грам тәсілімен теріс, ал Романовский-Гимзе 
тәсілінде қызғылт-кӛк тҥске боялады. Люминесценттік микроскопияда 
жағындылар ФИТЦ-пен таңбаланған глобулиндері бар лептоспироз қан 
сарысуымен боялады. Патологиялық материалдардан дайындалған 
микроскопиялық препараттардан лептоспиралар табылған жағдайда 
лептоспирозға диагноз қойған жеткілікті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет