194
Реакция теріс болған жағдайда 3-6 аптадан кейін бастапқы торайлармен
бірге 2 сезімтал жануарға қосымша жҧқтырады. Вируленттілігі жоғары
штамдармен жҧқтырылған жануарлардың 40%-ы немесе оданда
жоғарғысы ӛлімге ҧшырап, ауруға тін белгілері анық кӛрінеді.
Вируленттілігі әлсіз штамдарымен жҧқтырылған 15-20 кг болатын
жануарларда аурудың созылмалы ағымы байқалса, салмағы 35 кг
шошқалардың дене қызуының бірнеше кҥнге дейін кӛтерілуімен
шектеліп қана қояды. Мҧндай жануарларды сойып тексергенде, аздаған
нҥктелі қанталаулар байқалады.
Гистологиялық зерттеу
жҥйке ҧлпаларындағы ӛзгерістерді
анықтау мақсатында жҥргізіледі. Ол ҥшін ӛлген немесе сойылған
шошқалардың бас миының жарты шарын, мишығын, әр жерінің
жҧлынын алғаннан кейін, олардан гистологиялық препараттар
дайындап, гемотоксилин-эозинмен бояйды. Кӛпшілік жағдайда (70-93%)
орталық жҥйке жҥйесінде лимфоцитарлық энцефаломиелит пен
ганглиозды жасушалардың дистрофиясы байқалады. Лимфа бездерінен,
жҥрек бҧлшық еттері мен бҥйректен дайындалған кесінділерде
жасушалар ядросының ішінен ядрошықтардан бірнеше есе кіші, ҧсақ
ацидофильді денешіктер кӛрінеді.
Вирустардың
серологиялық
идентификациясында
иммунды
флуоресценция, жанама гемагглютинация, диффузиялық преципитация,
иммунды электрофорез, пероксидазалық байланыстарды бейтараптау,
полимеразалық тізбекті реакциялар мен иммунды ферменттік талдау
әдістері
қолданылады.
Шошқалардың
африкалық
обасының
ретроспективті балауында
комплементті байланыстыру, диффузиялық
преципитация,
иммунды
флуоресценция
және
бейтараптау
реакцияларының кӛмегімен іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: