Микробиология



Pdf көрінісі
бет27/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

12-сурет. «DRI HEAT MELAG» 
кептіргіш шкафы


32 
температураға 
байланысты. 
Температура 
жоғарылаған 
сайын, 
стерильдеу мезгілі азая береді (140ºС – 2 сағат, 170ºС – 45 минут). 
Жанғыш заттарды, қоректік орталарды, резеңкеден жасалған 
бҧйымдарды ыстық қҧрғақ ауамен стерильдеуге болмайды. 
Ылғалды ыстық ауамен стерильдеу тәсілдері 
Қайнату арқылы 
шприц, ине, пинцет, скальпель, т.б. инструменттер 
мен кейбір резеңке және шыныдан жасалған заттарды арнайы 
стерилизаторларға 
салып, 
стерильдейді. 
Стерилизатордың 
екі 
қабатталған дәкесі бар торшасының бетіне саймандарды салып, қажетті 
мӛлшерде 2%-дық натрий гидрокарбонаты қосылған
 
су қҧйып, 20-30 
минут қайнатады. 
Ыстық ағымды бумен стерильдеуді 
Кох аппаратында 100ºС 
температурада 30-40 минут жҥргізеді. Оның қақпағының ҥстінде 
тесіктері бар (термометрге және будың шығуына арналған) цилиндр 
тәрізді, бір қабаттан тҧратын темір ыдыс. Ыдыстың ішінде тесіктері бар, 
 
стерильденетін заттарды қоюға арналған қойғыштары болады. 
Стерильдену уақытын су қайнағаннан бастап есептейді. Стерильдеу 
жҧмыстарының 
ҥш 
кҥн 
жҥргізеді. 
Себебі, 
біріншісінде 
микроорганизмдердің вегетативті формалары ғана ӛледі. Бациллалардың 
споралары стерильдеу аралықтарында вегетативті формаға айналып
ҥшінші кҥні толық жойылады. Бҧл тәсілмен қоректік орталарды, т.б. 
материалдарды стерильдейді. 
Тиндализация 
– 100ºС-ден тӛменгі температурада дробты 
стерильдеу. Мҧндай жҧмысты су моншаларында жҥргізеді. Стерильдеу 
уақыты қолданылған температураларға байланысты болады. 70-80ºС – 3 
кҥн, 60-65ºС – 5 кҥн, 56-58ºС – 6-7 кҥн. Бірінші кҥні материалды 2 сағат, 
қалған кҥндері 1 сағаттан стерильдейді. 
Автоклавтау
– қақпағы тығыз жабылған арнай қондырғыларда 
(автоклавта) температурасы жоғары бу қысымымен стерильдеу (13-
сурет). Автоклавта 100ºС-ден жоғары температураға тӛзімді қоректік 
орталарды, физиологиялық ерітінділерді, қағазға оралған шыны 
ыдыстарды, метал бикске салынған таңғыш материалдарды, халаттарды, 
қолданылған бактерия ӛсінділері мен ыдыстарды 1,5 атмосферада 1 
сағат стерильдейді.
Таза 
материалдарды 
0,5 
атмосферада 
30-40 
минут 
залалсыздандырады. Автоклавтағы будың қысымы кӛтерілгенде, 
температурасы да кӛтеріледі. 
0,505х105 ПА (0,5 атм.)–температурада 110-112ºС 
1,01х105 ПА (1 атм.) – температурада 120-121ºС 
1,515х105 ПА (1,5 атм.) – температурада 124-126ºС 
2,02х105 ПА (2 атм.) – температурада 132-133ºС 
Пастерлеу
тағамдардың қоректік (сҥт, ет, балық, жеміс 
консервілері) заттарының қҧндылығын сақтап қалу мақсатында 
қолданылады. Пастерлеу кезінде ӛнімдерді 30 минут 80ºС-ге дейінгі 


33 
температураға қыздырып, сосын тез арада 4-8ºС-ге суытады. Ӛндіріс 
орындарында суытқыш жҥйесі бар пастеризаторлар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет