Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
бет32/39
Дата25.12.2022
өлшемі232,06 Kb.
#59555
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Сабақтың мақсаты: микроорганизмдердің биохимиялық қасиеттерін анықтауға арналған кейбір
тәсілдерін меңгеру.
Материалдар мен жабдықтар. Стафилококк, сальмонелла, эшерихиялардың таза өсінділері бар
шыны түтіктер. 5%-дық сутегінің асқын тотығының ерітіндісі. Глюкоза, лактоза, сахароза және ВР
индикаторы бар қоймалжың ЕПА, ЕПС немесе Гиссаның сұйық қоректік орталары бар шыны түтіктер. Эндо
немесе Левин агары құйылған Петри шынылары. Күкірт сутекті, индолды, аммиакты анықтауға арналған
индикаторлық қағаздар бар ЕПС. Стерильді пинцеттер. Спирт шамдары. Кестелер.
Студенттер алдыңғы сабақта себілген микроб өсінділерінен жағынды жасап, оны Грам тәсілі
бойынша бояйды және олардың өсінділік қасиеттерімен танысады. Студенттер микроорганизмдер
өсінділерінен көмірсулары бар қоректік орталарға сеуіп, олардың қантты ыдырату қасиеттерін анықтайды.
Микроьтардың протеолиттік қасиетін зерттеу үшін ЕПЖ қолданылады. Индолды, күкіртті сутектің,
аммиактың бөлінуін анықтау үшін ЕПС бар шыны түтіктің ішіне индикаторлық қағазды тығынның
көмегімен қыстырып қояды. Микробтардың редуцирлеушілік қасиеттерін зерттеу үшін олардың өсінділерін
метилен көгі немесе лакмусы бар қоректік орталарға себеді. Бактериялардың каталазаны түзу қасиетін
анықтау үшін олардың агарлық және сорпалық өсінділері қолданылады.
Микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігі әр түрлі болып келіп, жасушалар түзетін
ферменттердің қасеттеріне және қоршаған ортаның жағдайларына байланысты болады. Бактериялардың
биохимиялық қасиеттерін зерттеу жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау үшін орындалатын тәсілдердің
бірі болып табылады.
Микроорганизмдердің ферментативтік (биохимиялық) қасиеттерін анықтау тәсілдері.
Бактериялардың сахаролиттік қасиеттерін оларды әр түрлі көмірсулары мен индикаторы бар
дифференциалды диагностикалық орталарға себу арқылы анықтайды. Осы мақсатта Гисса ортасы жиі
қолданылады. Әр түрлі көмірсулары бар орталардың жиынтығы (глюкоза, лактоза, мальтоза, сахароза,


дульцит, арабиноза, сорбит және т.б.), майсыздандырылған стерильді сүт, лакмусты сүт, метилен көгі бар сүт
– «түрлі-түсті қатар» деп аталады. Микроорганизмдердің өсінділерін бактериологиялық ілмектің немесе
Пастер пипеткасының көмегімен аталмыш қоректік орталарға себеді. Қоректік орталарды белгілі бір уақыт
аралығында термостатта ұстағаннан кейін ферментациялану (өзгеріске ұшырау) деңгейін анықтайды:
қоректік орта түсінің өзгеруі (Андредэ индикаторы болғанда қызыл түске өзгереді) көмірсулардың ыдырауы
мен қоректік ортада қышқыл өнімдерінің түзілуінің дәлелі болып табылады. Егер көмірсудың ыдырауы
кезінде қышқыл ғана емес, сонымен қатар, газ тәріздес заттар пайда болса, олар қалтқының ішіндегі
сұйықтықтың белгілі бір бөлігін ығыстырып шығарады да, оның жоғарғы бөлігінде жиналады.
Микробтардың сахаролиттік қасиеттерін анықтау үшін көбінесе көмірсулары мен ВР индикаторы бар
қоймалжың, сонымен қатар көмірсулары мен индикаторлары бар тығыз қоректік орталар қолданылады
(Эндо, Левин, Тлоскориев агарлар және т.б.)
Микроорганизмдердің протеолиттік қасиеттерін анықтау үшін зерттеуге алынған өсіндіні ЕПЖ,
кәдімгі сүтке, кейде жылқының ұйыған қан сарысуына, тауық жұмыртқасының коагулирленген белогына
себеді. Тік қатырылған ЕПЖ-не микробтарды бактериологиялық иненің көмегімен қоректік ортаның түбіне
бойлай шаншу арқылы сеуіп, оларды термостатқа орналастырады, ал кейде (микробтың түріне байланысты)
бөлме температурасында қалдырылады. Бактерия ферменттерінің әсерінен желатин протеолизге ұшыраған
шыны түтіктердегі қоректік орта (ЕПЖ) сұйылады. Әр түрлі микроорганизмдер желатинді түрліше
ыдыратады. Мысалы, сібір жарасының қоздырғышы ЕПЖ воронка түрінде, ал стафилококктар оны шұлық
түрінде сұйылтады.
Микроорганизмдердің казеинді гидролиздеу қабілеті Эйкманның сүт қосылған агарында
анықталады. Бұл агарды дайындау үшін су моншасында балқытылған стерильді 10 мл ЕПА-на 3 мл
стерильді майсыздандырылған сүтті араластырып, Петри шыныларына құйғаннан кейін суытады. Микроб
өсіндісін осы қоректік ортаға бактериологиялық ілмектің немесе шпательдің көмегімен себеді. Қоректік
орталар 24-48 сағат бойы термостатта ұсталады. Казеиннің пептонизацияға ұшырауы – микроб
колонияларының айналасындағы сүтті агардың мөлдірленуіне әкеледі. Бактерияларды сүтке себу кезіндегі
протеолиз сүттің мөлдірленуіне және шыны түтіктің түбінде шырышты немесе борпылдақ тұнбаның
түзілуімен сипатталады.
Бактериялардың белокты протеолизге ұшырату дәрежесін ферментация кезінде пайда болған
ыдырау өнімдерінің түрлерін (индол, күкірт сутегін, аммиакты және т.б.) зерттеу арқылы анықтайды.
Индолды әр түрлі тәсілдермен зерттеуге болады. Олардың ішіндегі ең қолайлысы және ең
қарапайым тәсілі төмендегі рецептер бойынша дайындалған индикаторлық қағаздарды қолдану.
1 Сүзгіш қағаздың тілімен қымыздық қышқылының 12%-дық судағы қаныққан ыстық ерітіндісімен
ылғалдандырып, ауада кептіреді. Тілімнің мөлшері: 10 х 0,5 см. Олар тығыз тығыны бар шыны сауытта
сақталады. Индолдың түзілуін анықтау үшін зерттеуге алынған микроб өсіндісін шыны түтіктегі ЕПС
немесе Хоттингер сорпасы бар қоректік орталарға себеді де, индикаторлық қағаздардың тілімен тығынның
көмегімен қыстырып қояды. Индикаторлық қағаздардың ұшын қоректік ортаға тигізбеу керек. Шыны
түтіктер термостатта 13
0
С-та 1-3 тәулік ұсталады. Индолдың түзілуі индикаторлық қағаздың төменгі
ұшының қызғылт түске боялуымен дәлелденеді.
2 Сүзгіш қағазды Эрлих реактивінің ерітіндісімен дымқылдандырады. Эрлих реактиві келесі
қоспалардан тұрады: 3-5 г парадиметиламидобензальдегид, 50 мл 96%-дық спирт – ректификат, 10 мл таза
концентрленген тұз қышқылы. Осы тәсілмен өңделген қағаздардың түсі сары болып, тығыз тығыны бар
шыны сауытта сақталады. Индолдың түзілуі қағаздың ұшын қызғылт түстен қызыл күрең түске дейінгі
аралықта боялуымен сипатталады. Басқс түс есепке алынбайды. Эрлих реактивінің көмегімен индолды
басқа тәсілмен де анықтауға болады. Ол үшін 5 мл 2-3 тәуліктік бактериялардың өсіндісі бар шыны түтікке
эфирдің 2-3 мл-ін қосады да оларды шайқап, тұндыруға қояды. Сонан соң Пастер пипеткасының көмегімен
эфир қабатының астына Эрлих реактивінің 0,5-1 мл-ін қабаттайды. Бұл реакцияға керекті Эрлих реактиві
басқаша дайындалады: 1 г парадиметиламидобензальдегид + 100 мл 96% этил спирті + 20 мл химиялық таза
тұз қышқылы. Индол түзілгенде эфир мен сорпа өсіндісінің шекарасында 3-5 мин ішінде қызыл сақинаның
пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет