Микробиология


-сурет. Антиденелерді антигендік



Pdf көрінісі
бет88/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

37-сурет. Антиденелерді антигендік 
эритроцитарлық диагностикуммен 
анықтау нәтижесі 
38-сурет. Антигендерді антиденелік 
эритроцитарлық диагностикуммен 
анықтау нәтижесі 
 
Гемагглютинацияны 
тежеу 
реакциясы
(ГАТР) 
ауру 
қоздырғыштарының (нькасл, қҧс тҧмауы вирусы, т.б.) эритроциттерді 
агглютинациялау белсенділігін антиденелердің кӛмегімен бейтараптауға 
негізделген. Бҧл реакция жаңадан бӛліп алған штамдарды 
идентификациялау, 
ретроспективті 
балау, 
постинфекциялық 
иммунитетті анықтау, жануарлардың иммунологиялық кҥйлерін 
айқындау ҥшін қолданылады. ГАТР ауру қоздырғышы мен қан 
сарысуының қоспасына эритроциттерді қосу арқылы іске асырылады. 
Егер қан сарысуының қҧрамында телімді антиденелер болмаса 
эритроциттер бактериямен немесе вируспен агглютинацияланады, ал 
телімді антиденелер болған жағдайда гемагглютинация қҧбылысы 
байқалмайды.
ГАТР-на 
арналған 
қан 
сарысуларының 
екі 
еселенген 
сҧйылтымдарын (1:10 нан 1:1280 және одан жоғары) әзірлеу ҥшін 
барлық шыны тҥтіктерге 0,2 мл физиологиялық ерітінді қҧяды. Бірінші 
тҥтікке 0,2 мл зерттеуге алынған қан сарысуын (1:5 қатынасындағы) 
қосып, араластырғаннан кейін, бірінші тҥтіктен 0,2 мл суспензияны 
екіншісіне, одан ҥшіншісіне және келесілеріне ҥлестіру арқылы 
титрлейді. Сосын барлық шыны тҥтіктерге 0,2 мл антигенді (вирусты) 
(1:40 қатынасында) қосып, жақсылап шайқап, 30-60 минутқа 
қалдырғаннан кейін 0,2 мл 1%-ды эритроцит ерітіндісін қосады да, қайта 
шайқап, 30-60 минуттан соң реакция нәтижесін оқиды (инкубация 
уақыты мен температурасы қолданылған антигеннің тҥрлеріне 
байланысты).


108 
Зерттеуге алынған ҥлгілермен қатар қан сарысуы (0,4мл 1:10 
қатынасындағы қан сарысуы + 0,2 мл эритроцит суспензиясы), 
эритроциттер бақылауы (0,2 мл эритроцит суспензиясы + 0,4 мл 
физиологиялық ерітінді), гемагглютинациялау бірлігінің бақылаулары 
қойылады. 
Гемагглютинацияны 
тежеу 
реакциясы 
нәтижесін 
эритроциттердің шӛгу деңгейіне қарай анықтайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет