Микробиология


Фузариум (жетілмеген саңырауқҧлақтар)



Pdf көрінісі
бет20/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Фузариум (жетілмеген саңырауқҧлақтар).
Мицелилері ақ, 
қызғылт немесе сары тҥсті болады. Олардан қысқа бҧтақталған конидия 
сақтаушылар 
таралады. 
Олардың 
кондиялары 
орақ 
тәріздес 
(микроконидиялар) және сопақша тҥрде (микрокондиялар) болады. 
Макрокондиялардың қалқалары болады, ал микрокондиялар кӛбінесе 
қалқасыз кҥйінде кездеседі. Хламидоспоралар шар тәріздес, алмҧрт 
тәріздес шоғырланып немесе тізбектеліп орналасады. Олар ескі конидия 
сақтаушыларының 
бойында, 
конидияларда 
тҥзіледі. 
Ҥлпілдек 
мицелилері жақсы жетілген. 
Фузариумдар табиғатта кеңінен таралған. Олардың кӛбі 
жемістердің, кӛкӛністердің бҧзылуына себепкер болады, ӛсімдіктердің 
жапырақтары сарғайып, олардың бетінде сҧрғылт қызыл тҥсті жҧқа 
қабық пайда болады. Фузариумдар тӛменгі температураларда токсиндер 
(зеараленон,Т-2 
микотоксин 
және 
т.б.) 
тҥзеді. 
Зақымдалған 
ӛсімдіктермен азықтанған малдар мен қҧстар уланады. Жануарлардың 
кҥйі нашарлап, қозғалуы (координациясы) бҧзылады. Фузариумдардың 
микотоксині шошқалардың эстрогенизмін, аналық бездерінің 
дегенеративтік ӛзгерістерін қоздырады да, бедеулікке әкеледі. Т-2 
микотоксині ішек-қарын жолын, жҥрек тамыр жҥйесін, сонымен қатар 
жілік майын, лимфа бездерін және басқа органдар мен ҧлпаларын 
зақымдайды. 
Бақылау сұрақтары:
1 Саңырауқҧлақтардың жалпы
сипаттамасы. 2 Жоғарғы және тӛменгі, жетілген және жетілмеген 
саңырауқҧлақтардың айырмашылықтары. 3 Фикомицет мен микомицет 
ӛкілдерінің сипаттамасы.
 
АКТИНОМИЦЕТТЕР (СӘУЛЕЛІ САҢЫРАУҚҦЛАҚТАР). 
АШЫТҚЫЛАР 
Актиномицеттер (сәулелі саңырауқҧлақтар)
– 
бір жасушалы, 
грам оң микроорганизм. Олардың бойында бактериялар мен қарапайым 


27 
саңырауқҧлақтардың қасиеттері бар. Актиномицеттердің мицелилерінің 
гифтері субстратта сәулелер тәріздес жайылып ӛседі, осыған 
байланысты олар сәулелі саңырауқҧлақ деп аталады. Актиномицеттердің 
бҧл қасиеті оларды саңырауқҧлақтарға жақындатады. Гифтердің 
жуандығы 
бактериялардың 
жуандығындай, 
сондықтан 
оларды 
бактериялар сияқты микроскоптың иммерсионды жҥйесі арқылы 
зерттейді. Олардың мицелилері субстратты және ҥлпілдек болып келеді. 
Әуелі субстратты мицелилер, сонан соң олардың колониялары барқыт 
тәрізді ҥлпілдек болады. Актиномицеттердің колониялары тығыз 
консистенциялы болып, қоректік ортамен берік байланысады, сондықтан 
препарат дайындау ҥшін оларды субстратпен бірге алып шығады. 
Актиномицеттер пигмент тҥзіп, әр тҥрлі (қызғылт, қызыл, қоңыр, 
қара және т.б.) тҥстерге боялады. Актиномицеттердің тҥрлерін ҥлпілдек 
мицелилерінің қҧрылысы арқылы анықтайды. Мицелиден споралары бар 
спора сақтаушылар таралады (жеміс беру органы). Актиномицеттер 
аэробтар, ет пептонды агарда (ЕПА), 30-35ºС-та жақсы ӛседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет