195
Ауру қоздырғышы РНҚ-лы бар вирустар тобына,
Ortomyxoviridae
тҧқымдастығына,
Influenzavirus
туысына жатады. Вирус қҧрамында 10
қҧрылымды белоктар бар, ортасында 8 фрагменттен тҧратын бір
жіпшелі РНК орналасқан, сфера пішінді, кӛлемі 80-120 нм болады (85-
сурет).
Қҧс тҧмауының аса патогенді штамдарының барлықтары А
типіне, H5 және H7 тип тармақтарына жататындығы анықталған.
Гемагглютинин жағынан 16
тҥрлі
және
нераминидаза
ферменті
бойынша
9
тҥрлі
серологиялық
варианттары
белгілі. Ҥй қҧстарына
қауіпті
болып
H7N7
және
H5N1
штамдары саналады. Аталмыш
вирус штамдарымен зақымдалған
қҧстар жаппай қырылып қалады.
Қҧс
тҧмауы
вирусының
рекомбинациялануына
қарай
қоздырғыштың қҧрылымы ғана ӛзгеріске ҧшырап қоймай, олардың
биологиялық қасиеттері (РНҚ-ның кейбір учаскелері) де ӛзгеріске
ҧшырап отырады. Осыған байланысты организмде тҥзілген антиденелер
екінші рет енген вирусқа қарсы тҧра алмайды. Осындай қҧс тҧмауы
вирусының мутанттары адамдар ҥшін ӛте қауіпті болып келеді.
Қҧстар тҧмау вирусының резервуары болып есептеледі. Себебі
қҧстардың организмінде
вирустар рекомбинацияланып, патогенділік
қасиеттері ӛзгеріске ҧшыраған әр тҥрлі варианттары пайда болып,
қҧстардың кӛптеген тҥрлерінде, сҥт қоректілер мен адамдар арасында әр
тҥрлі клиникалық белгілерімен сипатталатын, тҥрлі атаулармен
аталатын ауруларды қоздырады.
Кейінгі кезде ол аурулардың
барлықтарын бір қоздырғыштың, яғни қҧс тҧмауы вирусының
тудыратындығы дәлелденіп отыр. Оларды бір-бірінен ажырату
қоздырғыштың қасиеттерін анықтауға, биосынамалар
мен иммунитетін
тексеру нәтижелеріне негізделеді.
Тҧмау вирусының негізгі компоненттері: вируленттік қасиеттеріне
жауапты, А типіне тән, комплементті байланыстыру реакциясымен
анықталатын
–
S-антигені
(РНҚ+полипептид);
қоздырғыштың
серологиялық вариантын анықтайтын,
вирустың иммуногендік және
антигендік белсенділіктеріне жауапты, ГАТР, ЖГАР және БР арқылы
анықталатын – V-антигені (гемагглютинин); вирустың нейраминидаза
серотипін бейнелейтін, кӛбеюі
кезінде жасушадан шығуы мен
вируленттілік қасиетіне жауапты, нейраминидаза белсенділігін тежеу
реакциясымен анықталатын (НБТР) – нейраминидаза ферменті болады.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің
Биотехнология ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының жҥргізген
зерттеулерінің нәтижесінде қҧс тҧмауы вирусының А типінің H5N1
штамы антигенінің қҧрамында иммунды ферменттік талдау мен
Достарыңызбен бөлісу: