Микробиология


Негізгі цитокиндердің сыпаттамасы



бет151/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   216
Байланысты:
мед.микробиология 1 часть каз

Негізгі цитокиндердің сыпаттамасы.

Цитокин-
дер

Молекула-
сының көлемі (аминқыш-
қылдық қалдық-
тар)

Продуцент-
жасуша

Рецептор


Биологиялық күшті әсері

ИЛ-1 бета

153

Макрофаг

CD121

Жергілікті әсер:
Т-лимфоцит пен макрофагті белсендіру
Жүйелік әсер:
Септикалық шоктың дамуы

ИЛ-2

133

Активтелген Т1-хелпер

CD25,122,
132

Жасушаның өмірсүрушілігін демейді
Т-, В -лимфоциттер мен табиғи киллердің өсіп- өнуін демейді

ИЛ-3

133

Т-лимфоцит

CD123

Жанжақты колониядемеуші фактор

ИЛ-4

129

Т-лимфоцит,табиғи киллер, тін базофилі

CD124,132

Т0 –хелпердің Т2-жасушаларға ауысуын бағыттайды

ИЛ-5

115

Т2-хелпер,тін базофилі

CD125

Эозинофилдерді белсендіреді,Иммуноглобулин Е сыныбының синтезін демейді

ИЛ-6

184

Т-лимфоцит,макрофаг

CD126,130

Жергілікті әсер:
Т-,В-лимфоциттердің өсуі мен талданылуын демейді
Иммуноглобулин А сыныбының биосинтезін үдетеді
Жүйелі әсер:
Безгек тудырады
Бауырда шұғыл фазаның ақуыздарының биосинтезін үдетеді

ИЛ-7

152

Сүйек майының жасушалары, гамма-дельта Т-лимфоцит

CD127,132

ПреТ-, преВ- және гамма-дельтаТ -лимфоциттердің көбеюін қолдайды

ИЛ-9

125

Т2-хелпер

CD132

Тін базофилдерін белсендіру

ИЛ-10

160

Т2-хелпер, макрофаг, В-лимфоцит

IL-10R

Иммуноглобулиндердің G4 сыныбына ауыстырылуын көтермелейді

ИЛ-11

178

Фибробласт

CD130

ИЛ-3-ке қарсылас

ИЛ-12

503

Макрофаг,В-лимфоцит

CD132

Т0 –хелпердің Т1-жасушаларға ауысуын бағыттайды
Т-киллердің жетіліуін қолдайды
Табиғи киллерді активтейді

ИЛ-13

132

Т2-хелпер

CD132

Т0 –хелпердің Т2-жасушаларға ауысуын бағыттайды
В-лимфоцитті активтейді Иммуноглобулиндердің Е сыныбына ауыстырылуын көтермелейді
Іссікке қарсы әсері

ИЛ-15

114

Т-лимфоцит

CD122,132

Т-лимфоциттер мен табиғи киллердің өсіп-өнуін колдайды

ИЛ-16

130

Т-лимфоцит, тін базофилі, эозинофил

CD4

Т-хелперге,моноциттерге, эозинофилдерге хематтрактант

ИЛ-17

150

CD4+ иммунологиялық есте қалудың Т-лимфоциті

IL-17R

Эпителиалдық, эндотелиалдық, жасушалармен фибробластарды цитокиндерді синтездеуін қолдайды

ИЛ-18

157

Активтелген макрофаг

IL-1R (ұқсас CD121)

гаммаИФН- ді Т-лимфоцит пен және табиғи киллерлер мен синтездеуін мәжбүрлейді

Гамма ИФН

143

Т1-хелпер, Т-киллер, табиғи киллер

CD119

Марофаг пен табиғи киллерді белсендіреді
Жасушаларда
МНС 1, МНС11 сыныбының экспрессияналуын демейді
Т1-хелпердің құрылуына, пайда болуына себебкер
В-лимфоциттердің ісін бақылайды
Ісікке карсы әсерлі

ГМ-КСМ

127

Т-лимфоцит, макрофаг

CD116

Сүйек майындағы миелопэздің өсімін көтермелейді

Гамма-ТФР

112

Активтелген Т-лимфоциттер, моноциттер

гаммаTGF-R

Өте күшті иммуносупрессор
Ангиогенезді қолдайды

ФНО-альфа

157

Активтелген макрофаг, нейтрофил, табиғикиллер және тін базофилі

CD120

Жерглілкті әсер:
Инфекция жұққанда сыртқы тінде жергілікті ісіктің ошағын тудырады
Тағы басқа әсерлер
Жүйелі әсер:
Симптомдық шоктың көрністерін тудырады

МИФ

115

Т-лимфоцит

MIF-R

Моноциттің көшуін тежейді

9.2.2.2. Иммундық жүйенің активтенілуі.
Иммундық жүйенің активтенілуі деп аллогенді факторлар (антигендер) мен макроорганизмге тінінің ыдыраған заттарына қарсы туған өнімді иммунды жауаптың дамуын атайды.
Ол күрделі, көп сатылы , ұзақ уақытқа созылатын ( 4 тәулікке жуық) процесс. Бұл уақыттың кезінде антигендерді бейспецификалық қорғаныс факторларымен заласыздандырылуының мүмкіншілігі жоқ..
Иммундық қорғаныстың осы түрін іске қосатын механизмі - Т-лимфоциттердің рецепторларының антигендерді тікелей «өзімдік не бөгде» деп ажыратуы. Антигендердің бөгделігі дәлелденген кезде иммунды жауап берудің екінші сатысы іске қосылады, яғни бөгде заттардың енуіне қарсы тұруға мүмкіншілігі жоғары қатаң спецификалығы бар лимфоцит-эффекторлардың қарқынды өсіп-өнуі басталады. Сонымен қатар, болашақ өмірдің кепілдігі, Т- және В- лимфоциттердің қоры жинала бастайды. Бұл көрніс клонның экспансиясы деп аталды. Айтылған процестен кейін иммундық лимфоциттердің реттелуі басталады.
Сонымен, иммундық жүйенің өнімді белсендірілуі иммунды жауапты жасушалар мен антигенге қарсы тұра алатын жасушалардың көбеюі және дифференциялануымен байланысты. Ал, антигендердің бұл процестердегі рөлі – жасушалардың тітіркендірушісі және клоналды сұрыптаушысы болу. Иммундық жүйенің белсендірілу механизмінің негізгі сатылары төменгідей.
Т-хелперлердің белсендірілуі. Бұл процесте міндетті түрде антиген-танушы жасушалар (АТЖ-АПК), дендритті жасушалар, В-лимфоциттер мен макрофагтар қатысады. Аталған жасушалар антигенмен кездесіп, оларды өңдеп, МНСll молекуласымен қостырып өздерінің сыртқы мембранасының үстіне шығарады. АПЖ беткейінде ко-стимулдеуші факторлар (СД40, 80, 86..) экспрессияланады. Солардың салмақты әсерінен спецификалық иммундық қабынудың алғашқы кезеңінде туындайтын сыртқы тіннің (тері, шырышты қабықша) заттары солардың күшті индукторы болып табылады. Егерде жоғарыда айтылған процестердің нәтижесінде антигеннің бөгделігі расталса, онда Т-хелперлер белсендіріліп, интерлейкиндер мен цитокиндерді шығара бастайды, одан әрі, басқа Т1-, не Т2-хелперлер түріне айналады. Айтылған процестердің қандай да болмасын сатысы өзгерсе Т-хелперлер дамуын доғартып апоптозға душар болады ( 10-сызбанұсқа).
В-лимфоциттердің белсендірілуі.
В-лимфоциттерді белсендіру үшін бірінің артынан бірі жүретін үш сигналдың қосындысы болуы қажет. Бірінші сигнал антиген молекуласынан ВЖР (В жасуша рецепторы) арқылы келеді. Алғашқы рет антигенмен байланысуы сол ВЖР арқылы өтеді. Екінші және үшінші сигналдар белсендірілген Т2-хелпермен түйіскенде туады (интерлейкиндер ИЛ-4,-5,-,т.б.;). Түйіскендіктің тыянақтылығын молекулалардың көп түрлі адгезиялық қасиеті анықтайды. Белсендірілу нақтылы спецификалық антигендерге В-лимфоциттердің көбеюін және дифференцияналуын ынталандырады. Соның нәтижесінде лимфоидтық фоликулалрда спецификалық антидене синтездейтін жасушалардың клоны пайда болады. Дифференциялану М және D сыныбындағы иммундыглобулиндерінің биосинтезделуінің үнемді А, G, Е (сирек жағдайда) сыныбына ауысуына мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде синтезделген антиденелердің аффиндылығын және В-жасушалардың иммунологиялық жауап тудырушылығын күшейтеді. В-лимфоциттерді белсендіру өте сезімтал процесс. Демеуші жасушалардың біреуінің жоқтығы антидене арқылы өтетін иммунитет жауабын тежейді. (11-сызбанұсқа)
Т- киллерлердің белсендірілуі.
Т-киллерлер бөгде заттарды, генетикалық өзгерген жасушаларды, немесе залалданған жасушаларды іздеп табу жолында организмде үнемі көшіп-қонып жүреді. Бағалау белгісі жасушаның «биологиялық паспортының» құрылысы, яғни МНС1 сыныбының кешені болып табылады.
Бақылау ісі мұқият дәлділікті қажет етеді, сондықтан Т-киллерлер табылған бөгде заттармен тығыз байланысқа түсіп қана ажырата алады. Іс атқаруда олар СД3, СД8 және МНС1 антигендік комплексімен бірлеседі. Қандай зат болмасын бөгделік қасиеті табылса сол уақыттан бастап Т-киллер белсендіріліп ИЛ2-ні арнаулы биологиялық заттарды шығаруға мәжбүр етеді (перфрин, гранизимы, гранулизин). Олар нысана-жасушаны жояды. Айтылған процестер Т-жасушалық иммундық есте қалудың қалыптасуын күшейтеді.
Т- киллер жоғарғы айтқан процестерді тек қана жеке өзі ғана атқаруы мүмкін, бірақ бұл бағыт сирек кездеседі. Көбінесе процесс барлық факторлардың бірлесіп жұмыс істеуімен атқарылады. (12-сызбанұсқа).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет