197
белгілері мен патологоанатомиялық ӛзгерістері мҥлде
байқалмауы
мҥмкін.
Дифференциалдық
балауы.
Қҧстардың
тҧмау
вирусын
пастереллезден, Ньюкасл ауруынан, жҧқпалы ларинготрахеиттен,
жҧқпалы бронхиттен, респираторлы микоплазмоз бен гемофилезден
ажырату қажет.
Зертханалық балауы.
Зерттеуге қажетті материал ретінде
жаңадан ӛлген немесе ӛлтірілген қҧстарды, клоака шайындысын, бас
миын, ӛкпесін, кӛк бауырын, трахеясын,
ішектерін алып, сҧйық азотта
қатырып, зертханаға жӛнелтеді. Сонымен қатар, кҥдікті қҧстардың қан
сарысулары да алынады.
Вирустарды өсіру
. Қҧс тҧмауының вирусы тауық эмбриондарында
жақсы ӛседі. Вирустардың кӛп мӛлшерде жиналуы олардың
вируленттілігіне және онда адаптациялануына байланысты болып
келеді. Тҧмау вирусының барлық штамдары бірінші пассаждан кейін 26-
36 сағаттан соң эмбриондарды ӛлімге ҧшыратып, олардың
вируленттілігі арта тҥседі. Вирустың кейбір штамдарын тауық
эмбрионы
фибробласттарынан алынған жасуша ӛсінділерінде, маймыл бҥйрегінен
алынған алғашқы-трипсинделген жасуша ӛсінділерінде, басқаларын
диплоидты және тҧрақты жасуша ӛсінділерінде де ӛсіруге болады.
Ибраев Н.Е., Боровиков С.Н. және басқалар қҧс тҧмауы вирусының
А типінің H5N1 штамынан белокты антиген алу ҥшін ауру қҧстардың
трахеальдық және клоака жағындыларынан дайындалған 10%-ды
суспензияға антибиотик қосып 9-11 кҥндік тауық эмбриондарының
аллантоис қуысына енгізгеннен кейін +35-37ºС-ге реттелген,
ылғалдылығы 56-57%-ды қҧрайтын термостатта 4-7 тәулік бойы ӛсірген.
Инкубациялау уақыты аяқталғаннан кейін тауық эмбриондарын
салқындатып (+4ºС), аллантоис сҧйықтығының гемагглютинирлеуші
белсенділігін гемагглютинация реакциясымен анықтаған.
Белсенділік
кӛрсеткен вирустарды инактивациялау ҥшін эмбриондардың аллантоис
сҧйықтығына β-пропилактон қостық. Зерттеуге алынған материалдың
қҧрамындағы белоктың концентрациялары 8 мг/мл-ді қҧраған.
Биосынама.
Зерттеуге алынған суспензияны 4-8 апталық тауық
балапандарының тері астына, бҧлшық етіне, миына немесе
конъюнктивасына жҧқтырады. Әдетте жҧқтырылған балапандар,
қоздырғыштың дозасына және вируленттілігіне байланысты 36-72
сағаттан кейін ӛлімге ҧшырайды.
Цитоскопия.
Бҧл әдіспен тексеру ҥшін қҧстардың
жоғарғы тыныс
жолдарының кілегейлі қабықшалары және органдарының ҧлпаларынан
дайындалған жағындыларды пайдаланады. Препараттарды кептіргеннен
кейін Романовский, Пигаревский, Быковский әдістерімен бояйды.
Тҧмауға шалдыққан қҧстардың ҧлпаларынан дайындалып, Быковский
және Пигаревский тәсілдерімен боялған жағындыларында жасуша
цитоплазмасынан ашық-қызыл тҥсті денешіктер байқалады. Ал
Романовский әдісімен боялған препаратта денешіктер кҥлгін тҥсті
198
болып кӛрінеді. Жасуша ішілік денешіктер тек цилиндірлі эпителилерде
ғана емес,
сонымен қатар макрофагтардың, лейкоциттер мен жалпақ
эпителидің цитоплазмаларында да байқалады. Кейінгі кезде мҧндай
зерттеулер люминесцентті микроскоптың кӛмегімен жҥргізілуде.
Вирустардың
индикациясы
мен
идентификациясында
гемагглютинация, гемагглютинацияны тежеу, жанама иммунды
флуоресценция, комплементті байланыстыру, вирустарды бейтараптау
реакциялары, иммунды ферменттік талдау
мен полимеразалы-тізбекті
реакция қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: