Препарат дайындау. Тығыз қоректік ортадағы ӛсіндіні препарат
инесінің кӛмегімен алып, зат шынысының ҥстіне салып, екінші зат
шынысымен жабады. Материалды езе отыра, шыныларды қарама-қарсы
бағыттарда жылжытып, ажыратқанда екі препарат дайын болады. Сҧйық
қоректік ортадағы ӛсінді суспензиясын зат шынысының бетіне
микробиологиялық ілмектің кӛмегімен жағынды жасайды. Бекітілген
жағындыны Пфейффер фуксинімен бояп, микроскоппен қарағанда
шоқталып орналасқан жіңішке бҧтақталған (тарамдалған) жіптер
(гифтер) кӛрінеді.
Ашытқылар – бір жасушалы, мицелилері жоқ, бҥршіктенетін
саңырауқҧлақтар. Олар аскомицеттер класына жатады. Жасушаларының
формасы сопақ, дӛңгелек, лимон тәріздес болып келеді. Олардың
жасушаларының қабығы, цитоплазмасы және боялмаған препараттарда
айқын кӛрінетін ядросы болады. Жас жасушалардың цитоплазмасы
біркелкі, ал ересектерінде вакуольдер пайда болады.
Ашытқылар микробтарға қарағанда бір шама ҥлкен, олардың
диаметрлері 10-15 мкм-ге дейін жетеді. Ашытқы жасушасының ішінде
спора тҥзілген соң олар сумкалар (аскалар) деп аталады. Спораларының
саны 4-тен 12-ге дейін барады. Ашытқы жасушалары тынышталған
немесе артроспора тҥрінде де кездеседі. Олар вегетативті формалардан
екі қабатты қабығымен, қоректік заттарының (гликоген, май)
молшылығымен және вакуольдердің жоқтығымен ажыратылады.
Ашытқылар бҥршіктену арқылы, спора немесе жыныстық жолдарымен
кӛбейеді.
Препарат дайындау. Ашытқы ӛсіндісінен алдын ала жасалған
тамшыны микробиологиялық ілмектің кӛмегімен зат шынысының
салғаннан кейін жамылғы шынысымен жауып, микроскоптың
иммерсионды жҥйесімен зерттейді. Ашытқы жасушалары микроскоптың
кіші ҧлғайтуымен (х400) кӛрінеді, бірақ олардың мӛлшерін басқа
28
микроорганизмдердің мӛлшерімен салыстыру ҥшін препаратты
иммерсионды жҥйемен қараған жӛн.
Микроскопиялық кӛрініс: кӛз шалымында дӛңгелек және сопақ
жасушалар кӛрінеді. Олардың кейбіреулері бӛлшектену сатысында
болады.