9.2.1.3.2.Иммундық жүйенің басқа жасушалары Иммунды жауаптың дамуына лимфоциттерден басқа көбінесе миелоидтық өскінге жататын жасушалардың бірнеше түрлері қатынасады. Олардың арасындағы ең маңыздылары: гранулоциттер, тіндік және дендритті жасушалар.
Фагоциттерморфологиялық қасиеті бойынша гетерогенді иммундыкомпететентті жасушалардың ең көп санды фракциясы. Регуляторлық, эффекторлық белсенділігі бар. Иммунды цитокиндерді, ферменттерді, ионрадикалдарды және басқа биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарып жасуша ішіндегі және жасушадан тыс киллерлікті және фагоцитозды іске асырады. Макрофагтар антигендерді өңдеп оларды Т-хелперлерге ұсынады..
Эозинофилдер – қанның дәнді лейкоциттері. Қанда, болбыр дәнекер тіндерде болады. Эозинфилдер гельминттер туғызған жергілікті ісік ошағында көптеп жиналып киллерлік функцияны атқарады. Эозинофилдердің мембранасында антиденелермен белгіленген гельминттерді «танитын» FcR IgA немесе IgG элементтері бар. Белсендірілген жасуша гельминттерді зақымдайтын төменгідей заттарды бөліп шығарады:
ферменттер (эозинофильдік пероксидаза және коллагеназа);
ақуызды токсиндер (басты сілтелі протеин, эозинофильдік катионды ақуыз және нейротоксин).
Сонымен қатар эозинофильдер жасушалық иммунитеттің тізбегіне және Т2 хелперлердің синтезделуіне дем беретін цитотоксиндерді (ИЛ-3,-5,-8, т.б.), және де гельминт енген жерде қабынуды қолдайтын липидтік медиаторлар, тромбоцитті белсендіретін факторларды бөліп шығарады.
Тінді жасушалар - белгісіз текті, жылжымайтын, морфологиялық элементтер. Олар барьерлік тіндерде және қан тамырларының тінін бойлап тұрақты мекендейтін жасушалар. Мекеніне және бөліп шығаратын биологиялық белсенді қосындылар түріне сәйкес екі түрі болады: шырышты қабықшаның және дәнекерлеу тінінің жасушалары.
Базофилдер - жілік майының жүйелік жасушаларынан туған гранулоциттер. Олардың эозинофилдермен ортақ бастаушы жасушалары бар. Қанда үнемі қайта айнала отырып анафилотоксиндер тудырған қабынуға қатынасуы, сол жерде тұрақталуы мүмкін.
Базофил мен тінді жасушалар биологиялық белсенді заттардың ұқсас жинағын синтездейді. Өндірілген заттар (вазактивті аминдер, сульфатталған глюкозаминогликандар) олардың денешіктерінде жиналады. Жасуша арасындағы саңлауға лейкотриндерді (С4, Д4, Е4), простагландиндерді (ПГД, ПГЕ), цитокиндерді (ИЛ-3, -4,-5, т.б.) бөліп шығарады.
Базофилдер мен тіндік жасушалардың сыртында өте белсенді IgЕ антиденелермен байланысып олардың аллергендермен қосылуына әсер ететін (FcR) рецепторлар бар. Базофилдер мен тіндік жасушалар аллергендермен, анафилотоксиндермен, норадреналинмен т.б. заттармен белсендіріліп иммундық кешендермен тежеледі.
Аллергендер айтылған жасушалардың рецепторларымен байланысқан кешендермен қосылғаны, олардың дәншіктерін ыдыратып ішіндегі биологиялық белсенді заттарды жасуша арасындағы саңлауларға бірден босатуын мәжбүр етеді. Бұл процесс гиперсезімталдықтың жедел түрін туғызады (аллергиялық реакцияның 1 түрі).
Базофил және тіндік жасуша иммунитеттің жасушалық факторының дамуына түрткі болады.