Микробиология


Алғашқы трипсинделген жасуша ӛсінділерін алу тәсілі



Pdf көрінісі
бет73/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Алғашқы трипсинделген жасуша ӛсінділерін алу тәсілі.
Тауық 
эмбрионын немесе жас малдардың ағзаларын (бҥйрек, ӛкпе, тері, тимус, 
тестикула) ҧсақтап турап, 2-3 рет Хенкс ерітіндісімен шаяды да, колбаға 
салады. Оған 35-37ºС-ге дейін жылытылған трипсиннің 0,15%-ды 
ерітіндісін 1:3 қатынасында қосып, магнитті араластырғышқа қояды. 
Әрбір 3-5 минут сайын ҧлпалардан ажыраған жасушаларды трипсинімен 
бірге центрифуга тҥтігіне ауыстырып, трипсиннің жасушаға әсерін 
тежеу ҥшін тоңазытқышта ҧстайды. Колбадағы кесінділерге қайта 
трипсин қосады да, қайта араластырады. Осындай процедураны 3-5 рет 
қайталайды.
Трипсинделген жасуша суспензияларын 1000 айн/мин. 10 минут 
бойы центрифугалағаннан кейін тҧнба сҧйықтығын тӛгіп, жасуша 
тҧнбасын жылы қоректік ортамен араластырады да, ҥш қабатты дәкемен 
сҥзеді. Жақсылап араластырылған жасуша суспензиясының 1 мл-ін алып 
Горяев камерасында санайды. Сонан соң 1 мл қоректік ортада 700 
мыңнан 1 млн жасушаға дейінгі мӛлшерде араластырып, матрастарға 
қҧйып, термостатта инкубациялайды.
 
Бақылау сұрақтары:
1 Жасуша ӛсінділерінің тҥрлері және 
олардың сипаттамасы. 2 Жасуша ӛсінділерін сақтау жолдары. 3 Жасуша 
ӛсінділерін ӛсіруде қолданылатын ерітінділер мен қоректік орталар.
4 Алғашқы трипсинделген жасуша ӛсінділерін алу тәсілі. 5 Жасуша 
ӛсінділерін вирустық материалдармен жҧқтыру әдістері. 6 Жасуша 
ӛсінділеріндегі вирустарды анықтау тәсілдері. 


94 
ІІІ Бӛлім. Иммунология 
ОРГАНИЗМНІҢ ТЕЛІМСІЗ РЕЗИСТЕНТТІЛІГІН АНЫҚТАУ 
ӘДІСТЕРІ
Жҧқпалы ару қоздырғыштарынан макроорганизмнің қорғанысына 
тек қана иммундық жҥйе емес, сонымен қатар телімсіз механизмдер – 
кілегей мен тері жабындыларының ӛткізбеушілігі, фагоцитоз, 
лизоцимнің бактерицидтік әсерлері және гуморальды факторлар – 
комплемент, пропедрин және т.б. ӛз септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет