Инфекциялык үдеріс организмге енген патоген түрлерiне және олардың әсер ету барысына карай бiрнеше түрге жіктеледі. Моноинфекция патогеннің бiр түрiмен коздырылады (туберкулез, дифтерия). Аралас (микст) инфекция бір мезгілде екі және одан да көп қоздырғыштар жұғып, бірден бірнеше аурулардын (АИТВ-инфекция + гепатит В, нашакорларда шприц арқылы жұғуы; мерез + соз + хламидиоз жыныстык катынас кезінде жұғуы) дамуы. Реинфекция - сауығып кет кеннен кейiн сол коздырғыштың қайтадан жұғуы. Реинфекция көбінесе иммунитеті тұрақты емес және ұзакка созылмайтын аурулар кезінде (соз, мерез, дизентерия т.б.) пайда болуы мүмкін. Егер де сауығып кет пей тұрғанда сол коздырғыш қайтадан жұқса, оны суперинфекция деп атайды (мерез). Салдарлық инфекция біріншілік аурудың салдарынан дамиды және патогеннің баска түрiмен коздырылады. Салдарлык ин фекция экзогенді және эндогенді болуы мүмкін. Салдарлык инфекция көбінесе эндогенді түрде дамиды, өйткені, біріншілік аурудың салдары нан организмнің қорғаныс күштері әлсірейді де, адам денесінің қалыпты микрофлорасының өкілдері біріншілік инфекцияның асқынулары ретінде салдарлық аурулар қоздырады (грипп кезінде - стафилококкты пневмония).
Қанша уақыт ұзақтығына байланысты жедел (жіті) және созылмалы инфекция деп ажыратады. Жедел инфекциялар ұзақ уакытка созылмай ды, олар бірнеше күннен, аптадан кейін аяқталады (грипп, қызылша, тырыскак, оба). Созылмалы инфекциялар бірнеше айлар, жылдар бойы көрініс беруі мүмкін (бруцеллез, туберкулез, мерез). Тиісті жағдайларда жедел инфекциялар созылмалы түрге айналуы мүмкін (соз, дизенте рия). Созылмалы инфекциялар бір-бірімен ауысып отырып ремис сия және рецидив түрінде өтеді. Ремиссия кезінде науқастың жағдайы қанағаттанарлық, клиникалык симптомдары білінбейді немесе шама лы ғана көрініс береді. Рецидив кезінде патологиялык үдерiс аскынады, клиникалық көрініс айкын байкалады. Созылмалы инфекциялық үдеріс кезiнде қоздырғыш иесінін организмiнде персистенцияланады, яғни, онын тiндерi мен жасушаларында ұзак уакыт паразиттік жағдайда болады.
Инфекциялык үдеріс эпидемиологиясының ерекшеліктері инфек цияның бірнеше түрін ажыратуға мүмкіндік береді. Егер де кең жайылған аймақтың (бір немесе бірнеше елдердің) тұрғындары ауруға шалдықса, эпидемиялық инфекция деп атайды (мысалы, грипп, тырысқақ аурулары тарағанда).
Эндемиялык инфекция тиiстi географиялык жерлермен шектеледі, өйткені, қоздырғыш сол жердегі жануарлар түрлерінің арасында айна лымда болады (бруцеллез, оба, туляремия).