«Микробиология,вирусология және иммунология» кафедрасы эссе


Адамдарға жұғу көзінің түрлеріне байланысты инфекцияларды



бет4/5
Дата06.11.2022
өлшемі94,2 Kb.
#47847
1   2   3   4   5
Байланысты:
Инфекциялық үрдістің сипаттамасы

Адамдарға жұғу көзінің түрлеріне байланысты инфекцияларды антропонозды, зоонозды және сапронозды деп ажыратады. Антропо нозды инфекция кезінде инфекция көзі тек кана адамдар (АИТВ -- инфекция, мерез). Зоонозды инфекциялар кезiнде негiзгi инфекция көзі жануарлар (құтыру, күйдіргі, бруцеллез). Сапронозды инфекциялардың коздырғыштары сырткы ортада мекендейтін сапрофиттер (легеонел - лез, листериоз), сондықтан сапроноздардын жұқтыру көздері сыртқы орта нысандары: топырак (сіреспе, газды гангрена), су (лептоспироздар).
Қазіргі кезде госпитальдық (ауруханаішілік) инфекциялар жиi кездесетiн болды, олар емдеу-профилактикалык мекемелерде (ста ционар, перзентхана, емхана және т.б.) пайда болады. Госпитальдык инфекциялардың пайда болуының көздері көбінесе стафилокктар, эн теробактериялар және басқа шартты-патогенді немесе патогенді микро организмдер тасымалдаушы медициналык кызметкерлер болып табылады.
Бактериятасымалдаушылық дені сау адамнын организмінде қоздырғыштың ұзак немесе кыска уакыт мерзiмде болуы. Латентті инфекцияға қарағанда бактериятасымалдаушылар сырткы ортаға қоздырғыш бөліп шығарады және инфекция таратушы болып та былады (іш сүзегі, дифтерия, стафилококкты инфекция). Баяу ин фекция патогеннің персистенциялануымен сипатталады, бұл кезде инкубациялык (жасырын) кезең ұзак айларға немесе жылдарға созы лады, содан кейін біртіндеп ауру симптомдары дами бастайды, әдетте өліммен аяқталады (АИТВ-инфекция, алапес т.б.).
Жұқпалы аурулардың дамуында негізінде 4 кезеңді ажыратады: жа сырын (инкубациялық), күмәнді (продромальды), аурудың қозуы және айығу (реконвалесцентті).
Жасырын (инкубациялык) кезең - бұл кезде қоздырғыш енген жеріндегі (бадамша бездер, жоғарғы тынысалу жолдары, асказан-ішек жолдарының шырышты қабаты және т.б.) организмнiн сезiмтал жа сушаларына жабысады (адгезияланады). Қоздырғыш сыртқы ортаға шықпайды. Кезеңнің ұзақтығы бірнеше сағаттан (грипп), тәуліктен (оба, туляремия, дифтерия) бірнеше айларға (құтыру), тіптен жылдарға дейін (ЖИТС, алапес, борпылдак энцефалопатия) созылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет