Микробиология



Pdf көрінісі
бет91/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

 
Бақылау сұрақтары: 
1 Преципитация реакциясы және оның 
тәжірибеде қолданылуы. 2 ПР қолданылатын антигендердің ерекшелігі. 
3 Диффузиялы преципитацияларының қойылу жолдары.


111 
КОМПЛЕМЕНТТІ БАЙЛАНЫСТЫРУ РЕАКЦИЯСЫ 
 
Комплементі байланыстыру реакциясын ауру малдың қан 
сарысуынан телімді антиденелерді (бруцеллез, маңқа, лептоспироз, 
перипневмония және т.б. аурулардың балауында) анықтауда және 
телімді иммунды қан сарысуларының кӛмегімен зерттелетін 
жадығаттардан телімді антигендерді (бактериалдық және вирустық) 
анықтауда қолданады. Сонымен қатар бҧл реакция ауру малдардан 
бӛлініп алынған ауру қоздырғыштарын, олардың типтері мен тип 
тармақтарын анықтау және вакциналарды дайындауға арналған 
ӛндірістік 
штамдары 
мен 
ғылыми-зерттеу 
жҧмыстарында 
пайдаланылатын зертханалық штамдарын тексеру ҥшін пайдаланылады.
Бҧл реакцияны 1901 жылы Борде мен Жангу бактериолиз және 
гемолиз феномендерін қолдана отыра жарыққа шығарды.
КБР бес компонент қатысады: 1) антиген; 2) зерттеуге алынған қан 
сарысуы; 3) комплемент; 4) гемолиттік қан сарысуы; 5) қой 
эритроциттері. 1, 2 және 3 компоненттер тәжірибелік (бактериолиттік 
немесе цитолиттік) жҥйені, ал 3, 4 және 5 компоненттер индикаторлық 
жҥйені қҧрайды. Егер антиген мен зерттеуге алынған қан сарысуындағы 
антидене бір-біріне сәйкес келсе, онда антиген-антидене кешені пайда 
болып, бҧл кешен комплементті ӛзіне тартады. Ал, егер зерттеуге 
алынған қан сарысуында антигенге сәйкес антидене болмаса, иммунды 
кешен қалыптаспайды, сондықтан комплемент бос қалады (40-сурет).
Комплементтің антиген-антидене кешенімен байланысқанын немесе 
оның бос қалғанын анықтау ҥшін шыны тҥтікке индикатор ретінде 
гемолиттік жҥйенің компоненттерін – гемолиттік қан сарысуы мен 
эритроциттерді қосады. Егер батериолиттік жҥйеде комплемент 
байланыстырылған болса, эритроциттердің гемолизі байқалмайды.
Бҧл жағдай антигеннің зерттеуге алынған қан сарысуындағы 
иммунды денелерге ҥйлесімді екендігін дәлелдейді. Бактериалды жҥйе 
ерітілген қан сарысуын, антигеннің және комплементтің 0,5 мл 
мӛлшерлерінен қҧралады.
Бҧл жҥйе су моншасында 20 минут ҧсталынады (37ºС-38ºС). Қан 
сарысуы алдын ала 58-60ºС 30 минут аралығында олардың ӛз 
комплементтерінің кҥшін жояды. Сонан соң бактериалдық жҥйеге 
гемолитикалық жҥйені қосады. Бҧл жҥйе гемолитикалық қан 
сарысуының ерітіндісі мен қой эритроциттерінің 2,5 суспензиясының 
0,5 мл мӛлшерінен тҧрады. Екі жҥйені тағы да су моншасында 20 минут 
(37-38ºС) 
ҧстайды. Реакцияның нәтижелерін 14 сағат бӛлме 
температурасында ҧстағаннан кейін екі рет бағалайды.
Демек, гемолиздің жоқтығы КБР-ының оң нәтижесі болып 
саналады. Эритроциттердің гемолизі бактериолиттік жҥйеде бос 
комплементтің барында ғана байқалады. Комплемент қан сарысуында 
иммунды денелердің жоқтығының салдарынан бос қалады (КБР-ның 
теріс нәтижесі). Зерттеуге алынған қан сарысуында антиденелер аз 


112 
болса, эритроциттер ішінара гемолизге ҧшырады. Гемолиздің толық 
тоқталуы (++++), едәуір тоқталуы (+++), жарым-жартылай тоқталуы 
(++) немесе (+), ал толық гемолизі (-) белгілерімен таңбаланады.
КБР қою ҥшін келесі компоненттер қажет: гемолизин, 2%-ды қой 
эритроциттері, 
комплемент, 
стандартты 
антигендермен 
гипериммунделген 
теңіз 
шошқаларының 
қан 
сарысуы, 
ауру 
қоздырғыштарының ӛндірістік және типтік штамдарынан дайындалған 
бақылау антигені, ауру малдардың патологиялық материалдарынан 
зерттеуге алынған ҥлгі, 0,85%-ды физиологиялық ерітінді. Комплементті 
байланыстыру реакциясын қою тәсілі бекітілген нҧсқауға сәйкес 
жҥргізіледі және оны әр тҥрлі кӛлемде қоюға болады: егер жҥргізілетін 
реакцияның жалпы кӛлемі 1 мл болса, барлық компоненттер 0,2 мл-ден 
алынады; ал жҥргізілетін реакцияның жалпы кӛлемі 0,5 мл болса, онда 
0,1 мл-ден алынады. 
Комплементті байланыстыру реакциясын қою техникасы бірнеше 
кезеңнен тҧрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет