Микробиология



Pdf көрінісі
бет25/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Кит–Тароций ортасы
(ЕПБС) анаэробты микроорганизмдерді 
ӛсіруге арналған. Оның қҧрамында қоректік сорпа, 0,5% натрий хлориді, 
оттегін сорып алуға қажетті бауыр немесе бҧлшық ет тҥйіршіктері 
болады. Ортаның рН-ын 7,6-7,8-ге жеткізеді. Ортаның бетіне жҧқалап 
индифферентті вазелин майын қҧйып, 30 минут қайнатады. 
Микробтарды қоректік ортаға себер алдында, қоректік ортадағы ауаны 
кетіру ҥшін, ортаны қайнап жатқан су моншасында 15 минут ҧстайды. 
Дайындалған қоректік орталардың стерильділігін тексеру ҥшін оларды 3 
тәулікке 
37°С-ге 
реттелген 
термостатқа 
қояды. 
Ешқандай 
микроорганизмдердің 
ӛсуінің 
байқалмауы 
ортаның 
жақсы 
стерильденгенінің дәлелі, ал ӛсуі бар орталар байқалса, барлық партия 
жарамсыз деп табылады. 
Қоректік орта компоненттерінің қысқаша сипаттамасы.
Агар-агар
кейбір теңіз балдырларын сумен қосып қайнату кезінде 
пайда болатын экстракт. Судағы пайда болған масса сілікпе тәрізді 
болады. Жоғарғы сапалы агар-агар ТМД, Жапония және басқа да 
елдерде қызыл тҥсті теңіз балдырларынан дайындалады. Қҧрамына 
қарай агар-агар ӛте кҥрделі органикалық қоспа (70-80% полисахарид) 
болып табылады. Агар-агар әлсіз сары тҥсті ҧнтақ, пластина және жіп 
тәрізді болады.
Пептон –
қышқыл ортада ферменттердің әсерінен толық 
ыдырамаған белоктардың ӛнімі. Оның қҧрамы микробтардың 
тіршілігіне қажетті полипептидтер мен амин қышқылдарының 
қоспасынан тҧрады. Пептонды ірі және ҧсақ қара малдың ҥлкен 
қарнынан алады. Ол суда жақсы ериді, қыздырғанда ҧйымайды, тҧз 
ерітінділерін қосқанда тҧнбаға тҥседі. 
Желатин –
белоктан тҧратын жануарлар желімі. Оны 
шеміршектерді, сҥйектерді, сіңірлерді әбден қайнату арқылы алады. 


31 
Олардың сырт кӛрінісі ашық қоңыр тҥсті жапырақшалар тәрізді болып 
келеді. Иісі, дәмі болмайды, 32-34°С температурада балқи бастайды
16°С-де қатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет