Дендритті жасушалар. Өсінді тәріздес жілік майы текті жасушалар. Олар лимфоидтық органдарды және барьерлік тіндерді мекендейді. Олардың сыртында әртүрлі рецепторлар бар. Дендритті жасушалар антигендерді қабылдап, өңдеп МНС ll кешенімен қосылып Т-хелперлерге ұсынады. Олар өте белсенді жасушалар. Бұл жасушалардың арасындағысының әйгілілері Лангерганс (эпидермисте), интердигиталды (лимфа түйнектерінде) және айырша бездің дендритті жасушалары.
9.2.2. Иммундық жүйе қызметінің ұйымдастырылуы Жоғарыда келтірген мәліметке сәйкес иммундық жүйе қызметінің ұйымдастырылуы өте күрделі. Өзінің спецификалық жұмысын атқару үшін, яғни генетикалық бөгде заттарды танып және жойып, иммундық жүйенің құрамдарының жұмысын реттеп, ағзаның ішкі ортасының генетикалық тұрақтылығын сақтау үшін әр түрлі және әр санды жасушалар тобы мен ерітілетін факторлар керек. Өмір сүру жолында жасушалар организмде үнемі қайта айналып жүріп, біреуі өліп, екіншісі қайта пайда болып отырады.
Нақтылы қажеттілікке сәйкес иммундық жүйенің спецификалық іс-әрекеті - белсендірілу, не супрессиялану. Иммундық жауаптың бағытына қарай тәуелсіз иммунды жауап барлық жасушалар түрінің өзара қатынасы арқылы, яғни жасушалық кооперация жағдайында өтеді. Антигендер, жасушалардың тікелей қатынасы және ерітілетін факторлар (цитокиндер, макро- және микроорганизмдер жасушаларының ыдыраған заттары) иммундық жүйенің тітіркендірушісі, белесендіруші сигнал болып табылады. Иммундық жауаптың кез келген түрінің дамуында оның ретімен ауысып отыратын кезеңдер сатысынан тұратыны байқалады. 9.2.2.1. Иммундық жүйе жасушаларының өзара әрекеттестігі Алдыңғы бөлімдерде айтылғандай иммундық жүйенің іс атқаруына міндетті түрде жасушалардың өзаралық тығыз әрекеттестігі қажет. Жасушалардың бірімен бірі байланысуы үшін олар қашықтан байланыстыратын ерітілетін факторларды және тікелей түйісуді қолданады. Жасушалардың өзаралық әрекеттестігінің механизмінің негізінде рецептор - лигандалық өзара әрекеттесу жатады.
Иммунды жауап жасушаларының бірімен бірі байланысып әрекеттесуінде ерітілетін факторларды бөліп шығару әмбебап тәсілдің бірі болып табылады. Олардың қатарына цитокиндер жатады. Қазіргі уақытта цитокиндердің 25 түрі белгілі (9.6-кесте).
Цитокиндер құрылысымен, атқаратын әрекетімен өзгеше бір тұқымдастыққа жататын биологиялық белсенді молекулалар. Оларға ортақ бірқатар сипаттар тән:
Әдетте цинокиндердің жасушада қоры болмайды, олар тиісті ынталандырылғаннан кейін синтезделінеді.
Цитокиндік сигналды қабылдау үшін жасуша тиісті рецепторларды экспрессиялайды, олар бірнеше цитокиндермен өзара әрекеттесе алады.
Цитокиндер өскіндігі, деңгейі және дифференциялану бағыты әр түрлі жасушалармен синтезделеді.
Иммундық жүйенің жасушаларының субпопуляциялары өздері синтездейтін цитокиндердің спектрі және олардың рецепторлары бойынша ажыратылады.
Цитокиндер әмбебап, тиімділігі бойынша көп көрністі, бір-бірін қолдаушы болып келеді.
Цитокиндер қатар тұрған жасушаларға (паракриндік реттеу) және оның өніміне де (аутокриндік реттеу) әсер ете алады.
Цитокиндік реттелу сатылы сипатта болады: жасушаның цитокиннің бір түрімен белсендірілуі олардың екінші түрінің синтезделуін туғызады.
Олар ішкі секрециялық гормондарға қарағанда қысқа қашықтық медиаторлар - олардың әсері көбінесе шыққан жерінде өтеді. Сонымен қатар, қабынуға қарсы кейбір цитокиндер (ИЛ-1,6,альфа-ОНФ т.б.) жүйелік әсер ете алады.Цитокиндерді атқаратын жұмыс бағытына сәйкес жүйелеуге болады:
Иммундық қабынуға дейінгі медиаторлар (ИЛ-1,-6,-12, альфа- ОНФ т.б.);
Жасушаларды өсіруші фактор, не колония ынталандырушы фактор (ИЛ-3,-7, т.б.);
Хемокиндер, немесе жасушалық хемоаттрактанттар (ИЛ-8 және т.,б.).
Негізгі цитокиндердің қысқаша сипаттамасы (9.6-кестеде көрсетілген). Жасушалардың өзара тікелей байланысы екіжақтың құрамындағы рецепторлар арқылы өтеді.
Кесте 9.6.