23
герметикалық жабылған дымқыл камерада ілініп тҧрады. Бҧл препарат
микробтардың жылжымалылығын кӛп
уақыт аралығында бақылауға
мҥмкіндік береді. Препарат шамалы қараңғыланған кӛз шалымында
(диафрагманы тарылтады) зерттеледі. Бҧл боялмаған формалардың
кӛрінісін айқындата тҥседі.
«Қысылған» тамшыны
кәдімгі
зат шынысының бетінде
дайындайды. Бҧл ҥшін оның бетіне микробтардың бір тамшысын
тамызып, жамылғы шынысымен жабады. Дайын препарат жоғарыда
аталғандай кӛз шалымында тексеріледі.
Микробтардың қозғалыс
реакциялары
(таксистері)
химиялық
заттармен
(хемотаксис),
молекулалық оттегімен (аэротаксис), жарықпен (фототаксис), электр
тоғымен (электротаксис), сумен (гидротаксис) және т.б. бір жақты
тітіркендіру әсерінен пайда болады.
Оң таксисте қозғалыс
тітіркендіргіштерге бағытталады (жақындайды), теріс таксисте,
керісінше, бағытта байқалады.
Микробтардың жылжымалылығын зерттегенде нағыз қозғалысты
микробтар бір орында тҧрып, қоршаған
ортаның молекулаларының
әсерінен тербеліп тҧрады немесе сҧйықтықтың ағысы бойынша
жылжиды.
Микроорганизмдердің кӛлемін анықтау.
Халықаралық бірліктер
жҥйесі бойынша (СИ), микробтардың ӛлшем бірлігі ретінде микрометр
(мкм) бекітілген. 1 мкм 10
-6
метрге тең.
Жасушаны объектілі және
окулярлы микрометрлердің кӛмегімен ӛлшейді.
Объектілі микрометр.
Бҧл – 100 бӛлшекке бӛлінген 1 мм сызғышы
бар зат шынысы. Әр бӛлік 10
-5
метрге немесе 100 мкм-ге тең. Объектілі
микрометр окулярлы микрометрдің бір бӛлігінің мӛлшерін анықтау
ҥшін қолданылады.
Окулярлы микрометр
шкаласы бар дӛңгелек табақтың пішініндей
болады. Шкаланың ҧзындығы 5 мм. Ол 50 бӛліктен тҧрады. Окулярлы
микрометр тікелей объектілердің (микробтардың) мӛлшерлерін
анықтайды. Оны окулярдың линзаларының ортасына бӛліктерімен
тӛмен қарата орналастырады. Ол ҥшін кӛз линзасы бҧралып алынады.
Объективті микрометрді зат ҥстелінің ҥстіне орналастырады да,
фокусты тауып, микрометрлердің шкалаларын бір-біріне сайма сай
келтіреді. Иммерсионды жҥйемен істегенде объективті микрометрге бал
қарағайдың майын тамызады.
Окулярлы микрометрдің бір бөлігінің мөлшерін анықтау.
Мысал:
объектілі микрометрдің 5 бӛлігі окулярлы микроскоптың 30 бӛлігімен
сайма сай келеді. Окулярлы микрометрдің бір бӛлігінің мӛлшері 1,66
мкм-ге тең болады (5х10= 50 және 50:30).
Достарыңызбен бөлісу: