Микробиология



Pdf көрінісі
бет22/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Бақылау сұрақтары:
 
1 Актиномицеттердің жалпы сипаттамасы.
2 Ашытқылардың қҧрылымы және кӛбею жолдары. 3 Олардан 
препараттарды дайындау.
ҚОРЕКТІК ОРТАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ 
 
Микроорганизмдердің қоректенуі.
Жасуша ішіне сыртқы ортадан 
енген қоректік заттардан жаңа заттардың тҥзілуі немесе олардың 
ыдырауы кҥрделі биохимиялық процестердің кӛмегімен іске асып 
отырады. Микроорганизмдер табиғатта қоректік заттарды ӛсімдіктер 
мен жануарлар қалдықтарынан немесе тірі жасушалардан алады. 
Зертханаларда микроорганизмдерді ӛсіру ҥшін арнайы әзірленген 
қоректік орталар қолданылады. Оларды ӛздерінің қҧрамына қарай 
табиғи (сҥт, сарысу, жҧмыртқа, ет, картоп, бҧршақ, сәбіз, т.б.) және 
жасанды қоректік орталар деп екіге бӛлінеді. Жасанды қоректік орталар 
арнайы рецепттер бойынша дайындалады. Олар жануар текті (ЕПС, 
ЕПА, ЕПЖ) және ӛсімдік текті (сыра суслосы) болып екі топқа бӛлінеді. 
Барлық микроорганизмдер бір ғана қоректік ортада ӛсе бермейді. Әр 
организм ӛзінің ӛсіп дамуына арнайы қҧрамы бар қоректік ортаны керек 
етеді. Берілген бір ғана микроорганизмнің тҥрін ӛсіруге арналған 
қоректік орталарды таңдаулы (таңдаулы) орталар деп атайды. 
Дайындалған орталарды қҧрғақ, салқын орындарда ҧстайды, қоректік 
орталарға арналған ыдыстарды (шыны тҥтіктерді) жақсылап жуып, 
бейтараптап, кептірген соң бу стерилизаторында немесе кептіргіш 
шкафта стерильдейді (160-170ºС). Мақталы тығындарды қолмен немесе 
тығын жасағыш қондырғы кӛмегімен әзірлейді. Қолданылған 
тығындарды әуелі кептіреді, сонан соң стерильдейді. Мақталы тығындар 
қҧрғақ және шыны тҥтікке жақсы ҥйлестірілген болуы керек. Дымқыл 
жерде олар ылғалды тартып алып, зең саңырауқҧлақтардың ӛсуіне 
жағдай туғызады. Бҧл саңырауқҧлақтар және басқа микроорганизмдер 
шыны тҥтіктің ішіне тҥседі де, қоректік ортаның стерильділігін бҧзады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет