Микробиология



Pdf көрінісі
бет90/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Диффузиялық 
преципитация 
реакциясы
(ДПР) 
бӛлме 
температурасында (+18° – +22°С) немесе тоңазытқышта (+2° – +4°С) 
және сирек жағдайда термостатта (+37ºС) қойылады. Температура 
жағдайларына байланысты диффузия жылдамдығы және преципитация 
сызығының пайда болуы уақытына қарай реакция ӛзгеріске ҧшырайды. 
Сондықтан, реакцияны міндетті тҥрде бір қалыпты температурада қою 
қажет, себебі температура кҥрт ӛзгергенде қосымша преципитация 
сызығы пайда болып, жалған нәтиже беруі мҥмкін. 
Диффузиялық преципитация реакциясының негізгі компоненті 
болып агардан дайындалған гель ортасы саналады. Бҧл реакцияда 
қҧрамы 0,25% калий хлориді мен консервант ретіндегі мертиоляттан 
тҧратын физиологиялық ерітіндідегі 1–1,5 немесе 2% агар қолданылады.
Реакцияны 
капиллярларда, 
Петри 
шыныларында 
және 
пластиналардың (зат шыныларының) бетінде қоюға болады. 
Диффузиялық преципитация реакциясының капиллярлы әдісі 
зерттеуге алынған ӛте аз мӛлшердегі реагенттердің антигендік 
қҧрылымдарына талдау жҥргізуге мҥмкіншілік береді. Бҧл реакцияда 
ішкі диаметрі 0,6-0,8 мл болатын пастер тҥтікшесінен дайындалған 
капиллярға балқытылған агарды 3-15 мм ҧзындықта енгізеді. Сосын 
қатырылған агары бар капиллярды негізгі тҥтікшеден 15-20 мм 
ҧзындықта корундты дискімен кесіп алады. Агарлы капиллярдың бір 
ҧшына антигенді, ал екінші жағына телімді қан сарысуын қабаттағаннан 
кейін (ауа кӛпіршіктерінің болмауы қажет), майсыздандырылған зат 
39-сурет. Сақиналы преципитация
реакциясының қойылымы 


110 
шынысының бетіне қойып, екі ҧшын парафинмен бекітіп, бӛлме 
температурасында (+18ºС) қалдырады. Алғашқы преципитация 
сақинасының пайда болуын 2-48 сағаттан соң тіркейді. Преципитация 
сақинасының пайда болу уақыты агар бағанасының ҧзындығына және 
антиген мен антиденелердің концентрацияларына тәуелді. Пайда болған 
сақиналардың санын, олардың қалыңдығы мен тығыздығын лупа 
кӛмегімен анықтайды.
Петри шыныларындағы ДПР. 
Бҧл әдісте майсыздандырылған таза 
Петри шынысының тҥбіне 1-1,5 мм қалыңдықта балқытылған агарды 
қҧйып, қатырады. Сосын оның ҥстіне диаметрі 10-15 мм шҧңқыршықтар 
жасауға арналған матрицаны орналастырып, 5-6 мл агар ерітіндісін 
қҧяды. Гель қатқаннан кейін матрицаны абайлап алады. Агар геліндегі 
пайда болған шеткі шҧңқыршаларға тҥрлі сҧйылтымдағы қан 
сарысуларын, ал ортаңғы шҧңқыршаға антигенді қҧйған соң Петри 
шыныларын ылғалды камераға салып, бӛлме температурасында 
қалдырады немесе термостатқа қояды.
Пластиналардағы ДПР. 
Реакцияда майсыздандырылған, таза, 
сызаттары жоқ, беткейі тегіс фотопластиналар немесе зат шынылары 
қолданылады. Горизонтальды жағдайда қойылған пластина немесе зат 
шынысының бетіне балқытылған агарды 1 мм қалыңдықта қҧяды. Әрбір 
шыны беткейіндегі қатырылған агардың бетіне стандартты трафареттің 
кӛмегімен шҧңқыршалар ойғаннан кейін пастер тҥтігімен антигендер 
мен телімді қан сарысуларын қҧяды. Агары бар пластиналар ылғалы жоқ 
жерде 
тҧратындықтан 
тез 
қҧрғап 
қалуын 
ескере 
отырып, 
шҧңқыршаларды антиген және антиденелермен тез арада толтыру қажет. 
Телімді преципитаттың пайда болуына зерттеуге алынған антигендер 
мен антиденелердің концентрациялары, ортаңғы және шеткі 
шҧңқыршалардың ара қашықтықтары маңызды роль атқарады. 
Сондықтан, алдын ала зерттеулер жҥргізу арқылы реагенттердің 
концентрациялары мен шҧңқыршалардың ара қашықтықтарын анықтап 
алған жӛн. Агар қҧйылған шыны бетіндегі шҧңқыршалардың саны мен 
олардың орналасуы жҥргізілетін зерттеу жағдайларына байланысты әр 
тҥрлі болуы мҥмкін. Зерттеуде қолданылатын ингредиенттердің
мӛлшері 0,02 мл қҧрайды. Егер преципитациялаушы қан сарысуының 
белсенділігін анықтау керек болса, онда ортаңғы шҧңқыршаға белгілі 
антигенді қҧйып, перифериялық шҧңқыршаларға қан сарысуларының 
тҥрлі сҧйылтымдарын ҥлестіреді. Телімсіз преципитацияның алдын алу 
ҥшін бақылау (белгілі антигендер мен сау мал қан сарысулары) 
қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет